«Жоғарғы оқу орынының ең үздік оқытушысы 2015» Жарысы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 10 оқытушысы «Жоғарғы оқу орынының ең үздік оқытушысы 2015» атағына ие болды. Марапаттау рәсімі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық униерситетінде өтті.

ҚарМТУ үздік оқытушысы атанғандар: Абаева Н.Ф., Бесимбаева О.Г., Головачева В.Н., Джантасова Д.Д., Дрижд Н.А., Кошебаева Г.К., Муравьев О.П., Нугужинов Ж.С., Ожигина С.Б., Филиппова Т.С.

Республикалық жарысқа қазақстандық жоғағы оқу орындардың бес жылдан кем емес ғылыми- педагогикалық тәжірибесі бар оқытушылары қатысты.

Жеңімпаздарды таңдау критерилерінің ішінде: оқу құралдары және инновациялық білім беру технологияларын жасау, интеактивті режимде ашық сабақтар өткізу, студенттердің ғылыми –зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарына жетекшілік ету, «Оқытушы студенттер көзімен» тәуелсіз сауалнамалау нәтижесі ескерілген сабақ беру сапасының деңгейі, ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстар, академиялық, ғылыми дәреже немесе атақтың болуы, ғылыми зерттеулері мен жетістіктері, ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды дайындауы.

Аталмыш грант оқытушыларға Ұлыбритания, Алмания, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвияның алдыңғы қатарлы университеттеінде шетелдік машықтанудан өтуге мүмкіндік береді.

Без рубрики