Қоғамдық-тәрбиелік қызмет
Қазіргі
заманғы қоғамда
инеженердің ролі әжептәуір үлкен және алдағы өмірде одан әрі арта түседі. Н. Назарбаев өзінің
«Қазақстан
- 2030» халыққа жолдауында
былай деп белгілейді: басқармаға
басымды мақсаттар мен
міндеттерге жету үшін жеңді түріп қоя жұмыс істеуге қабілетті және дайын технократтар келуі керек. Әрі
қарай Нұрсұлтан
Әбішұлы іріктеудің
басты критерийлері мен кадрлардың
жоғарылауы
– профессионализм, отан сүйгіштік,
ұзақ мерзімді
міндеттер қою қабілеттілігі және оларды жаңа шарттарда шеше білу туралы
айтады. Сонымен қатар әрбір
басшы және маман басқарудың негізге алынатын ресурсына
– адамзаттық капиталға ұқыпты қарауға
міндетті.
ЖОО
профессорлық-оқытушылар
ұжымы
студенттерге тек терең
білім беріп қана қоймай, сонымен бірге отан
сүйгіштікке, Қазақстанды,
оның Коституциясын,
туын, әнұранын, елтаңбасын
құрметтеуге
дағдаландырады. Осы бағытта
қоғамдық ұйымдар,
шығармашылық бірлестіктер
және ғылыми-техникалық
орталықтар жемісті жұмыс жасайды.
Студенттік
жастарды тәрбиелеу мәселелерімен
үнемі
Кураторлар Кеңесі айналысады. Оның құрамына барлық факультет декандарынан
басқа
кәсіподақтық және
жастар ұйымдарының
өкілдері, колледж және
лицей директорлары, кітапхана
меңгерушілері кіреді.
Кураторлар
Кеңесі студенттер арасындағы
тәрбие жұмысын күшейтуге бағытталған шаралар
өткізеді; студенттер мен оқытушылар
арасында өзара түсінісушілікті
үйлестіреді;
тұрмыстық жағдайларды,
мәдени бос уақытты,
студенттерге медициналық
қызмет көрсетуді
жақсарту; ЖОО дене шынықтыру мен спорттың
дамуы, сәйкес материалды базаның нығаюы бойынша шаралар қолданады.
Соңғы
жылдары студенттердің
құқықтық оқытылуына, құқық
бұзушылықтың алдын
алуға, жастардың
рухани шығармашылық
потенциалын дамытуға және
іске асыруға
көп
көңіл
бөлінеді. Идеологиялық
әсер етудің
басты мақсаты – Қазақстанда
терең
ұлттық дәстүрлерге
және жалпы
адамзаттық құндылықтарға
сүйенетін
құқықтық демократиялық қоғамның
құрылысын, казақстандықтардың
рухани, өнегелі бірігуін қамтамасыз
ету.
Осы мақсатпен ЖОО құқық
бұзушылық тәрбиесі және алдын алу бойынша Кеңес
құрылды. Кеңеспен
өткізілетін шаралар жүйесі құқықтық
білімдер мектебінен, құқықтық
тақырыптағы
әңгімелесулер ұйымдастырудан,
құқықты түсіндіруден,
жаңа заңдар
туралы түсінік беруден, «дөңгелек
стөлдер», заңды
білуге диспуттар өткізуден,
семинарларда, кураторлық сағаттарда,
оқу-әдістемелік коференцияларда
ақпараттық құқықтық
бюллетендерді шығару
мен талқылаудан тұрады. Құқықтық
білімдерді тарату процесі жалпы заңгерлік
мәдениетті өсуіне,
студенттердің білімдарлығына
қызмет етеді.
Тәрбие
жұмысында жеткілікті түрде құқық,
құқықбұзушылықтың
алдын алу мәселелерінде барлық аспектілерін түсіндіретін,
салауатты өмір сүруді, туған өлке – Сарыарқаға деген махаббатты, халықтар бірлігін насихаттайтын құқық
сақтау органдары мен
прокуратура қызметкерлерін, әр
түрлі бейіндегі дәрігерлерді, жазушылар
мен композиторларды студенттермен
кездесуге шақыру практтикасы нақты шара болды. Жергілікті прозаиктармен және ақындармен кездесулерде
бірнеше рет Қазақстанның
бірінші ғалымы Шоқан Уәлихановтың
ұлы жазушы
Федор Достоевскиймен; ұлы
Абад Құнанбаевтың
Семейге жіберілген Евгений Михаэлиспен,
геолог, республиканың
ҒА бірінші
Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің геолог, академик Михаил Петрович Русиновпен достығы туралы айтылды.
Адам
жүрегіндегі
жоғары шығармашылық
бастамаларды тәрбиелеуге әр
түрлі
конференциялар, сұрақ-жауап
кештері жағымды әсер береді. Қазақстанның
данышпан
ұлы, белгілі
ғалым-геолог Қ.И. Сәтпаевтің
туғанына 100 толуына арналған техникалық университеттегі
Халықаралық
ғылыми конференция барлықтарының
есінде қалды. Мұнда ТМД 24
ЖОО және
18 ғылыми-зерттеу институттарының
өкілдері қатысты.
Қаныш
Имантайұлының бірнеше
рет Орталық
Қазақстанда болғаны
мәлім. 1958 жылы ҚазКСРО ҒА көшпелі сессиясы кезінде ғалымдар тобымен біздің институтқа
келді. Осы қызықты кездесу ткраы материалдар,
сол кезде
ҚазКСРО ҒА президенті лауазымын атқарған
Қ. Сәтпаевтің
сөйлеген сөзінің
мәтіні «За
политехнические знания» газетінің үшінші нөмірінде «Бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр» деген атпен жарияланды.
Осы
көп
таралымды нөмірдің сарғайған
беттері әлі күнге дейін жиналған материалдар бойынша
техникалық университеттің мұражайында
сақталады. Осында және тек қана осында, мысалға, біздің бірінші
Президентіміз жас Нұрсұлтан Назарбаевтің
политехникалық институтта
оқығаны жөнінде
түп нұсқалық
құжаттар көруге
болады. Мұражайда университеттің
қалыптасу
тарихынан барлығы бес
мыңнан астам экспонаттар.
ЖОО
кітапхананың
біздің студенттерді тәрбиелеу
ісінде атқаратын үлкен ролін
айтпай
кетпеуге болмайды. Политехникалық
институттың бұрынғы
ректоры, ірі ғалым, Социалистік еңбек ері Әбілқас Сағынұлы
Сағынов өзінің
«О пройденном пути» кітабында былай
деп жазады:
«Барлық білім саласына, әдебиетке,
өнерге бағытталу үшін тау-кен инженері үнемі өзінің мәдени деңгейінің
жоғарылауын қамқорлыққа алуға
міндетті».
 |