Жатақханада өткен дөңгелек үстел

2017 жылдың 10 ақпанында «Армандастар Ордасы» тұрғын үй кешенінде «Парламент пен үкіметтің рөлін күшейту қазақстандық қоғамды демократияландырудың басты шарты» атты «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның қатысушылары Сәулет-құрылыс, Тау-кен, Жол-көлік, Инновациялық технологиялар, Энергетика, автоматика және телебайланыс факультеттерінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелді «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы З.Нурлигенова жүргізіп, одан кейін сөз алған бірқатар студент тақырыпқа байланысты баяндамаларын оқыды. Баяндамалардың көпшілігі дамыған демократиялық елдердегі биліктің уәкілеттілігінің бөліну тәртіптері, тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихының эволюциясы жайлы мәселелерге арналды.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жаңа Жолдауын арнаған болатын. Ол осы құжатта билікті реформалау уақытының келгенін және Президентке тиесілі бірқатар өкілеттіліктерді үкіметке, парламентке және жергілікті билік өкілдеріне беру қажеттігі жайлы мәлімдеген болатын. Осы өзгерістер нақтыланған құжат жобасы жасалғаннан кейін көпшілік талқысына ұсынатынылады деп күтілуде.