«Жаратылыстану-математика пәндері» циклді әдістемілік комиссиясы


Міндеті

Кафедраның ең негізгі міндеті – білім беру қызметін көрсету,  тұтынушылардың үмітін ақтау. Оқыту мен тәрбиелеуде құзыреттілік тәсілдің теориялық негіздерін оқу және игеру. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүргізілетін пәндік ОӘК силлибустар жанартылды. Жаратылыстану — математикалық пәндер (химия, физика, математика) бойынша  кәсіби бағыттағы тапсырмалар тарау негізінде өнделді. Біліктілікті жоғарлату курстары арқылы оқытушылардың біліктілік деңгейі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жас оқытушыларға көмек көрсету, ЦӘК-ң оқу кабинеттерінің безендірілуі, материалдық және оқу — әдістемелік базасының жақсаруы.

Мақсаты
Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл мен құзыреттілік негізінде сапалы оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістері, өзінің кәсіби қызметінде заманауи технологиялары қолданып және оқу арқылы оқытушылардың педогогикалық мәдениетті мен әдістемелік шеберліктерін артыру. Бітіруші түлектер өздігінен өндірістік міндеттерді қойып шеше алады,  жұмыс мамандығы бойынша және  техникалық жұмыс қызметіне  жұмыс дағдысы мен шығармашылық мүмкіндіктері дамыған.  Осының бәрі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті түлектерді дайындап шығарады.

Жаратылыстану – математикалық пәндер циклдық әдістемелік кеңес (ЖМП ЦЭК) меңгерушісі Жексенбина Ақжаркын Закировна, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. ЦӘК құрамында 12 мұғалім бар. Олардың ішінде жоғары санатты 4, бірінші санатты 3, екінші санатты 3 оқытушы бар.

Без рубрики