Жас ғалымдардан болашақ технологиялар


2018 жылдың 12-13 сәуірі күндері   Қарағанды мемлекеттік техникалық  университетінде ҚарМТУ-дың 65-жылдығына арналған «Жастар ғылымының «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі» тақырыбындағы республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік  конференциясы өтті.

Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әль-фрарби атындлағы ҚазҰУ,  Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, Қ. жұбанов атындағы Ақөбе өңірлік мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,  ҚарМТУ сияқты еліміздің және М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Ресей) жоғарғы оқу орындарының студенттері және магистранттары қатысып, жинақта алты жүзден астам ғылыми еңбек басылды. Ғылыми жиын екі күнге созылды – 12 және 13 сәуір.

Конференцияны ҚарМТУ –дың бірінші проректоры, профессор Аристотель Зейнуллаұлы Исағұлов ашты:

– Биылғы жыл мерейтойлық күндерге толы. Олардың ішінде Астананың  20-жылдығы, ҚарМТУ-дың  65-жылдығы, ҚарПТИ  60-жылдығы, Сағынов оқулары мен 10-жылдығы және Корпоративті университтің   10-жылдығы бар.  Сондай-ақ осынау ғылыми жиынның 12 сәуір – Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күнімен  тұспа-тұс келіп отыруының өзінде де мән бар. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы ұсынып отырған рухани жаңғыру, төртінші индустриалдық революция идеялары аясында өткізіліп отырған бұл конференция инженерлі білімді дамытуға, жастар арасында осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын арттыруға және насихаттауға мүмкіндік бермек, — деді профессор құттықтау сөзінде.

Жиын барысында  еліміздің индустриалды-инновациялық дамуы, экономикалық мүмкіндігі, Қазақстан нарығына криптовалютаның енуі, оның экономикаға әсері, гидроэнергетика саласын және энергетикалық жағынан тиімді құрылыс технологияларын дамыту, мәселелері талқыланды.

Пленарлық мәжілісте «Радиотехника, электроника және телебайланыстар» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенті Асель Омарованың  Smart Dust технологиялары бойынша баяндамасы жастардың қызығушылығын тудырды. Өз зерттеуінде жас ізденуші   түрлі қондырғыларды ұзақтан бақылайтын бірыңғай сенсорлық Smart Dust датчиктері жайлы әңгімелеп, бұл технологиялың адам өмірінің қауіпсіздігін,  денсаулықты қадағалау, үй-жайларды электрмен қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау, яғни, экологиялық бақылаулар жүргізудегі тиімділігін айтып берді.

Мәжілісте жастардың назарынан тыс қалмаған бұдан да басқа бірқатар зерттеулер ұсынылды. Олардың көбісі бастапқы жоба түрінде болса, бірқатары  аяқталған, тәжірибеге енгізуге дайындалып жүрген жұмыстар  еді. Өз еңбектерін жан-жақты талқылау үшін жас ғалымдар секциялық отырыстарға бөлінді.  Конференцияда энергетика және энергия үнемдеу, геотехнология және гуманитарлық бағыттар бойынша 16 секция бойынша жұмыс істеді.

Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар беріліп, үздік баяндамашыларға дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Конференция студенттердің өзара ғылыми байланыстарын нығайтып, білімдері мен тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Без рубрики