Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақ даласының жыршысы» поэзия сағаты өткізілді


Орыс тілі және мәдениеті кафедрасы тұтас халықтың өмір тарихы бейнеленген халық шығармашылығының сарқылмас байлығының иесі, халық поэзиясының данышпаны, суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған поэтикалық сағат өткізді. Кеңес дәуіріндегі өмір туралы шынайы өлеңдерді шығарушы шығармашылық тұлғаның жарқын бейнесі — өз Отанына шексіз қызмет етудің нағыз символы болды. Ауызша поэтикалық шығармашылықты қазіргі заманғы сөз өнерімен үйлестіре білген оның шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

TEAMS платформасы негізінде онлайн форматта өткен іс-шараны кафедра доценті Насырова А. Б. және аға оқытушы Тусупбеков А. С. ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — ұлы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығының үлгісінде белсенді өмірлік ұстанымды, патриоттық сезімді, туған өлкені мақтан тұтуды, қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен мұраларына жанашырлыққа тәрбиелеу.

Іс-шараға университеттің түрлі мамандықтардағы 1 курстың 56 студенті және кафедра оқытушылары қатысты.

Қатысушылардың назарына Жамбыл туралы бейнефильм ұсынылды, онда отандық ғалымдар, ақындар, саяси қайраткерлер естеліктерімен бөлісті, ақын тұлғасының қазақ поэзиясында алатын орны туралы айтылды.

Іс-шараның жүргізушілері ретінде АРХ-20-2 тобының студенттері Мүбиин Гүлзат пен Тендикова Арина сөз сөйлеп, қатысушыларды Жамбыл өмірбаянының маңызды фактілерімен және оның шығармашылығының әртүрлі кезеңдеріндегі аса маңызды көркем шығармаларын олардың тақырыбы мен идеялық мазмұнын аша отырып таныстырды.

Студенттер Жақбаева Ғазиза (АРХ-20-1), Қайролла Ақбаян (Э-20-1), Апендина Аманжан (ТЭ 20-1) туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін жырланған Жамбылдың өлеңдерін оқыды.

Қазан төңкерісі Жамбылға жаңа өмір сыйлады. Бұл кезеңдегі шығармалары қазақ халқының жарқын болашағына, бақытты тағдырына деген сеніммен ерекшеленді. Сол уақыттың рухын келесі студенттер жеткізе білді: Оңғарбаев Асылбек (МАШ-20-2), Сейлхан Әмина (ПСК-20-1), Байжұманов Нұрлан және Ерлан (ГД 20-1).

Соғыс жылдарында Жамбылдың таланты ерекше қуатқа ие болды. Дәл сол кезде оның «Ленинградтық өренім» атты шығармасы қоршаудағы Ленинград тұрғындарының жүрегіне үміт ұялатқан жолдау болды. ГПР 20-1 тобының студенті, жас ақындар арасында «Дүниеге келер әлі талай Қасым» поэтикалық кешінің жеңімпазы Агзамов Елдос бұл өлеңді ерекше толқумен оқыды.

Жамбылдың шығармалары күні бүгінге дейін жадымызда сақталып келеді, мұны студенттердің ақын шығармашылығына деген шынайы қызығушылығы айғақтайды. Қазіргі жастардың оларды білуі, оқуы және әсерленуі көңілге қуаныш сыйлап, ұлы ақынның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады деген үміт ұялатады.

 

 

 

Без рубрики