Жеңіс құтты болсын!!!

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан МЕТ-17-1 тобының студенті Ерден Нұрланды қазақ күресінен 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық «Жас барыс» іріктеу жарысында 57 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын иегері атанғаны үшін,  сонымен қатар «Қала күні» және «АРМ-КЛУБ Теміртау» күніне орай өткізілген қалалық армрестлинг жарысында 65 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І – орынды иеленген ТЭ-16-1 тобының студенті Кучкаров Асылханды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың биік, шығар шыңдарын зор болсын!

Қазақ күресінен 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық«Жас барыс» іріктеу жарысында 57 кг салмақ дәрежесінде жүлделі.

ІІІ орын иегері Ерден Нұрлан

«Қала күні» және «АРМ-КЛУБ Теміртау» күніне орай өткізілген қалалық армрестлинг жарысында 65 кг салмақ дәрежесіндежүлделі І – орынды иеленген Кучкаров Асылхан

Без рубрики