Жолдауды қолдау аясында

15 ақпан күні Университеттің бас корпусында Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты өкілдері ҚарМТУ оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және студенттерімен кездесу өткізді.  Кездесудің мақсаты:  Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының тармақтарын түсіндіру. Жиналған жұртшылық алдында әкімдіктің қызметкерлері – мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қайыржан Мукаевич Едембаев және  бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Фарида Кадыровна Дарыбаева  баянадама жасады.

Басқосуда Елбасы Жолдауында белгіленген бес негізгі басымдықтардың мән-мағынасы түсіндірілді. Құжаттағы еліміздің жаңғыруға беталысын көрсететін  өндірістік және экономикалық секторды  және  шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту  мәселелері талданды. Сондай-ақ Жолдауда орын алған маңызды тармақтар сыбайлас жемқорлықтың, ксенофобия және терроризмнің  алдын алу шаралары бір қайтара нақтыланды. Әлемдегі  ақпараттық  техникалық және IT – білім беру саласының жеткен жетістіктері сөз етіліп, мемлекетіміздің бұл жолдағы беталысы талқыланды.

Сөзінің соңында Қайыржан  Едембаев: «Бұл құжат әрқайсымызға тікелей қатысты. Өйткені азамат ретінде біздің бойымызда  Отанымызға, елімізге деген сүйіспеншілік сезімі бар. Біз, бір жағынан, мемлекетіміздің жоғары жетістіктерге жеткенінің куәсі бола отырып, екінші жағынан, оны нығайтушылардың бірі болып табыламыз. Сондықтан Жолдауды қолдауға барынша атсалысуымыз қажет» — деп түйіндеді.