ММОС. ЖОО кейінгі білім


6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ)

6М090100 «Көлікті пайдалану және жүк  қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ)

 

КТ және ЛЖ кафедрасы  магистратура бағдарламасының  арқылы (ғылыми-зерттеу  —  2 жылдық және профильдік  —  1,5 жылдық ) 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мен 6М090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысты мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтары боыйшна біліктілігі-жоғары мамандар дайындап шығарылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Магистратура

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

40. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.

ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.

46. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;

5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

 

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

80. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне сүйенуі;

4) ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

81. Магистранттың эксперименталдық-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің өзіндік шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.

82. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

86. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.

88. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

Без рубрики