«Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі

 

1

Тутанов Серікпай Куспанұлы, техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2005), Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2004), 1946 жылдың 10 қыркүйек күні Семей қаласында дүниеге келді. 1964 жылы Қарағанды қаласының № 7 орта мектебін күміс медалмен бітірді. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің математика-механика факультетін бітірді. 1969 жылдан – Қарағанды политехникалық институтының теориялық механика кафедрасының ассистенті. 1970-1972 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. 1973-1978 – Қарағанды политехникалық институтының пайдалы кен қазбаларын өндіру кафедрасының стажеры, аспиранты, 1978-2002 Қарағанды политехникалық институтының теориялық механика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарды. 1985 жылы кандидаттық, 2002 жылы докторлық диссертацияларды қорғады. Қәзіргі уақытта «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. С. К. Тутановтың көп жылдар бойы шығармашылық әрекеті  200 ғылыми еңбек, оның ішінде 3 монография, 5 оқулық және 9 авторлық куәлік пен патенттеде көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі жас кадрларды даярлауға көп уақыт пен күш жұмсайды. Оның көптеген оқушылары республиканың түпкір- түпкірінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігінің астында 2 кандидат және 5 магистранттық диссертациялар қорғалды. Тутанов С. Қ. – Қазақстан Республикасының білім үздігі (1996), Қарағанды мемлекеттік техникалық унивеситетінің еңбек сіңірген қызметкері (2003), «Жоғарағы оқу орнының үздік оқытушысы» (2010) грантының иегері, Ы. Алтынсарин атындағы белгінің иегері (2009).

Демина В.Ф., Тутанова С.К., Павлова А.А., Деминой Т.В., Журова В.В. Даярлау қазбалар контурының алдындағы жыныстардың кернеулі – деформациялық күйiн зерттеу // Қазақстанның тау журналы №3, 2011

Мақаланың түсiнiктемесi. Анкерлі бекітпенің ұзындығы мен диаметрінің өзгеруіндегі алу қазбаларының бекітпесінің деформациясы орнатылған. Зерттеулер металлоаркалық, құрамалы және анкерлі бекiтулердің қолданылуын тиiмдiлiкке тау – технологиялық факторларының алу қазбаларына әсер ету дәрежелерiн анықтауға мүмкiндiк бердi.

Демина В.Ф., Тутанова С.К., Стефлюк Ю.Ю.,  Деминой Т.В, Демина В.В. Тау -технологиялық факторларға байланысты қазба маңайындағы бүйiр жыныстарындағы кернеулердiң өзгеру динамикасы // Қазақстанның тау журналы №4, 2011

Мақаланың түсiнiктемесi. Кернеулі-деформациялық күй, тау қысымының әсер етуi, өндiрулердi сүйемелдеу горнотехникалық және технологиялық параметрлерге байланысты зерттелген. Зерттеулер алу қазбаларын анкерлі бекiтпе қолдануды тиiмдiлiкке құлау бұрышы және бекiту тереңдiктiң әсер етуіндегі дәрежелерiн орнатуға мүмкiндiк бердi. Қазбалардағы жылжулардың эксперименталдi өлшемдерiнiң нәтижелерi олардың аналитикалық үлгiлердегі өткiзiлген зерттеулермен салыстырмалы жинақтылықтарын көрсеттi.

Демина В.Ф., Тутанова С.К., Журова В.В., Демина В.В. Сиятын жыныстардағы деформациялардың есептi және эксперименталдi параметрлерiнiң анкерлі бекiтпелер қолданудағы салыстырмалы бағасы // Қазақстанның тау журналы №5, 2011

Мақаланың түсiнiктемесi. Көмiрдiң, сиятын массивтың кернеулі-деформациялық күйiнің айқындалған заңдылықтары пайдаланудың нақты шарттарындағы тау-геологиялық факторларына байланысты даярлау тау-кен қазбаларының орнықтылығын жоғарылатуы үшiн бүйiрлеу жыныстарын бекiткiтудің тиiмдi параметрлерiн орнатуға мүмкiндiк бередi.

Ғылыми еңбектер

Без рубрики