Басты   Қызметтер   КТТО   Кітапхана   Газет   Фотогалереясы   Форум   Почта   Сайт туралы  

 

 

 
Жаңашылдық жобалар
Университеттің ғылыми қызметін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Ғылыми зерттеулердің дамуы және негізгі бағыттары
Салалық зертханалар
Аспирантура Магистратура
ҚарМТУ техникалық білім берудің концептуалды моделі
Оқу процесін нормативті-құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі
ҚарМТУ бірыңғай ақпараттық ортасы

Ғылыми қызметі

Қарағанды техникалық университетіндегі ғылыми-зерттеу қызмет оқу процесімен үнемі байланыста және  профессорлық-оқытушылар құрамымен, аспиранттармен, студенттермен, инженерлермен және оқу-тәрбие персоналымен жүргізіледі. Университетте қалыптасқан ғылыми мектептер және ғылыми ұжым бойынша негізгі ғылыми бағыттар анықталды:
- машинажасау және гидрокөтергіштік импульсті техникасы бойынша (КМ және Ж, ҚЖМ, МТ, ҚӨМ және МК, ТМ кафедраларының жанындағы ҒЗЗ)
- пайдалы қазбаларды өндіру технологиясы (ПҚКӘ, Ш және ЖҚ кафедраларының жанындағы ҒЗЗ)
-
Өнеркәсіптік және кен кәсіпорындарының көліктік жүйелеріне (ӨК, АЖЖ, ГЭ кафедраларының жанындағы ҒЗЗ)
- программалық-ақпараттық қамтамасыз етуді ( ӨПА, ААЖ, АЕТ, МТ, АЖЖ   кафедралары жанындағы ҒЗЗ).

 Негізін  салушылары      көрнекті  ғалымдар:    ҚР   ҰҒА        академигі Ә.С. Сағынов,  ҚР ҰҒА коррсепондент-мүшесі И.И Попов, М.А. Ермеков,  А.Г.  Лазуткин,   сонымен    қатар   ғылым   докторлары,    профессорлар   Г.Г. Пивень, И.А. Янцен,  Ю.Н. Пак, С.С. Квон,  Н.Ф. Гращенков,  А. Н. Данияров, В.Ф. Бырька, Д.Н. Ешуткин, С.С. Жетесов, П.Б. Степанов, А.Н.Шпиганович, Е.И. Глузберг, Ю.А. Векслер және т.б болып табылатын ірі ғылыми мектептер қалыптасты.

Орындалатын ҒЗЖ өзіне тән сипаты негізгі теориялық зерттеулерге бағытталу болып табылады. Машинажасау саласында маңызды жетістік болып ҚР Ғылым академиясының – Ғылым министрлігінің «Машинажасаудың ғылыми-техникалық проблемалары және жоғары тиімді машиналар мен аппараттарды жасау»  ҒТП басты салааралық ұйым ретінде мойындау болып табылады.

 ҚР ҒМ ҒА құрылған «Қазақстан Республикасының машинажасау кешенінің дамуын болжау» арнайы ғылыми бөлімшесінің ғалымдар ұжымы (университет ректоры, ҚР ЖҒА академигі, ҚР ЖМ ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., проф. Г.Г. Пивень; университеттің ҒЗЖ жөніндегі проректоры, ҚР ЖҒА академигі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т.ғ.д., проф. И.А. Янцен, т.ғ.д., доценттер И.И. Царев, А.Б. Клок, О.Г. Савчак, И.П. Падиарова, А.П. Ищенко, В.А. Кравченко, В.М. Смирнов), Қазақстан Республикасының бірден-бір компьютерлік мәліметтер базаын және машинажасау кешенінің ақпараттық технологияларын құру бойынша ірі ғылыми зерттеулер орындады. Осы жасап шығарған әдіснама үшін ұжым ҚР ҒТП интеллектуалды меншігінің атаулы куәлігіне, ал импортты ауыстыратын техниканы жасап шығарған үшінҚазақстан Респуликасының патенттеріне ие болды.

Маңызды ғылыми ізденістер тау-кен жұмысы саласындағы ғалымдармен жүргізіледі. Өндіріске енгізілген едәуір ірі әзірлемелер соңғы жылдары төмендегілер болып табылады:  

- шахта қорының реструктуризациясының және  көмір саласының диверсификациясының  басты бағыттары; бассейн шахталарында қуатты көмір қаттарын қайта қазу технологиясы; жұмыс істейтін шахталарын қайта құру және біріктіру жолдары; тау-кен өндірісін басқарудың компьютерлік жүйесі (пайдалы қазбаларды өндіру кафедрасы - т.ғ.д., профессорлар С. С. Квон, Н.А. Дрижд, М.А. Ермеков, к.т.н., доц. Э.Г. Роот; карьерлерде аршу жұмыстарының көлемінің азаюы бойынша ұсыныстар, карьер беткейінің қиябеттерінің нашар учаскелерінің жасанды нығаюы (маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы - т.ғ.д., профессорлар И.И. Попов, Р.П. Окатов, т.ғ.д., доц. Ф.К. Низаметдинов.

Ғимараттар мен үймереттерді кешенді бақылау және қайта құру бойынша зертханалар жұмыстарының көлемі, деңгейі және маңыздылығы едәуір өсті (жетекшісі - т.ғ.к., доц. Ж.С. Нұғожинов). Зертхана базасында «Ғимараттар мен үймереттерді кешенді бақылау және қайта құру» Қазақ мемелекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкциялау және өндірістік зертханасы ұйымдастырылды. ("КОРЗС" ҚазГНИПКПЛ).  Зертхана Қазақстанда алғашқылардың бірі болып арнайы жобалау жұмыстарына және инженерлік қызмет көрсетуге лицензия алды. ҚазГНИПКПЛ базасында аймақтағы сәулет-қала құрылысы қызметініңі барлық түрлері бойынша мамандандырылған сараптама орталығы аккредивтенген.

«Өндірісті матерологиялық қамтамасыз ету» ғылыми-зерттеу зертханасы (ғылыми жетекшісі – проф. В.К. Донис) Қазақстанда, ТМД және алыс шетел мемлекеттерінде мойындалған сусымалы материалдар массасын өлшеу және ішімге бөлудің әдістері мен құралдарын әзірлеу бойынша ғылыми мектеп болып табылады.

Маңызды ғылыми ізденістер ақпараттық жүйелер, құрылыс, көлік, металлургия, экология және экономика облысында ғалымдармен жүргізіледі.  Университет КСРО ВДНХ және Қазақстанның тұрақты қатысушысы болып табылады, көп наградаларды иеленді. ВДНХ жүйесінің қайта құрылуынан кейін университеттің әзірлемелері халықаралық, республикалық және аймақтық көрмелерде көрсетілді. Университеттің ғалымда ұжымымен өнертабыстарға мыңнан астам патенттер мен куәліктер алынды.

Ғылыми-зерттеу қызметіндегі жеткен жетістіктер мен инженерлік кадралар дайындаған үшін университеттің көптеген ғалымдары үкіметік наградаларға ие болды және лауреат атанды. Сонымен, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып профессорлар Е.И. Шевцов и Л.ф. Думлер; ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып - профессорлар А.А. Сағынов, А.Г. Лазуткин, И.А. Янцен, Д.Н. Ешуткин, Ю.А. Векслер; КСРО ЖОО Министрлігі сыйлығының лауреаты болып - проф. С.С. Квон, доц. Т.Е. Ермеков; Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті сыйлығының  лауреаттары болып - доценттер А.Я. Горчаков, Г.Г. Ларцев, Н.А. Им, А.Н. Синчуков және т.б.; ҚазКСР Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаттары болып - профессорлар Р.П Окатов, И.И. Попов, Г.Г. Поклад, П.С. Шпаков, доц. Ф.К. Низаметдинов; А.А. Скочинский атындағы сыйлықтың лауреаты болып - проф. М.А. Ермеков және т атанды.

Университеттің маңызды ғылыми қызметі болып жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады. Аспирантураға қабылдау 40 мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. ЖОО жұмыс істеу барысында аспирантураны 500 астам инженерлер бітірді. Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға профессорлар: Ә. С. Сағынов, Н.Ф. Гращенков, И.А. Янцен, В.Ф. Бырька, С.С. Квон, А.Н. Данияров, И.И. Попов едәуір үлкен үлес қосты.

Жоғары тиімділікпен университет қызметкерлерінің СНС лауазымына ауысуы ерекшеленеді. Мұндай сұлба бойынша он бір  докторлық диссертациялар қорғалды, ал университеттің оқытушыларымен және қызметкерлерімен барлығы 55 докторлық диссертациялар қорғалды. Кейінгі үш жыл ішінде докторлық диссертациялар қорғады: Ю.И. Климов, В.М. Муров, К.А Тұрсынов, Л.И. Когай, Т.Е. Ермеков, Ф.К. Низаметдинов, А.К. Әкімбеков, И.В. Брейдо, И.В. Ким.

Орындалатын ҒЗЖ жоғары ғылыми деңгейі мен маңыздылығы университет ғалымдарына әр түрлі салалық ғылым академиясының құрамына таңдаулылар болуға мүмкіндік берді. Сонымен, университет ректоры – Г.Г. Пивень – ҚР жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, ҚР жоғарғы мектеп ғылымдары Академиясының корреспонднт-мүшесі, ҚР инженерлік Академисының корреспондент-мүшесі; университеттің бірінші проректоры М.Р. Нұрғожин Халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі; ҒЗЖ жөніндегі  проректор И.А. Янцен – ҚР жаратылыстану ғылым Академисяның академигі;  ОӘБ жөніндегі проректор Ю.Н. Пак -  ҚР жаратылыстану ғылым академисяның корреспондент-мүшесі; ТМ және Ж кафедрасының меңгерушісі - Ю.И. Климов – ҚР жаратылыстану ғылым академисяның корреспондент-мүшесі; ТМ және Ж кафедрасының профессоры С. С. Жетесов – ҚР жаратылыстану ғылым Академиясының Қарағанды бөлімінің Президенті; РА және еңбек қорғау кафедрасының профессоры Н.Ф. Гращенков – экология, адам және абиғат қауіпсіздігінің Халықаралық ҒА академгі; РА және ЕҚ кафедрасының доценті B.C. Харьковский - экология, адам және абиғат қауіпсіздігінің Халықаралық ҒА академгі; Матреиалдардың кедргісі кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Боженов – ҚР жаратылыстану ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі; геология кафедрасының профессоры Л.Ф. ДумлерРесей жаратылыстану ғылым Академиясының құрметті академигі; АӨТ кафедрасының меңгерушісі - С.Х. ЕсенбаевХалықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі; геология кафедрасының меңгерушісі - Б.Д. Білялов – ҚР минералды ресурстар академисының корреспондент-мүшесі.

Университеттің ПОҚ ғылыми тақырыптар бойынша курстық және дипломдық жұмыстар орындайтын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына үнемі көңіл бөлінеді. СҒЗЖ студенттердің жұмыстарының едәуір маңызды нәтижелері жарияланымдар, өнертабыстарға тапсырыстар беру, жаратылыстану техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студентердің республикалық ғылыми жұмыстар байқауына қатысуы болып табылады (кейінгі жылдары конкурсқа жіберілген 35 % астам жұмыстар әр түрлі наградаларды иеленді: дипломдар, грамоталар, алғыстар, ақшалай сыйлықтар).

на верх
© 2006
"Карагандинский государственный
технический университет"
Design by KSTU
Адрес: 100027, Республика Казахстан,Караганда, Бульвар Мира-56
Телефоны: (3212) 56-44-22 (приемная комиссия)
E-mail: pk@kstu.kz (приемная комиссия), kargtu@kstu.kz