14 қазан 2019ж. тәрбиелік іс-шара «Тіл фестивалі-білім мен кәсіби дағдылар қазіргі Қазақстанның негізгі бағдары ретінде» байқауы өткізілді


Шет тілдер кафедрасы

14 қазан 2019ж. 1 корпус 613 ауд

тәрбиелік іс-шара өткізілді .

«Тіл фестивалі-білім мен кәсіби дағдылар қазіргі Қазақстанның негізгі бағдары ретінде» байқауы.

Басты мақсаты: болашақ мамандардың мәдениаралық құзыреттілігін, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Тәрбиелік іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді: Ұлы даланың 7 қыры.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы барлық қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен жаһандану сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жандандыруға, қоғамдық сананы жаңғырту, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығы культін танымал етуге бағытталған. Бұл қасиеттер қазіргі заманғы қазақстандықтың негізгі бағдарына айналуы тиіс.

Іс-шараға жауаптылар:кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., доцент Джантасова Д. Д., тәрбие жұмысына жауапты Изотова А. С., кафедра оқытушылары Изотова А. С., Ботаева А. У., Жданова Э. А., Сагадиева К. К., Тентекбаева Ж. М.

Аяқтау көрсеткіші: Жаңа гуманитарлық білім алу, шет тілі мен ана тілдерін білу.

Іс-шараға қатысушылар 1-ші және 2-ші курс студенттері.

Іс – шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде интерактивті зияткерлік ойын түрінде өткізілді.

Қазылар алқасы кафедра оқытушылары болды: ИЯ Несипбаева Н.Е., Жданова Э.А., Сагадиева К.К.

Жеребе тастаудан кейін қатысушыларды 4 топқа бөлді.

Студенттер 3 тіл білімі мен біліктілігін көрсете отырып, сұрақтарға белсенді және үлкен қызығушылықпен жауап берді.

Қазылар алқасы ұпайларды санап, жеңімпаздарды таңдаса, көрермендер мен қатысушылар алдында 1 курс студенттері Азат Заңгар (ҚКҚ 19-1) және Исабаева Еркежан (гр.ЦАФ 19-1) қазақ тілінде өлең айтты.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын:

Курманов Токтар (ГПР 19-1), Сакей Айжан (ГПР 19-1), Егiнбай Бiржан (ГПР 19-1), Иманкалова Назерке (ЦАФ 19-2)

2 орын:

Жанибекова Асель (ВТ 18-4), Бекенева Елена (ВТ 18-4), Есенбаева Толкынай (ГПР 19-1), Кали Ержан (ГПР 19-1)

3 орын:

Акбергенова Роза (ГПР 19-1), Сейтмуханов Бауыржан (ЦАФ 19-2), Фомин Артемий (БТ18-4), Газиева Анель (ЦАФ 19-2)

Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.

 

 

Без рубрики