Жас ғалымдар байқауы

British Council (Британ Кеңесі) «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ және «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-мен бірлікте «Шеврон» компаниясының қолдауымен FameLab халықаралық байқауы форматында жас ғалымдар ұлттық байқауын өткізеді. Бұл байқау Европа, Азия және Африка 20 елдерінде өткізілетін ірі ғылыми коммуникациялар байқауының бірі болып табылады.

Байқау мақсаты талантты жас ғалымдарды анықтау, олардың ғылыми коммуникациясын және жеке ғылыми жобаларын ағылшын тілінде қоғамға таныта білу қабілеттерін дамыту. Байқаудың ендігі бір мақсаты әлем жастары арасында ғылымды насихаттау және оларды  ғылыммен айналысуға тарту.

Алғашқы байқау аясында Қазақстанда 10 финал жеңімпазы іріктеледі. FameLab-тың әр финалисіне кепіл сыйлық ретінде Астана қаласында өткізілетін қарым-қатынас және сөз сөйлеу – коммуникация саласының әлем бойынша ең танымал бір маманының шеберлік-сыныбы тарту етіледі.  Шеберлік-сыныпта олар қоғамдық қауымдастықпен өзара ықпалдасу, ұсыным жасау, масс-медиамен жұмыс істеу бойынша бағалы тәжірибе алады және ғылымның әр саласы бойынша түрлі ғалымдармен байланыс жасау мүмкіндігіне ие болады.

Жалпыұлттық байқау жеңімпазы Челтнемде (Ұлыбритания) өтетін дәстүрлі ғылыми фестивальға және 2017 жылдың маусым айында өтетін FameLab-тың халықаралық финалына қатысады.

Конкурсқа 21 және 35 жас аралығындағы, технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласы бойынша білім алып жатқан немесе жұмыс істейтін кез келген адам қатыса алады. Байқауға қатысу үшін 1 қарашадан 19 желтоқсан аралығында онлайн-өтінім беру керек. Ол British Council сайтының  https://www.britishcouncil.kz/ru/famelab парақшасында көрсетілген.

Нақтырақ ақпаратты Ғылым департаментінде алуға болады

 (Бас корпус, каб. 226,  тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)