«Жастар- болашағымыздың тірегі»


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 12 желтоқсан күні сағ 10:00-де ҚММУ-да, Қарағанды қ., Гоголь көш.,40 мекен- жайы бойынша өтетін  «Жастар- болашағымыздың  тірегі» атты студенттік ғылыми- тәжірибелік университет аралық конференцияға қатысуға шақырады. Қатысушыларды тіркеу сағ 9.30.

Конференцияның бағыттары:

  1. «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы студент жастардың рөлі;
  2. Құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негізін салушы құндылықтарды  құрметтеуді қалыптастыру;
  3. Руханилықтың халықаралық келісім, халықтың бірлігін нығайту және болашақ мамандардың кәсіпқойлығын қалыптастырудың факторы ретіндегі  рөлі.

* Конференция шеңберінде өткізіледі

  1. Пленарлық отырыс және сессиялар (конференцияның бірінші бағыты бойынша);
  2. Дөгелек үстел (екінші бағыт бойынша);
  3. Пікір- сайыстар (үшінші бағыт бойынша).

30-шы қарашаға дейін үлгі бойынша өтінішті толтырып,  қатысатыныңызды растауларыңызды сұраймыз. (қосымша жүтеу)

Без рубрики