Жаналықтар


18 тамыз 2012 ж – Университетімізде 5В071300 – “Көлік, көлік техникасы және технологиялары” мамандығы бойынша вакантты білім беру гранттары босады: 2-курс – 2 орын, 5В090100 – “Тасымалдарды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану” мамандығы бойынша: 1-курс – 1 орын. Толық мәлімет ЖКИ директоратында.

28 маусым 2012 ж — Жол-көлік институтының түлектерінің дипломдарының салтанатты түрде берілуі 2012 жылдың 11 шілде күні сағат 11.00-де ҚарМТУ-дың бас корпусының Акт залында өтеді. Шақырамыз!

17 маусым 2012 ж – GPA баллды жинамаған, келесі курсқа өте алмайтын студенттердің ТІЗІМІ.

14 маусым 2012 ж – ҚарМТУ студентт14 маусым 2012 ж – ҚарМТУ студенттерінің қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салттарын білуге деген қызығушылығының артуына байланысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы қарсаңында 2001 жылдың 14-желтоқсанында қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы жанынан этнографиялық мұражай ашылған болатын.

Мұражай ашу туралы пікірді ҚарМТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Пивень ұсынды. Техникалық оқу орнының қабырғасында мұндай мұражай ашу білікті мамандықтарды ғана қалыптастырып қоймайды, дүние танымдық мәдениеті жоғары және дүниеге этникалық жауапты қатынастағы жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу де үлкен роль атқарады.

Ал бүгінгі күні, яғни жетінші маусым күні мәдениет пен ел тарихына ерекше ықыласпен қарайтын университетіміздің ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиевтің қолдауымен «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы ұжымының тікелей ат салысуымен «Этнографиялық мұражайдың» салтанатты ашылуына университетіміздің құрметті профессорлары, қаламыздың ардақты азаматтары мен ұстаздары, сондай-ақ облысымыздың, республикамыздың әр аймағынан әр саладағы қызметкерлер келіп тамашалады. Мұражай ректорат тарапынан күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңарып, дәулетіне – сәулеті сай, жаңа көрік алып, сәнді келбетке ие болды. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен толықты. Қазақ халқы қонақжай халық екені белгілі, киіз үй іспеттес болып жасалған мұражайымызда ақ дастархан жайылып, барлық қонақтарға бауырсақ пен қымыз тарту етілді.

ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғазалиев А.М.

ҚТ және М кафедрасының көрмесінің қонақтары

06 маусым 2012 ж – Назар аударыңыздар! 2012 жылдың 7 маусым күні ҚарМТУ-дың «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен этнографиялық мұражайдың ашылуы жоспарланып отыр. Келемдеушілерге есік ашық!

05 маусым 2012 ж – Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерін, стильдік ерекшеліктерін, сөйлеу мәдениетін дамытуға айрықша үлес қосқан, бар ғұмырын ұстаздыққа, ғылымға, тілді дамытуға арнаған ұлағатты ұстазымыз Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлының өмірден өткеніне үш жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Ғалымды еске алуға арналған дөңгелек үстелі «Сөз және шеберлік» тақырыбында Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ-нің филолгия факультетінің «Қазақ тілі» кафедрасының ұжымымен ұйымдастырылған. Дөңгелек үстелге келешек ұрпаққа толассыз ғылыми еңбектерін мұра еткен Хайролла атамыздың шәкірттері, әріптестері, жанұясы қатысып, өз ойларын ортаға салды. ҚарМТУ «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасынан өзінің шәкірті әрі әріптесі ф.ғ.к. С.Ж.Шахина, сонымен қатар дәріс алып, білім нәрімен сусындаған шәкірті Г.С.Байпелова мен ғалымның магистранты А.Н.Мұратовалар қатысып, өз пікірлері мен естеліктерімен бөлісті. Бұл кездесуде ғылым жолында жүрген мамандар радио, теледидар, газет-журналдарда кеткен стильдік қателерді талдай отырып, алдағы уақытта олардың алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы пікірлерін алға тартты. Ғалымның шығармашылығына арналған Республикалық деңгейдегі конференциялар ұйымдастыруды әрі қарай жалғастыру қажеттігі көпшіліктен колдау тапты.

 

04 маусым 2012 ж – Университетімізде 5В071300 – “Көлік, көлік техникасы және технологиялары” мамандығы бойынша вакантты білім беру гранттары босады: 1-курс – 1 орын, 3-курс – 3 орын. Толық мәлімет ЖКИ директоратында.

04 маусым 2012 ж – Университетіміздің профессорлық оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру мақсатында Қытай Халық Республикасының Санжы қ. Санжы университеті профессорының дәрістері аяқталды. Осының нәтижесінде, дәрісті тыңдаған «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушылары «Политехникалық жоғары оқу орындарында ғылылми-техникалық терминологияны оқытудың заманауи технологиясы» атты ғылылмибағыттағы оқу семинарына қатысып, 276 сағат дәріс тыңдағандары үшін арнайы сертификаттар берілді. Осылайша, кафедраның аталмыш ҚХР Санжы университетінің арасындағы халықаралық ынтымақтастық артуда деп нық сеніммен айтуға болады.

20 мамыр 2012 ж – 2012 жылдың 17 мамыр күні ҚарМТУ-нің “Сапа басқару” департаментінің директоры мен жол-құрылыс машиналары кафедрасының меңгерушісі және қызметкерлері Қарағанды қаласындағы Caterpillar техникасымен жұмыс істейтін ТОО «Борусан Макина Казахстан» компаниясына барып қайтқан болатын. Осы компанияның құрамында студенттер өздерінің өндірістік тәжірибе жұмыстарын жүргізетін келісімге қол қойылды. Ол үшін ТОО «Борусан Макина Казахстан» мекемесінде 2 сынып дайындалып 64 адамдық конференц зал іске қосылған болатын.

16 мамыр 2012 ж – Тілдер басқармасымен ұйымдастырылған, «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқуларына арналған сайыс қаламыздың әсем ғимараты С.Сейфуллин атындағы драма театрында өтті. Аталмыш сайысқа облысымыздың әр аймағынан келген 17 мен 30 жас аралығындағы 19 қатысушы болды. Университетіміздің атынан 1-курс студенті Безрукова Руслана өз бағын сынады. Сайысқа қатысушыны дайындауға ҚТжәнеМ кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы Г.С.Байпелов, ф.ғ.к., оқытушы Ж.М.Искакова, ф.ғ.м., оқытушы А.Н.Мұратовалар тағайындалды. Конкурс 3 бөлімнен тұрды:

  1. Абайдың өлеңін мәнерлеп, жатқа айту (поэзия).
  2. «Абай жолы» романынан үзіндіні жатқа айту (проза).
  3. Абайдың әнін орындау.

Сайыстың нәтижелері бойынша бірінші орынды Сәтпаев қаласынан келген сайыскер жеңіп алды, 2-орын Политехникалық колледж және «Болашақ» университетінің студенттеріне берілді, 3-орынды ҚЭУ және БГТИ сайыскерлері алды, ал екі сайыскерге, оның ішінде Безрукова Русланаға қазақ тілі мен мәдениетіне еркеше үлес қосқаны үшін ынталандыру сыйлығы берілді. Барлық жүлдегерлер арнайы сертификаттар мен ұлы данамыз Абайдың кітаптарымен және басқа да сыйлықтармен марапатталды.

14 сәуір 2012 ж – Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ф.ғ.к., аға оқытушысы А.А. Жүсіпова және оқытушы Қ.Қ. Нұржанова 2012 жылдың 5 наурызынан 17 наурызына дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің біліктілікті көтеру және педагог кадрларды қайта даярлау Институтында 72 сағат көлемінде «Мемлекеттік тіл қазіргі мемлекеттік өзара әрекеттесім негізі ретінде» атты курс аясында  біліктіліктерін көтергені туралы сертификат алды.

24 наурыз 2012 ж – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында орыс тілді студенттер арасында «Қазақ тілін білгенің – өз еліңді сүйгенің» атты институтаралық олимпиада өтті. Олимпиада 2 тур бойынша өтті.

Олимпиада бағдарламасы:

  1. Мазмұндама.
  2. Жағдаяттық тапсырмалар.

а) Берілген мәтін мазмұнын толықтыру.

б) Мамандық әлемінде(өз мамандығын таныстыру).

Олимпиадаға қатысқан студенттер тізімі:

1.Сон Никита (С-11-2)

2.Ким Александр (С-11-3)

3.Ложкин Максим (ПС-11-2)

4.Родина Анна (ТТ-11-4)

5.Городецкая Владлен (ОП-11-5)

6.Бузяков Рустам (РЭТ-11-3)

7. Луценко Максим (ГД-11-4)

8. Локшина Мария (СИБ-11-2)

9. Чукнарева Ольга (БЖД-11-2)

10.Иванова Юлия (ПСК-11-2)

Олимпиада қорытындысы:

1 орын – Бузяков Рустам (РЭТ-11-3).

2 орын – Ким Александр (С-11-3).

3 орын – Родина Анна (ТТ-11-4).

3 орын – Локшина Мария (СИБ-11-2).

Жауапты оқытушылар:

Шахина С.Ж., Жетпісбай Ш.А., Хасен М.Ә.

14 наурыз 2012 ж – Назар аударыңыздар! Университетке конференцияға қатысуға шақыру келіп түсті. Толығырақ

13 марта 2012 года – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасы Марченко Григорий Александрұлымен онлайн – конференция. Толығырақ

05 наурыз 2012 ж – Қарағанды облысының тілдер басқармасының ұйымдастырылуымен 2012 жылдың 29 сәуір күні қазақ тілінен өзге ұлттар арасында сайыс өтті. Сол сайыста С-11-2 тобының студенті Пономарева Светлана жүлделі орынға ие болды. Жеңіске ат салысқан қазақ тілі кафедрасының ұжымы да атап өтілді.

17.02.12 – 2012 жылдың 24 ақпан күні сағат 16.0-де ҚарМТУ-дың Бірінші корпусының 207 аудиториясында абитуриенттерге арналған институттың ашық есіктер күні өтеді. Оқушылар алдында АК (Интыков Т.С.), ӨК (Акашев А.З.) и ЖҚМ (Грузин В.В.) кафедраларының меңгерушілері сөз сөйлейді. Келіңіздер!

30.01.12 – Назарларынызға! eAstana жобасы бойынша онлайн сұранымдарының қабылдауы мерзімі 2012 жылдың 12 ақпанына дейін ұзартылды (ERASMUS MUNDUS бағдарламасы).

01.01.12 – СТУДЕНТТЕРГЕ!!! Екінші семестр 23 қаңтар күні басталады.

11.11.11 – Тәуелсіздік сарайында Көлік және коммуникация министрлігінің ұйымдас¬тыруымен Қазақстан көлік күндері ашылды. Осы шара аясында көлік және коммуникация саласына арналған халықаралық көрме ұйымдастырылып, «ТРАНС-ЕВРАЗИЯ-2011» VІІІ халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Осы ісшараға ЖКИ әкімшілігі атынан Балғабеков Төлеу Күнжолұлы Астана қаласында конференцияда болып қайтты.
Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ұлттық көлік жүйелері мен трансқұрлықтық көлік дәліздерінің даму келешегін талқылаған аталмыш халық¬аралық конференцияға отандық және шетелдік көлік ведомстволарының басшы¬лары, Достастық мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйымдардың басшыла¬рымен, елуге тарта мемлекеттің қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев салтанатты түрде ашып, қатысушылар мен қонақтарды Қазақстан Көлік күндерінің жалпы бағдарламасымен таныстырып шықты. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Бағдарламаға сәйкес конференцияның пленарлық отырысында Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Көлік ведомствосының басшысы барлық Еуразия құрлығының интеграциясы туралы идеяны Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғанын атап өтіп, сенімді және тиімді көліктік желілер мен көлікті дамытуда өңірлік экономикалық ынтымақтастық пен тұрақтылықты тереңдету, сондай-ақ еуразиялық өңірдегі сауданы дамыту үшін маңызы зор екендігіне баса назар аудартты.
Бұдан өзге Беларусь Республикасының Көлік және коммуникация министрі И.Щербо, Латвия Республикасы Қатынас министрі А.Ронис, Болгария Республика¬сының Көлік, ақпараттық технология және коммуникация министрі И.Московски, Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Н.Асаул, Польша Республикасы Инфрақұрылым министрінің орынбасары М.Янковский, Әзербайжан Республикасы Көлік министрінің орынбасры М.Панахов, Литва Көлік вице-министрі А.Штрас, Венгрия Республикасының Көлік ісі жөніндегі мемлекеттік хатшысы З.Шваба баяндама жасады. Сөз сөйлеушілер Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігінде экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуда әсерлі жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өтті.

11.11.2011 ж. ҚарМТУ-нің Бас корпусының Акт залында “ҚарМТУ Ректорының Кубогына” арналған КВН ойыны өтеді. Жол-көлік институтының тобына қолдау көрсетуге шақырамыз!!!

2011 жылдың 1 қарашасына дейін ҚР Бірінші Президентінің Қоры ұйымдастырып жатқан конференцияға жұмыстар қабылдау жүріп жатыр. Толығырақ www.fpp.kz сайтында.

2011 жылдың 6 қазан күні жол-көлік институтының студенттері Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында болып қайтты. ТТ-10-1 тобының студенті Бекбашев Сырым Алғыс хатқа ие болды.

2011 жылдың 31 тамыз күні сағат 15.00-де Бірінші корпустың 209 аудиториясында жол-көлік институтының 1-курс студенттерінің жиыны өтеді. Қатысу міндетті түрде. Студенттерге өздерімен төл құжат пен СЖН (РНН) құжаттарын алып келуге өтінеміз.

2011 жылдың 11- наурызында   «Өзектілік. Мамандық. Жұмысқа орналасудың перспективасы»   атты  дөңгелек үстел  өтті.  Онда әртүрлі институттардан 30  адам қатысқан.  Аталмыш дөңгелек үстелде  болашақ жұмысқа орналасудың перспективалары мен мамандықтардың   артықшылықтары мен кемшіліктері  сөз етілді.

2011 жылдың 18-наурызында  «Арман» боулинг-клубында боулингтен  институтаралық  турнир өтті.  Осы ойында  6 командалық топ сайысқа түсті.  Турнир 2  турлық айналымнан өтті және де  осы ойынның барысында  үш жеңімпаз бен  турнирдің үздік ойыншысы анықталды. Соның ішінде: І орынды ЖКИ командасы, ІІ орынды ӘТИ командасы,  ал ІІІ орынды ЭИ командасы  жүлделі орынды еншісіне байлады.  Турнирдің үздік ойыншысы атағын  ӘТИ-ның студенті Жүсіпова Жұлдызай  иеленді.

Без рубрики