|
1992 жылы ҚарМТУ-да дайындық бөлімі базасында ЖОО
дейінгі дайындық факультеті ашылды, оның мақсаты –
талапкерлер дайындығының деңгейін жоғары оқу
орнына түсу үшін жеткілікті деңгейге дейін жоғарылату,
болашақ студенттердің негізгі дайындығын жақсарту,
нақты ғылымдарға бейім студенттердің
құрамын қалыптастыру процесінің тиімділігін жеделдету. Біздің
факультет көптеген жастарға жоғары оқу орнына
түсу кезінде сенімділік беріп қана қоймай, сонымен бірге
ТҰТ сәтті өтуге мүмкіндік береді.
Соңғы екі жылдағы жұмыстың
тәжірибесі көрсеткендей, ЖОО дейінгі дайындық факультетін
бітірушілердің 95-97%-і студенттер атанды және университетте
табысты оқып жүр.
Факультетке
орта білімі бар тұлғалар, сондай-ақ орта мектептердің,
гимназиялардың 11 класс оқушылары және колледждердің
бітіруші курстарының оқушылары қабылданады.
Сабақ
1 қазаннан бастап 10 маусымға дейін екі ауысымда, тыңдаушылар
үшін
ыңғайлы сағаттарда – 9.00-дан немесе 15.30-дан бастап
өткізіледі.
ЖОО
дейінгі дайындық факультетінде бірнеше кезеңдерде ашылатын,
дайындық курстары ұйымдастырылған:
8 айлық курстар –
1 қазаннан басталады;
5 айлық курстар –
5 қаңтардан басталады;
3 айлық курстар – 10 наурыздан басталады.
Декан: Рыжкова Нина Павловна
Біздің мекен-жайымыз: 100027,
Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56,ІV
оқу корпусы, сол жақ қанаты, екінші қабат, тел.
56-78-38
 |