«Қазақтелеком» АҚ кафедра оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасының меңгерушісі В. В. Югай және аға оқытушысы Е. А. Сәрсенбаев «Қазақтелеком» АҚ ТБО қызметкерлеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлерге қашықтықтан оқыту және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура, докторантура) туралы ақпараттық буклеттер таратылды. Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарының санын арттыруда. Атап айтқанда, ҚарМТУ бакалавриаттың 46 білім беру бағдарламасы және магистратураның 16 білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау жүргізеді. «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасы «Қазақтелеком» АҚ басшылығымен тығыз байланыста және жыл сайын кафедра түлектері жұмысқа орналасып, ұйым филиалдарында кәсіби тәжірибеден өтеді.  Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық үшін алдағы жоспарлар әзірленді.

 

 

Без рубрики