«Орта және жоғары мектептің жүйесінде көптілдік білім беруде әдістемелік аспектісінің мәселелері» атты халықаралық семинар

mini2016 жылдың 18-22 сәуір аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жоғары оқу орындары, колледж және мектеп мұғалімдеріне арналған Халықаралық семинар өтті.
Аталмыш семинарды ҚарМТУ-дың көптілді білім беру орталығы мен Орыс және шет тілдері кафедрасы ұйымдастырды.
Семинардың басты мақсаты – білім беру мазмұнының өзгеру шағында шет тілін оқытуды жоғары оқу орындары мен орта білім орындарына деңгейлеп енгізу жағдайында Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру саясатын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу саналды.
Семинарға қатысқандар:
— Летяйкина Татьяна Адыгамовна, Қазақстан Республикасының ағылшын тілі мұғалімдері қоғамының президенті;
— Сырымбетова Ляйля Саркытовна, Ы. Алтынсарин атындағы үштілдік білім беру орталығының директоры;
— Nettie Boivin, Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің профессоры, ассистенті;
— Керимкулова Сулушаш Иксановна, Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің қоғамдық профессоры;
— Ашым Есентай Мукатаевич, Н. Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған № 2 мектеп-интернатының директоры.
Семинарға жоғары оқу орындарының, колледж, мектептердің қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай тілдерінен сабақ беретін оқытушылар қатысты. Олар оқу процесіне көптілді білім беруді енгізу мәселесін талқылап, пікірталастар жүргізді.
Семинар модераторлары ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың маңызы, мән-мағынасы жарқын мысалдар арқылы жан-жақты түсіндірілді.
Семинарды өткізу барысында тілдерді (қазақ, орыс және ағылшын) деңгейлеп оқыту енгізіліп, жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін Н. Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған № 2 мектеп-интернатына бару жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталмыш семинарды іс-шараны ұйымдастырушы, көптілді білім беру орталығының директоры, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Орыс және шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі Оспанова Бикеш Ревовна аяқтады.
Оспанова Б.Р. айтуынша, білім беру процесіне ағылшын тілін енгізу жағдайында көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі екендігіне көз жеткізілген. Бұл адамның бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың шарықтау заманында өзін-өзі жетілдіруге, бәсекелестікке қабілетті болуға негіз саналады.
Семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен біліктілігін арттыру куәліктері берілді.