2022 жылдың 24 ақпанында Қарағанды техникалық университетінің базасында «Сауатты болу – бүкіл бір әлемді ашу!» атты тілдік кросс өтеді


Құрметті әріптестер!

2022 жылдың 24 ақпанында Қарағанды техникалық университетінің базасында «Сауатты болу – бүкіл бір әлемді ашу!» атты тілдік кросс өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: орыс тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі  Оспанова Б.Р., жауапты оқытушылар: Тен А.В., Тимохина Т. В., Азимбаева Ж. А., Докучаева Н.В.

Қатысу нысаны – күндізгі

Өтетін орны мен уақыты – I корпус, 530 аудитория, 15:00.

Қамтылуы – 80-100 адам

Іс-шараның мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау, студенттердің орыс тілін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім алушылардың тілдік ой-өрісін кеңейту.

Міндеттері:

— білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін жағдай жасау;

— шығармашылық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау;

— студенттердің ғылым ретінде лингвистикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тілдік кросс » Сауатты болу – бүкіл әлемді ашу!»мемлекеттік тілде оқытатын 1-3 курс студенттері арасында өтіп, сауаттылық мәселелеріне назар аударуға және білім алушылардың коммуникация мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

Тілдік кросстың қатысушыларына грамматика, стилистика, орыс тілінің мәдениеті, сөйлеу этикеті және т.б. бойынша түрлі күрделіліктегі тапсырмалар ұсынылады.

Бұл іс-шара адамдар мен қоғам өміріндегі сауатты сөйлеудің маңыздылығын, ауызша және жазбаша әдеби тілдің нормаларын (айтылу, пайдалану, грамматика, екпін, стилистика ережелері) білу қажеттілігін еске салуға арналған.

Іс-шара үйлестірушілері:

Тен Аксана Валериевна

Тимохина Татьяна Владимировна

Әзімбаева Жанат Амантайқызы

Докучаева Наталья Валентиновна

Тел.: 87013695940, 87014160747, 87017696260, 87013985231.

 

Без рубрики