«Жастар –Қазақстан болашағы» аймақтық жарысы


2015 жылы 27- 29 қазан аралығында ҚарМТу негізінде өткен, Халықаралық студенттер күніне арналған «Жастар –Қазақстан болашағы» аймақтық жарысы бойынша ЕСЕП.
«Жастар –Қазақстан болашағы» аймақтық жарысының ашылуы 2015 ж. 27 қазан 16:00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтті. ҚарМТУ-дан қатысқандар: Мет-12-1 тобының студенті Ахмедиянова Сағындықтың жетекшілігіндегі «Сары-арқа сазы» добра ансамблі.
Жарысқа келесі номинациялар енді: ҚарМТУ-дың бас ғимаратының жиын залында өткен, баяндаушы Мет-14-1 тобының студенті Таубебаева Айжан болған ««100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы жастардың рөлі»» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
2015 ж. 28 қараша ҚарМТУ спорткешенінде Заманауи билер жарысы өтті. Заманауи би үйірмесінің жетекшісі— Шарипов Р.Е. Заманауи би үйірмесінің қатысушылары: Каппаров Даулет, Батырхан Кайратович, Доспанова Арайлым, Туксанбаева Мереке, Темирбекова Дана. ҚарМТУ студенттері 2 орын алды.
Әлеуметтік бейнебаяндар жарысы (СӨС және отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұлтаралық және конфессмияаралық келісім, медиация, құқықбұзушылықтардың алдын алу, ЖЖЕ сақтау, ұрпақтар сабақтастығы) ҚарМТУ-дың бас ғимаратының жиын залында өтті. Бұл номинацияда ҚарМТУ студенттері 3 орын алды, бейнебаян авторлары: С-14-1 тобының студенті Калкаманов Айбат, ФИТ-14-1 тобының студенті Кабыл Ерхан, ТТ-14-3 тобының студенті Болатов Айдар, ЭЭ-14-3 тобының студенті Конарбаев Сержан. Волейбол бойынша жасөспірімдер мен қыздар арасындағы жарыс ҚарМТУ спорт кешенінде өтті.
Аталмыш жарыста волейбол бойынша жасөспірімдер арасындағы ҚарМТУ тобы: Валиев Абдрауф, Кыбышев Абай, Шаймұрат Сағат, Жаканов Алмас, Токушев Бейбіт,Манарбек Асылбек, Советбек Ұлағат, Тәжібай Әбдібақыт, Шайкен Ерболат, Боранбай Нұржан, Нығметов Ағыбай 1 орынға ие болды.

КТК- Капустник (қазақ лигасы) «Жастар Әлемі» жастар сарайында өтті, «Жастар» ҚарМТУ тобының капитаны —СКС-12-1 тобының студенті Әбутаев Ернат. Бұл күні ҚарМТУ «Жастар» КТК тобы: Козейбаев Ербол, Оскембекова Акерке, Мұратхан Еркін, Шәріпбек Алихан, Сыздықов Жанғазы 2 орынды иеленді. КТК- Капустник (орыс лигасы) ҚарМТУ-дың 1 ғимаратында, 207 аудиторияда өтті, «Сборная Булварь-Мира» ҚарМТУ тобының капитаны- ТТ-14-1 тобының студенті Искаков Азамат. Бұл номинацияда «Сборная Булварь-Мира» ҚарМТУ тобы: Ордабаев Адиль, Рыскулбек Манас, Хан Антон, Парфенов Георгий, Сериков Дархан, Құлымжанов Ғалымжан, Жақсылықов Шыңғыс, Алькенов Алибек 3 орын алды.
2015 ж. 29 қазан жарысссөз турнирі (қазақ және орыс лигасы) ҚарМТУ 6 ғимаратында О.В.Фаттахованың жетекшілігімен «Мушайра» номинациясында, «Сөз патшасы» үйірмесінің жетекшісі А.К.Мужимованың жетекшілігімен «Өр бабаның ұрпағымыз» өтті. ПС-14-1 тобының студенті Зейнолла Нұрзат 2 орынға ие болды.
«Жастар –Қазақстан болашағы» аймақтық жарысының жабылуы 2015 жылы 29 қараша күні ҚарМТУ жиын залында өтті.

Без рубрики