Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаев Қоры қазақстандық жас ғалымдарға арналған ғылыми гранттар байқауын жариялайды


 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаев Қоры қазақстандық жас ғалымдарға арналған ғылыми зерттеулерге келесі бағыттар бойынша гранттар байқауын жариялайды:

— Физика, математика, инженерлік ғылымдар;

— Экология, Жер туралы заңдар, ауылшаруашылығы ғылымдары;

— Химия, технология, техникалық ғылымдар;

— Медицина және биология;

— Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

— Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы рөлі туралы.

Байқаудың мақсаты – жоғары деңгейдегі инновациялық әрі әлеуметтік маңызға, импорт алмастырушы әлеуетке ие Қазақстандағы жас ғалымдардың болашағы зор ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету.

Байқауға ғылыми дәрежесі бар, ғылыми зерттеулерге белсенді атсалысатын (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесіндегі қызметкерлер), Қазақстан азаматы әрі 40 жастан аспаған ғалымдар қатыса алады.

Толық ақпарат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаев Қорының сайтында: https://fnn.kz/kz/news/642.

 

 

 

Без рубрики