Жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы

ҚР Тәуелсіздігінің тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерекесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі ұлыстар арасы толеранттылық пен қоғамдық келісімінің  қазақстандық моделі тақырыбына арналған жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты  отандық жас ғалымдардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін тарту арқылы этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру

Байқаудың міндеттері:жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру; дарынды жас ғалымдарды табу әрі қолдау;  жас ғалымдардың отансүйгіштік, әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру; жас ғалымдарды этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу саласына жұмылдыру.

Байқау төрт бағыт бойынша жүргізілді: 

1) Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты (Қазақстан халқы бірлігінің тарихи тамыры; Ел бірлігінің экономикалық негіздері; Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім мәдениеті; Толеранттылық қазақстандық менталитеттің рухани негізі ретінде, т.б.);

2) Қазақ хандығы: мемлекеттілік тарихы және саяси-экономикалық негіздері;

3) «Мәңгілік Ел» патриоттық акт  – жаңа Қазақстанның тұғырнамасы;

4) Қазақстан әлемдік кеңістіктегі бейбітшілік пен келісімді дамыту жолында.

Осы байқауға Қазақстанның барлық өңірлері мен аймақтарынан жас ғалымдар қатысты. Финалға 4 сайыскердің еңбегі шықты: Оңтүстік Қазақстан облысынан (Түркістен қ.), Батыс Қазақстан облысы (Орал қ.), Қызылорда облысы (Қызылорда қ.), Қарағанды облысы (Қарағанды қ.).

Қарағанды қаласынан байқауға Қарағанды техникалық университетінің Патриоттық тәрбие беру ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика магистрі Джакупова Динара Ермекқызы «Техникалық ЖОО студенттерінің жаңа қазақстандық патриотизмін қалыптастыру» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Жоба байқаудың үшінші бағыты –«Мәңгілік Ел» патриоттық акт  – жаңа Қазақстанның тұғырнамасы аясында берілді.

Джакупова Д.Е. ҚарМТУ-да 2009 жылы жасалған ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев  үлгісіне негізделген патриоттық тәрбие моделі бойынша жобасын ұсынды.

Осы жобаны одан әрі қарай дамыту үшін 2014 жылдың мамыр айында  ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев  үлгісіне негізделген патриоттық тәрбие моделі – «Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» моделі ретінде жетілдірілді. Жаңа жобаның әдіснамалық негізіне «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтар енді. Жоба  белгілі бір тәртіпте ұсынылған әрқайсысы арнайы және мақсатты жүктемеге ие 7 іске асыру кезеңін қамтыды. 2010 жылдың қазан айында Республикалық семинар-кеңес нәтижесі бойынша ҚР БҒМ аталмыш жобаны еліміздің білім беру ұйымдарының білім үрдісіне енгізуді ұсыныған болатын.

2016 ж. 26 қазаы күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында осы байқаудың соңғы кезеңі, яғни, финалға шыққан қатысушылардың жобаларды қорғауы  өткізілді.

Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының бірауыздан мақұлдауымен Гран-при жүлделі жоғарғы марапатын  біздің әріптесіміз Джакупова Динара Ермекқызы жеңіп алды. Жеңімпазға диплом және байқауға қатысу сертикаты берілді.

 

Құттықтаймыз!