Басты   Қызметтер   КТТО   Кітапхана   Газет   Фотогалереясы   Форум   Почта   Сайт туралы  

 

 

 
Абитуриенттерге
Мамандықтар
Өтеттін баллдар
Мемлекеттік тапсырысы
Түсім рәсімі
Қабылдаудың улгі ережелері
Дайындақ курстары
РЦДО

ҚарМТУ – әлемдік білім беру кеңістігіне шоғырлану жолында

Құрметті талапкерлер! Сіздердің алдарыңызда, өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдау сынды үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет тұр. Мүмкін, сіздердің алдағы өмірлеріңіз осымен байланысты болатын шығар. Мамандықты таңдап алу ғана емес, сондай-ақ, білім берудің жоғары сапасын және дипломның еркін қолданылуын  қамтамасыз ететін жоғары оқу орнын да таңдау қиын. Мұндай білім беру жүйесін Сіздерге Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ұсынады.

Міне, 54 жыл бойы біздің жоғары оқу орнымыз жоғары дәрежелі мамандарды, өз саласының кәсіби мамандарын, уақытпен талап етілген кадрларды даярлайды. Политехниктің кейбір түлектері ҚР Президентінің Аппаратында лауазымды қызметтерге ие, еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын басқарады, ғылымды, экономиканы, мәдениетті жан-жақты дамытумен айналысады, мемлекет саясатын құрады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қазақстанда бірінші болып мемлекеттік жоғары оқу орнының жоғары статусына лайық болды. ҚарМТУ Қазақстан мен ТМД елдерінің ішінде инженерлік және ғылыми кадрларды даярлау бойынша ең ірі ЖОО болып табылды. Онда 14 мың студенттер 12 факультеттің 35 кафедрасында білім алады: тау-кен, инженерлік-құрылыс, электр механикалық, жол-көлік, машина жасау, геоэкология, кәсіпкерлік және басқару, сырттай оқыту, маңызды білім беру және ЖОО дейінгі дайындық факультеттері. Мамандарды даярлау бакалавриаттың 28 мамандығы, 59 инженерлік мамандықтар бойынша іске асырылады. Университеттің ең маңызды ғылыми қызметі магистратура, аспирантура және докторантура арқылы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады. Студенттер күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша оқиды. Сонымен қатар, сырттай оқыту түрі аралық түрде, нақтырақ айтатын болсақ, кейстік және желілік технологиялар бойынша жүргізіледі. Студенттерді оқыту мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде іске асырылады. Жылдан жылға қабылдау кампаниясының нәтижелері бойынша Қазақстанның 180 жоғары оқу орнының ішінде бесінші орында. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы 800 оқытушылардың басын құрайды, соның ішінде 300 ғылымдар кандидаттары, 50 ғылымдар докторлары дәрежелеріне ие, 45 республикалық және халықаралық академиялардың академиктері мен корреспондент-мүшелері.

2004 жылы ҚарМТУ Қазақстандағы ISO 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарын оқытудың сапа менеджменті жүйесіне сәйкес болуына сертификатталған аудиттен өткен бірінші ЖОО болды және «Русский регистр» және IQ Net (Халықаралық сертификаттау желісі) сертификаттарына ие болды. Сарапшылар қазіргі сапа инжинирингі технологиялары қолданылатын осы жүйенің бірегейлігін атап өтті.

 Жыл сайынғы жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингісінде ҚарМТУ Республиканың техникалық ЖОО арасында ІІ алады. Қазақстан Республикасының ІІ Инновациялық конгресінде «Ең үздік оқу орны» номинациясында дипломмен марапатталды. Құрметті атағын берудің негізгі өлшемі соңғы 5 жылдағы оқытушылардың ұсыныстары бойынша өндіріске әзірленген және енгізілген инновациялардың саны болды. ҚарМТУ «электронды университет» статусына ие Қазақстанның жоғары оқу орындарының алтылығына кіреді. Францияда Қазақстанның өнеркәсібіне арнайы мамандар даярлаудың жоғары сапасы үшін университет Халықаралық сыйлыққа - өнеркәсіпке жәрдемдесу Қауымдастығының Алтын медаліне ие болды. Швейцарияда ҚарМТУ іс тәжірибесіндегі жоғары сапасы үшін Халықаралық қордың Алтын медалінің иегері атанды. Биылғы жылы Мәскеуде ҚарМТУ Халықаралық сыйлықтың – «Ұлттық экономика көшбасшысы 2006» Құрмет белгісінің иегері болды.

Университетіміздің қабырғасында білім алған түлектеріміз алыс және жақын шет елдерде: Израильде, АҚШ-та, Францияда, Германияда және басқа да елдерде жұмыс істейді. Біздің түлектеріміздің арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері, ірі кәсіпорындардың басқарушылары, көптеген шахталар мен көмір кеніштерінің директорлары мен бас инженерлері, ірі акционерлік қоғамдарының басшылары бар екенін мақтан етуімізге толық құқығымыз бар. Оларға мұнда университет тікелей көмектеседі, жыл сайын бітірушілер жәрмеңкесін ұйымдастырады, оған Қазақстанның түрлі кәсіпорындарының, фирмаларының, компанияларының тұрақты жұмыс берушілері шақырылады. Жәрмеңке қорытындылары, жоғары техникалық білімі бар мамандарға сұраныс өте жоғары және ұсыныстан артады.

Біздің басты міндетіміз кәсіптік білімге ғана ие емес, сонымен қатар өмірге деген көзқарастары дұрыс, шығармашылық, іскерлік қабілеттері бар жан-жақты дайындыққа ие жоғары білікті мамандарды даярлау болды және бола береді. Бұл компьютерлік технологияларды жақсы меңгерген, экономикалық-менеджерлік дайындығы бар, өнеркәсіптік құқыққа ие, тілдік дайындығы мықты мамандар; бұл табиғи ресурстарды жою, қоршаған ортаны ойланбай ластау сияқты зұлымдықтарға қарсы шығатын, өз Отанының патриоттары.

Біздің ЖОО түлектері динамикалық түрде дамып келе жатқан еңбек нарығы жағдайларында базалық білімнің мамандандырылуын еркін ауыстыруға, инженерлік қызметтің әлеуметтік және экологиялық зардап-тарын алдын ала ескеруге және бағалауға психологиялық тұрғыдан дайын. Осы мақсатпен ҚарМТУ, негізгі бағыттар болашақ мамандарды тереңдетіп оқытуға, оқытудағы гуманитарлық аспектілерге жасалған пәндер бойынша бағдарламалар жаңартылды. Университет үнемі білім берудің жаңа инновациялық технологияларын, электрондық оқыту құралдарын, мәліметтер базасын, программалық өнімдерді әзірлейді және енгізеді. Қазіргі заманғы кредиттік, рейтингтік-тестілеу, блокты-модульдік сияқты педагогикалық технологияларды, оқытудың жаңа әдістерін белсенді қолданады.

Университеттің материалдық-техникалық базасы машина жасау, көлік, құрылыс, тау-кен ісі, электрмен жабдықтау, материалтану, және басқа да салалар бойынша интерактивтік кластармен және автоматтандырылған кешендермен жабдықталған. Мысалы, машина жасау технологиясы кафедрасында зертханалық кешеннің құрамына жону және жоңғылау білдектері кіреді. Бұл студентке тетіктерді өңдеу бағдарламасын құруға,оны виртуальды режимде бақылау ғана емес, сонымен қатар өз жұмысының нәтижесін дайын тетік түрінде алуға  да мүмкіндік жасайды. Жыл сайын қазіргі заманғы автоматтандырылған стендтерді, аспаптарды және басқа да зертханалық жабдықтарды сатып алуға университет 180  млн. теңгеден астам қаржы жұмсайды. Университеттің иелігінде Интернетке шығатын 2000 компьютер және 62 компьютерлік класс бар.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Орталық Қазақстан аймағында ең ірі кітапханалардың бірі орналасқан, мұнда ғылыми, оқулық, ақпараттық-анықтамалық және көркем әдебиеттердің, отандық және шет елдік басылымдардың 2,4 млн. астам данасы бар, соның ішінде 30 мың басылымдар қазақ тілінде жарық көрген. Сондай-ақ, университетте оқу процесін қажет әдебиеттермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа полиграфия-баспалық жабдығымен жабдықталған, қазіргі заман талабына сай Редакциялық-баспалық орталығы бар.

Ректорат, деканаттар, кафедралар «Тілдер туралы» Заңын іске асыруға үнемі назар аударады. Осыншама қысқа мерзімнің ішінде мемлекеттік тілде 150 астам бағдарламалардың атаулары, әдістемелер, оқу құралдары басып шығарылғанын айту жеткілікті. Біздің ойымызша, оқытушылар мен студент-терге тәжірибелік көмек көрсетудің қолайлы құрылымы құрылған. Тау-кен, машина жасау, жол-көлік, инженерлік-құрылыс, электр механикалық факуль-теттерінің мамандықтары қатарында дипломдық жобалар мен жұмыстарды мемлекеттік тілде қорғау тәжірибеге енгізілген. Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының базасы негізінде мультимедиалық лингафон жабдықтарымен жабдықталған, қазақ тілін оқыту бойынша орталығы қызмет етеді.

Университет инженерлік дайындықтың жоғары деңгейімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысында маңызды табыстармен де танымал. Мұнда ғылым оқу процесімен тығыз байланысты. Университетте тау-кен ісі, машина жасау, ақпараттық-программалық қамтамасыз ету, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, құрылыстық механика, өндірістік процестерді автоматтандыру және т.б бойынша ғылыми бағыттар қалыптасты.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері кәсіпорындарда және оқу процесінде енгізіледі, бұл докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар дайындау үшін негіз болып табылады.

Университет ғалымдарының ғылыми зерттеулері мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындарымен шаруашылық-келісім шарттар есебінен қаржыландырылады. 2006 жылы шаруашылық-келісімдерді қаржыландырудың көлемі 70 млн. астам теңгені құрады.

Кейінгі жылдардың ішінде жоғары бағаға ие болған бірқатар инновациялық әзірлемелер дайындалды. Әлдеқайда маңызды деп пневматикалық көтеру, құрылыс саласына арналған наножапқыштар, машиналар саласындағы жұмыстарды, жаңа материалдарды, электр жетегі, электртехникалық жабдықтарды, электрондық конвейерлік таразыларды, ақпараттық технологияларды және т.б жасауды айтуға болады.

Университеттің ғылыми қызметінде студенттердің ғылыми жұмыстары ерекше орын алады. Барлық кафедраларда үйірмелер құрылған, мұнда студенттер ғылыми жұмыстарды орындауға араласады. Олар әр түрлі байқауларға, олимпиадалар мен конференцияларға белсенді қатысады.

Кейінгі жылдарда халықаралық байланыстардың дамуы маңызды мәселеге айналды. Өткен жылы Луизиан техникалық университетімен, экономикалық зерттеулер мен білім беру Консорциумымен, ресейлік жоғары оқу орындарымен, «Видергебурт» неміс білім беру орталығымен келісім-шарт жасалды. Былтырғы  жылы он оқытушы машықтанудан өтті және оқу процесін ұйымдастыру, бакалаврларды даярлау бойынша семинарларға, Ресей, Украина, Қырғызстан, Финляндия, Германия, Канада және АҚШ жоғары оқу орындарында біліктілікті жоғарылату бойынша бағдарламаларға қатысты.

Геоэкология, машина жасау, ақпараттық технологиялар мен кәсіпкерлік және басқару факультеттерінің студенттері Германияда жазғы ЖОО курстарына баруға арнайы стипендияларды, DAAD программасы бойынша топтық стипендияларды жеңіп алды, 37 студенттер Қазақстан Республикасы Президентінің шет елде оқуға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды. Университетте шет елдік мекемелердің, елшіліктердің, университеттерінің өкілдерімен кездесулер жиі өтеді, халықаралық білім беру орталықтарының стипендиялық бағдарлама-ларының тұсаукесерлері ұйымдастырылады.

ҚарМТУ Жоғары мектептің Халықаралық ғылымдар академиясының, NAFEMS (Ұлыбритания) автоматтандырылған талдау облысындағы инженер-аналитиктердің Халықаралық қауымдастығының, бизнес және экономикалық білім бойынша Ресурстық желінің (EDNET), Еуропа одағы мен Қазақстанның техникалық университеттері Консорциумының (ЕС-Қазақстан) мүшесі болып табылады.

Қарағанды Политехі сапалы инженерлік білім беретін жоғары оқу орны ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін кадрлар даярлайтын білім беру ордасы ретінде де көпшілікке танымал. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі кадрларының Департаменті жыл сайын өткізетін рейтингте Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасы бірінші орынды иеленді. Кафедра төрт әскери мамандық бойынша запастағы лейтенанттарды дайындайды.

Алдыңғы жылдардағыдай, лайықты толықтыруды техникалық лицейден күтеміз. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті, сонымен қатар, оқушылармен кәсіптік бағыттағы жұмысты барынша іске асыруды қамтамасыз ететін, Жексенбілік бастауыш инженерлік мектебі жұмыста үлкен жәрдем болып табылады. Ауылдық жерлерден келген дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектеп-интернатында оқитын балаларға да үлкен үміт жүктейміз. Әр түрлі жоғары оқу орындарының түлектеріне маңызды білім беру факультетінде екінші жоғары білім алу мүмкіндігі ұсынылады. Өндіріс қызметкерлері біліктілікті жоғарылату факультетінде білім деңгейін жоғарылатады.

Таңдаулы бизнес-білімді ҚарМТУ жанында 2006 жылы «Қазақстан маркетинг және менеджмент институтының» филиалында алуға болады. Ол ЛИНГ халықаралық менеджмент институтының Аймақтық орталығы болып табылады. Өз кезегінде соңғысы Ұлыбританияның ашық университетінің стратегиялық серіктесі болып табылады және оның бағдарламалары мен әдістемелерін тарату құқығына ие.

ҚарМТУ-да 7 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешені, студенттік емхана, қоғамдық тамақтану цехы, Қарқаралы қаласында орналасқан «Политехник» спорттық-сауықтыру лагері бар. Университетте жүргізілетін тәрбие жұмысы туралы да көп айтуға болады. Мұнда жастардың шығарма-шылығын кеңінен көрсетуге барлық жағдайлар жасалған. Университеттің Жастар Орталығында әр түрлі бағыттар бойынша шығармашылық үйірмелер, студенттер ғылыми қоғамы секциялары, жарыссөз секциялары жұмыс істейді. Қаламыздың құрылыстық объектілерінде жазғы демалыс кезеңінде жұмыс істейтін университеттің студенттер құрылыстық отряды көшелер мен бақтарды көгалдандыру ісіне қатысады, жыл сайын жүлделі орындар алады. Қарағанды техникалық университетінде университет тарихын баяндайтын Мұражай, көп ұлтты Қазақстан халықтарының мәдени құндылықтарының экспонаттарын көрсететін, этнографиялық мұражай құрылған. Университетте жеке бұқаралық ақпарат құралдары бар: оқу телеарнасы және «За политехнические знания» газеті.

Сонымен, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде барлық Егеменді еліміз Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін, тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін көтеруді қамтамасыз ететін ең үздік инженерлік таланттарды жан-жақты дамытуға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі күні жоғары оқу орнында жасалып жатқан шаралары-мыздың бәрі білімімізді дамыған елдердің халықаралық білім беру стандарттарына жақындатуға және дипломдардың баламалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Геннадий Пивень,
ҚарМТУ-дың ректоры,
техника ғылымдарының докторы, профессор,
ХАА академигі 

на верх
© 2006
"Карагандинский государственный
технический университет"
Design by KSTU
Адрес: 100027, Республика Казахстан,Караганда, Бульвар Мира-56
Телефоны: (3212) 56-44-22 (приемная комиссия)
E-mail: pk@kstu.kz (приемная комиссия), kargtu@kstu.kz