Жыл сайынғы «Wake Up» күзгі шығуы


2015 ж.23- 24 қазан аралығында Теміртау қ. «Космонавт» демалыс орынының негізінде жыл сайынғы «Wake Up» күзгі шығуы өтті.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші курс белсенді студенттерінің жыл сайынғы күзгі шығуы оқу жылы басындағы кең ауқымды іс-шаралардың бірі болып табылады және студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық ынталарын жүзеге асыруға, жеке бас қабілеттерін жетілдіруге, жаңа білім мен дағдылар қалыптастыруға, белсенді демалуға, сонымен қатар ары қарай өз- өзін дамытуға мүмкіндік береді.
Күзгі шығудың басты бағыты- студенттерді университет қабырғасында өз-өзін дамытуға, уақытын дұрыс жұмсауға үйрету. Осыған орай бұрын Кәсіподақ мүшелері болған университет түлектерінің өткізген тренингтері шығудың ерекше сәттеріне айналды.
Шығуға екі күн қалғанда студенттер топтарға бөлініп, әр түрлі шығармашылық жарыстарға қатыса отырып қызықты оқиғалар мен фантастика әлеміне енуге мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша жеңімпаздар демеушілердің сыйлық сертификаттарымен марапатталды: ерекше үлгідегі «Штаб квартира» кафесі, «Bumper Ball» ойыны және «Ser Burger» кафесі.
Қатысушылардың бойында лидерлік дағдыларды қалыптастыру, топта жұмыс жасауға, уақытын жоспарлауға, іс-шараларды ұйымдастыруға үйрету; Кәсіподақтың құрылу тарихы және мақсаттарымен таныстыру; студенттерді жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру; университеттің тәрбие жұмыстарымен таныстыру; ҚарМТУ студенттерін Кәсіподақ жұмысына жұмылдыру, белсенді демалыс және Университет студенттерін біріктіру- осф күзгі шығудың дәрістер, тренингтер, шығармашылық жарыстар және шеберлік-сағаттарын өткізу барысында жеткен мақсаты болып табылады.
Кусбекова Манара, СТ-12-1п тобы

Без рубрики