Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін ақпараттандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты алдын алу: 2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру

27 қараша 2016ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Акт залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жемқорлықты алдын алу Департамент басқармасының бас маманы А.М. Қарғабайдың магистранттармен, студенттермен және ПОҚ ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Магистранттарға, студенттерге және ПОҚ тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.А. Алпысбаева алғы сөз сөйледі. Басты мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау.

Тыңдаушыларға жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді, онда жемқорлықтың қоғамға көрсеткен көрнекілік түрлері және жемқорлық құқық бұзушылық үшін қандай салдары болатыны баяндалады.