 |
|
 |
| Университет |
|
|
Ректорат
 |
Ғазалиев Арстан Мауленұлы - ректор,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі,
химия ғылымдарының докторы (2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін).
|
Университетті ректор проректорлармен, декандармен,
кафедра меңгерушілерімен, түрлі қызмет және бөлімше бастықтарымен,
оқытушылардың және қызметкерлердің кәсіподақ ұйымымен, студенттердің
кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста басқарады.
Негізгі басқару органы – Ғылыми кеңес. Кеңестің
төрағасы ректор болып табылады. Оның басшылығымен ғылыми-техникалық
кеңес және инженерлік білім беруді гуманитарландыру бойынша кеңесі де
жұмыс істейді.
Ректорға жалпы университеттік қызметтері – есепшілік
бөлімінің, кадрлар бөлімінің, маркетинг тобының, әскери-жұмылдыру
бөлімінің, «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінің бастықтары,
декандар, кафедра меңгерушілері тікелей бағынады.
Оқулық, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, тәрбиелік,
әкімшілік қызметтерді бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор,
ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор,
оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі проректор, әкімшілік-шаруашылық
жұмысы жөніндегі проректор басқарады.
 |
Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы –
бірінші проректор (2004 жылдан бастап қазіргі таңға дейін) т.ғ.д,
профессор, ХАА академигі, ЖМ ҒА корр-мүшесі.
|
Мамандар дайындығының сапасында көшбасшылықты және Қ
азақстан Республикасы мен шетел елдерінің еңбек нарығында олардың
қажеттілігін қамтамасыз ететін университеттің және оның құрылымдық
бөлімшелері қызметінің салаларының стратегиялық даму тұжырымдамаларын
іске асыру бойынша программаларды, жобаларды әзірлеуге жетекшілік
етеді, олардың орындалуын қадағалайды.
Университеттің жоғары имиджін құру бойынша құрылымдық
бөлімшелердің қызметін ұйымдастырады, университеттің оқулық,
оқу-әдістемелік қызметін жалпы қадағалауды іске асырады.
Студенттерді, магистранттарды қабылдау бойынша
кәсіптік бағыттағы жұмысқа және түлектердің жұмыспен қамтамасыз
етілуіне жеке жауапкершілік әкеледі.
Факультеттерді, кафедраларды және бірінші проректорға
бағынатын басқа да құрылымдық бөлімшелерді жалпы басқарады.
«Офис-тіркеуші» қызметін бақылауды іске асырады,
эдвайзерлердің құрамын, міндеттерін бекітеді.
Ректорға бекітге кафедралардың ПОҚ штаттық кестесін,
оқулық жүктемені және сағаттық қорды бөлуді ұсынады, олардың орындалуын
қадағалайды.
Академиялық топтардыңғағымдардың құрамын; сабақ,
емтихан, соның ішінде мемлекеттік, бакалавриат және магистратура
бойынша емтихан тапсыру кестелерін, біліктілікті жоғарылату курстарының
кестесін бекітеді.
ҚР Б және ҒМ комиссияларының және басқа
ведомстволардың жұмысын (аккредитация, аттестация, лицензиялау, МАБ,
МАК, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, тапсырыстар және т.б)
қамтамасыз ету бойынша университеттің құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін басшылыққа алады.
Мамандықтардың тізімін оңтайландыру, бөлімшелердің
құрылымын өзгерту, олардың міндеттері мен мақсаттарын қайта үлестіру
бойынша ұсыныстар жасайды.
Мамандардың дайындығын қамтамасыз ететін құрылымдық
бөлімшелердің қызметін талдайды, оқу процесін, студенттердің
практикалық дайындығын ұйымдастыру, мамандар дайындығының сапасын
жоғарылату бойынша ұсыныстар береді.
Кәсіпорындар мен мекемелердің университет түлектерін
талап етуін жоғарылату бойынша шараларды әзірлейді.
Университеттің ОӘК, комиссиялардың, жұмыс топтарының
қызметін Ғылыми кеңесте және басқа кеңестерде, мәжілістерде қарастыру
үшін басқарады.
Магистрларды дайындау бойынша кафедралардың қызметін
басқарады.
Оқытудың барлық түрлері мен мерзімдері бойынша
бакалавриатураға, магистратураға қабылдауды қамтамасыз ету бойынша
университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады.
«Кадрлар» Программасын іске асыруды басшылыққа алады.
ПОҚ қызметіне сайлау бойынша конкурстық комиссиясын
басқарады.
Факультеттердің, кафедралардың, ПОҚ қызметін
рейтингтік бағалау бойынша комиссиясының қызметін басқарады.
Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінде
«Білім туралы заңын», «Тіл туралы заңын» іске асыруды, іс жүргізуге
қазақ тілін енгізуді басшылыққа алады.
Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің қазақ тілін
оқу бойынша курстарды ұйымдастырады және жұмысын қадағалауды іске
асырады.
Материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша
Программаларды іске асыруға басшылық етеді.
Университет комиссияларының және ҚР Президентінің
стипендиясын және басқа да атаулы стипендияларды тағайындау бойынша
комиссиялардың қызметін басқарады.
Бакалавриат және магистратура бойынша мемлекеттік
аттестаттау және мемлекеттік емтихан қабылдау комиссияларының құрамын
бекіту туралы бұйрықтардың уақытында дайын болуын қамтамасыз етеді және
студенттер мен магистранттардың қорытынды аттестациясын жүргізуді
қадағалайды.
Студенттерді, магистранттарды және оқушыларды МАБ
және қорытынды аттестацияға дайындау кезінде оқытудың барлық түрлері
бойынша студенттер мен магистранттардың білімін бақылаудың жаңа
түрлерін енгізуді қадағлайды.
Университеттің білім беру қызметтерінің, соның ішінде
ақылы негізде білім берудің тиімділігін кеңейту және жоғарылату бойынша
ұсыныстарды әзірлейді.
Университеттің ПОҚ кәсіпорындарда, мекемелерде,
жоғары оқу орындарында біліктілігін жоғарылату, дайындау және қайта
дайындау бойынша, сонымен қатар педагогикалық шеберлікті жоғарылату,
оқу процесіне инновациялық технологияларды және оқыту әдістемелерін
енгізу бойынша жоспарларды, графиктерді бекітеді және орындалуын
қадағалайды.
ПОҚ мен қызметкерлерінің, студенттердің, оқушылардың
мамандар дайындығын жүргізетін барлық құрылымдық бөлімшелерде қауіпсіз
еңбек жағдайларын құру бойынша шаралардың орындалуына бақылау
жүргізеді.
ЖОО, соның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарының
арасында студенттермен алмасу мүмкіндігін талдайды және бағалайды.
Факультеттерге, кафедраларға және бірінші проректорға
бағынатын барлық құрылымдық бөлімшелерге жаппай міндетті өкімдер мен
бұйрықтар шығарады.
СМЖ қызметі саласында СМ және МО жұмысын қадағалауға,
сапа жөніндегі Басшылықты дайындауға және түзетуге жауапты және
Ректорға СМЖ қызметін талдау және бағалау үшін барлық қажет
мәлімтеттерді уақытында ұсынады.
Ректор жоқ кезде (сырқаттану, демалыс, іс сапар және
т.т.) орнын баса тұрады және оның міндеттерін атқарады.
|
Портнов Василий Сергеевич - ніндегі
проректор, т.ғ.д, профессор (2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін)
|
Оқу ісі жөніндегі проректор:
Мамандар дайындығының жоғары деңгейін және олардың
Қазақстан Республикасы мен шетел елдерінің еңбек нарығында талап
етілуін қамтамасыз ететін программаларды іске асыру бойынша шараларды
әзірлейді және қадағалайды.
Құрылымдық бөлімшелердің оқу жұмысын ұйымдастыру және
мамандар дайындығының сапасын, олардың ЖКБ мамандықтарының
стандарттарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету бойынша
қызметін басқарады.
Мамандар дайындығының сапасын бағалау әдістерін іске
асырады және студенттер үлгерімінің мониторингісін басқарады.
Факультеттердің, кафедралардың жұмыс жоспарларының,
университеттің, колледж және техникалық лицейдің ПОҚ жеке оқу
жоспарларының орындалуын қадағалайды.
Оқу процесі графигінің, сабақ, емтихан тапсыру
кестелерінің орындалуын қадағалауды іске асырады және бакалавриатураның
МАК жұмысын ұйымдастарды және қадағалайды.
Факультеттердің, кафедралардың және басқа да
құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағалау әдістемесін басқарады.
КТТО қызметін басқаруды іске асырады.
Кафедралардың, факультеттердің оқу-әдістемелік
конференцияларын ұйымдастарады.
Басшылықпен келісіп, оқу процесін ұйымдастырудың
тиімділігін, мамандар дайындығының сапасын жоғарылатуды және
университеттің оқу қызметімен байланысты басқа да мәселелердің шешілуін
қамтамасыз ететін комиссиялар, шараларды талдау, әзірлеу бойынша
комитеттерді құрады.
ОӘК төрағасы орынбасарының міндеттерін орындайды,
Ғылыми кеңесте және басқа кеңестерде қарастыру үшін материалдардың
дайын болуын қадағалайды.
Бакалавриаттың оқу процесін оқу-әдістемелік
қамтамасыз етуді қадағалайды.
Факультеттердің, кафедралардың, ПОҚ қызметін талдау
бойынша материалдардың дайындығын басшылыққа алады.
Оқу процесіне прогрессивті оқыту технологияларын
енгізуді (соның ішінде кредиттік, ақпараттық, аралық), бакалаврларды
дайындау бойынша сындық программаларды іске асыруды басқарады.
Университет кафедраларының оқу жұмыс жоспарларын
орындауын; кадрлық, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілудің,
материалдық-техникалық жабдықталудың барлық оқу түрлері мен тілдері
бойынша «Білім туралы Заңына», МЖМБС, лицензиялау Ережлеріне және т.б
нормативтік құжаттарға сәйкес келуін қадағалайды.
ҚР Президентінің стипендиясына, атаулы стипендияларға
тағайындауға ұсыныстарды қалыптастырады, студенттерді әлеуметтік қорғау
бойынша төлемдерді бақылайды.
Ақылы негізде білім беру қызметтерінің көрсетілуін,
соның ішінде «жазғы семестр» кезеңінде, әр түрлі курстарда қадағалайды,
олардың тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды әзірлейді.
Студенттердің практикалық дайындығын ұйымдастыруды
және олардың тиімділігін бақылауға алады.
Оқу процесін ұйымдастырумен байланысты және мамандар
дайындығын іске асыратын бөлімше қызметкерлерінің барлығына бірдей
міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
Талдау жүргізеді және оқу ісінің барлық түрлері
бойынша ректордың алдында есеп береді.
 |
Низаметдинов Фарит Камалович –
ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д,
профессор (2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін)
|
Университеттің ғылыми және ғылыми-өндірістік
қызметінің барлық түрлерін басқару іске асырылып жатыр.
Университетте инженерлік және ғылыми кадрларды
даярлаудың сапасын жақсартумен тығыз байланысты ғылымның перспективалық
даму бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлейді және іске асырады.
Университеттің ғылыми бөлімшелерінің қолайлы
құрылымын қалыптастырады.
Профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу
жұмысын үйлестіреді және қадағалайды.
Ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми және қаржы қызметін
және университеттің құрылымына кіретін ғылыми (оқу-ғылыми) орталықтарды
қадағалауды іске асырады.
Университет атынан ғылыми-зерттеу, конструкторлық
және ғылыми сипаттағы басқа да жұмыстарды орындауға келісім-шарттарға
отырады.
Ғылыми жұмыстарды орындайтын ғылыми және
ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселелерін шешеді.
Аспирантура, докторантура және доценттерді докторлық
диссертацияларын аяқтау үшін аға ғылыми қызметкерлерге көшіру негізінде
жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін құруды
және қызмет етуін басшылыққа алады.
Аспирантурада, докторантураға қабылдау және оқудан
шығару, аспиранттарға стипендия тағайындау туралы бұйрықтарға қолын
қояды.
Диссертациялық кеңестерді құру және іске қосу бойынша
жұмысты ұйымдастырады, ҚР ЖАК бірлесіп ғылыми кадрларды аттестаттау
бойынша мәселелерді шешеді.
Сабақтан тыс уақытта студенттердің оқу-зерттеу және
ғылыми жұмысын үйлестіреді және қадағалайды.
Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық,
конференцияларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
Университет еңбектерін шығаруды ұйымдастыру
мәселелерін шешеді.
Министрліктердің, жоғары органдардың және басқа да
мекемелердің ғылыми және ғылыми-өндірістік қызметі бойынша сұратуларына
есептік материалдар мен жауаптардың әзірленуін ұйымдастырады.
Академиялармен, ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу
институттарымен және басқа да ғылыми және өндірістік мекемелермен
ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша жұмысты үйлестіреді.
 |
Пак Юрий Николаевич –
оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д, профессор (1994
жалдан бастап қазіргі таңға дейін)
|
Оқу-әдістемелік Кеңесі төрағасының орынбасары
міндетін атқарады.
ОӘБ Кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, бірлестікке
кіретін барлық ЖОО тығыз байланыста ОӘБ қызметін тікелей басқарады.
Дайындықтың барлық бағыттары бойынша ОӘБ Кеңесінің
жеке құрамын қалыптастарды және түрлі ұсыныстар әзірлейді. Жылсайын ОӘБ
Кеңесінің мәжілістерін ұйымдастарды.
Мамандар дайындығының сапасын жоғарылату, үздіксіз
білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында
оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды.
Жоғары білім бері стандарттарын, типтік оқу
жоспарларын және оқу бағдарламаларын үйлестіреді және әзірлейді.
Қазақстан Республикасының ЖОО-да жаңа мамандықтарды
ашу бойынша ОӘБ қорытындыларын сараптау және шығару бойынша жұмысты
үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмысы саласында озық тәжірибені
зерделейді және таратады. Мамандықтардың жиынтығы бойынша ұсыныстарды,
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің сұратулары
бойынша материалдарды дайындайды.
Редакциялық-баспа бөлімінің, баспа-көбейту
шеберханасының, азаматтық қорғаныс штабының жұмысын қадағалайды және
жетекшілік етеді.
 |
Хамимолда Бауржан Жексембекұлы –
тәрбие ісі жөніндегі проректор т.ғ.д (2002 жылдан бастап қазіргі таңға
дейін)
|
Тәрбие ісі жөніндегі проректор студенттік топтарда
тәрбие жұмысын ұйымдастаруға тікелей жауапкершілік әкеледі.
Салауатты өмір салтын жүргізу бойынша алдын алу және
насихаттық жұмыстарын жүргізеді. Студенттер мен қызметкерлердің бос
уақытын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды.
Студенттермен тәрбие жұмысы бойынша сабақтан тыс
шараларды, теориялық және практикалық конференцияларды ұйымдастарады
және олардың өтуін қадағалайды.
Университеттің жастар ісі жөніндегі Комитетін,
кураторлар кеңесін, студенттерді құқықтық тәрбиелеу бойынша Кеңесті
басқарады.
Студенттер мен қызметкерлердің оқу корпустарында
тәртіп сақтау, ҚарМТУ аумағын тазарту және көркейту бойынша жалпы
қалалық және университеттік шаралар мен жұмыстарға қатысуын
ұйымдастырады.
Университеттің шетелдік студенттерімен тәрбие жұмысын
жүргізуді ұйымдастырады және қадағалайды.
Студенттердің жатақханаға орналасуын, олардың
жатақханада тұру ережелерін сақтауын қадағалайды.
Қазақстан Республикасының «ҚР жастар саясаты туралы»
Заңын басшылыққа алады және іске асырылуын қадағалайды.
|
Досмагамбетов Булат Шайхынович -
әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректор (2008 жылдан бастап
қазіргі таңға дейін)
|
Әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректор:
 - ӘШЖ бөлімшелерінің қызметін жалпы басқаруды іске
асырады;
 - электрлік, сантехникалық, гараж және ӘШБ басқа
да объектілерінің қызметі бойынша жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату
туралы жеке еңбек шартын бекітуге қатысады;
 - өрт қауіпсіздігі жөніндегі комиссияларының, су
құбырын пайдалану, жылумен қамтамасыз ету және канализация, электрлік
және телефон желісі қызметтерінің жұмысын басқарады;
 - материалдық-техникалық базаның сақталуын,
санитарлық-гигиеналық және дұрыс жағдайын, оқу корпустарын,
аудиторияларды, тұрмыстық және шаруашылық объектілерді, демалыс
зоналарын, жасыл алаңдарды күрделі және ағымдық жөндеуді қамтамасыз
етеді;
 - аудиториялық қордың және жатақханалардың жаңа
оқу жылына дайындығын іске асырады;
 - оқулық, әлеуметтік және тұрмыстық бағыттағы жаңа
объектілердің құрылысына техникалық бақылауды іске асырады,
объектілерді жабдықпен және материалдармен қамтамасыз етеді;
 - мердігерлік мекемелермен орындалатын жөндеу
жұмыстарының сапасына техникалық бақылау жүргізеді;
 - институтты материалдармен, мүлікпен, жиһ азбен,
кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді;
 - ӘШБ қызметкерлерінің арасында еңбек тәртібінің
және ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді бақылайды;
 - университеттің автокөлік жұмысын қадағалайды
және ұйымдастырады;
 - қауіпсіздік қызметінің жұмысын бақылауды іске
асырадыо;
 - коммуналдық қызметтерге шаруашылық
келісім-шарттар жасасады және олардың орындалуын қадағалайды.
 |
|
|
|
|
|
©
2006
"Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті"
Design by KSTU |
Мекен
жайi: 100027, Казахстан,Караганда, Бульвар Мира-56
Телефоны: (7212) 56-44-22 (қабылдау комиссиясы)
E-mail: pk@kstu.kz (приемная комиссия), kargtu@kstu.kz |
|
|
|