Басты   Қызметтер   КТТО   Кітапхана   Газет   Фотогалереясы   Форум   Почта   Сайт туралы  

 

 

 

 

Компьютерлік технологиялар және телекоммуникация орталығы

Жаңа ақпараттық технологияларды жасап шығару және пайдалану барысында ҚазСРО жоғары оқу орындары Министрлігінің Аймақтық ақпараттық-есептеу орталығының базасында 1996 жылы құрылған Компьтерлік технологиялар және телекоммуникация Орталығы шешуші рөль атқарады. Орталықтың дамуына ҚарМТУ түлегі, КТТО бірінші директоры А.А. Махов үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен жоғары оқу орнын, оқу процесін басқарудың автоматтандырылған жүйелердің жасап шығарылуы мен енгізілуіне байланысты жобалық жұмыстар орындалды.

КТТО әр түрлі бағыттарда жұмыс жасайды. БұлINTERNET-шығумен бірге INTERNET жергілікті жүйесін жасап шығару және енгізу, оқу процесін БАЖ пайдалану, оқу процесін техникалық басқару. КТТО құрамына компьютерлік кластар, студенттер мен оқытушылар еркін пайдалануға мүмкіндік берілген INTERNET-класс кіреді.

         Орталықтың жұмыскерлері ішінде Т.У. Лопухова, В.А. Махова, Л.Н. Казначеева, т.б. сияқты тәжірибелі мамандар бар. КТТО жас инженер-програмистер, жақында ғана бітірген университет түлектері, дарынды студенттер жұмыс істеді.

          2001 жылы ҚарМТУ КТТО құрылымында студенттер мен оқытушылар арасында интерактивтік қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін серіктік және цифрлық телеарна зертханасы құрылды. Оқу процесінде пікірсайыс қатысушыларына синхронды тәртіпте жазбаша хабарлар алмасуға мүмкіндік беретін компьютерлік конференциялар ерекше рөль атқарады. Компьтерлік коммуникациялар дебаттар, моделдеу, рөлдік ойындар, Дельфи әдісі, форумдар және т.б сияқты әдістерді пайдалануға мүмкіндік берді. Университетте оқытудың жаңа технологияларына, сапа бағасы жүйесін құруға ерекше көңіл бөлінеді.

          Оқу-әдістемелік басқару ақпараттық технологиялар факультетімен бірлесіп, кеін университеттің барлық факультеттерінде және курстарында енгізілген оқытудың және бақылаудың тест-рейтингілік жүйесі туралы Ережені жасап шығарды.

         Оқу процесінің тест-рейтингілік, блоктық-модулдық жүйелерде ұйымдастырылуы теориялық материалды білуді және практикалық дағдыларға ие болуды талап ететін блок, цикл немесе модулдер деп аталатын оқу пәндері кешенінің элементтерімен көрсетілген.

          Оқу процесінде рейтингілік жүйені пайдалану мүмкіндік береді:

-          студенттердің өздік жұмыстарының тиімділігін жоғарылатуға және семестр кезінде оның қалыптылығын қамтамасыз етуге;

-          білім деңгейі бойынша студенттерді іріктеуге және оқытудың келешектегі жолын анықтауға;

-          оқытушы жұмысының тиімділігін арттыруға.

         Осының бәрі пәндерді оқу мерзімі бойы студенттердің жекеленген дайындықтарын активтендіруге, олардың есептік-графикалық, курстық жұмыстарды дер кезінде орындауларына, модулдерді, зертханалық жұмыстарды тапсыруларына мүмкіндік жасайды.

         Барлық мамандықтарда компьютерлік технологиялар негізінде барлық тәртіпте құрылымдардың, механизмдер мен машиналардың жұмысын зерделеуге, қиын және қымбат техниканың қатардан шығуының нәтижесіздігінсіз қате іс-әреттердің салдарын талдауға, пайдаланудың нақты жағдайларын есепке ала отырып көп варианттық жобалауды жүзеге асыруға, жөндеу дағдысы мен технодлогиясын қалыптастыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған оқыту жүйелері, білімді бақылау жүйелері, виртуалды зертханалық және практикалық жұмыстар сияқты оқытудың және білімді бақылаудың қазіргі заманға сай түрлері қолданылады.

          Көп жылдар бойы, оқу процесінде маркшейдрлік іс және геодезия кафедрасында ҚР ҰҒА кор.мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор И.И. Попов жасап шығарған студенттерді бағдарламалық оқыту және білімдерін тексеру жүйесі пайдаланылады. Ақпараттық жүйелерді автоматтандыру, автоматтандырылған жобалау жүйелері, өндірістік процестерді автоматтандыру, ақпараттық-өлшеу техникасы, құю өндірісінің және конструкциялық материалдардар технологиясы және басқа кафедраларында оқу процесі барысында оқытудың интерактивтік әдістеріжасап шығарылған және қолданыста бар.  

          Университетте субьектілердің өзара қатынас жасаудың нақты жағдайлары және өркениетті нарықтық қатынастар өңделетін ұйымдастырушылық-қызметтік ойындар көпшілікке белгілі.

          Егер де тәжірибеде бар шешімдер қабылдаудың ұжымдық түрлері дауыс берусіз болмаса, онда ойындарда жағдайларды талдау және шешімдерді қабылдау келісімге сұрақсыз келуге мүмкіндік беретін логикалық ойлау жағдайларын қолданумен жүзеге асырылады.    Нәтижесінде қызметтің өзара қолайлы концепциялары, стратегиялары мен жобалары жобаланады. Ойында ойын техниктері ретінде жұмыс істейтін студенттердің ойлау мен коммуникацияның жаңа техникасын демонстрациялау қатысушылардың үлкен қызығушылықтарын арттырады. Мұндай студенттер жеке тұлға ретінде тез дамиды, олардың аналитикалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық қабылеттері интенсивті түрде қалыптасады.

          Осылай, білім беру саласында жаңа компьютерлік, телекоммуникациялық және педагогикалық технологияларды қолдануға байланысты оқытушылар қызметінде, оқытушының оқу процесіндегі, оның негізгі қызметтеріндегі рөлі мен орнының маңызында елеулі өзгерістер болып жатыр, дәстүрлі білім беру және дистанциялық білім берудің бірнеше типтері бірлескен университеттің жаңа моделі қалыптасуда.

на верх
© 2006
"Карагандинский государственный
технический университет"
Design by KSTU
Адрес: 100027, Республика Казахстан,Караганда, Бульвар Мира-56
Телефоны: (3212) 56-44-22 (приемная комиссия)
E-mail: pk@kstu.kz (приемная комиссия), ivc@kstu.kz, umo@kstu.kz