«Жастардың мәселелері мен оларды шешу жолдары»


Қазан айының 11-і ҚарМТУ бас корпусының конференц-залында «Жастардың мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты қалалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жастардың мәселелерін, олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары талқылау болды.

Басты ұйымдастырушылар ҚарМТУ «Студенттік ұйымдардың қауымдастығы «Жас Орда»» әлеуметтік бірлестіктің студент-активистері болды. Талқылауға Қарағанды қаласының басқа ЖОО студенттері мен Қарағанды облысының жастар ұйымдарының волонтерлері белсенді қатысты.

Без рубрики