Жаңалықтар

2018ж. 12 сәуірде Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетінде ӨПА кафедрасының Ph.D, доцентің, ҚарМТУ-дың жас ғалымдар кенесінің төрайымының орынбасары «Ғылым және білім — 2018» ХIII Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  – Елбасы Қоры – Қазақстандағы Президент қоры. Бұл еліміздегі қызметі кәсіби басқару және жобалардың жүйелілігі қағидаларын ұстанатын ірі коммерциялық емес қор. Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеяларын жүзеге асырып жатыр.
Қор жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілетті сараптама-талдау орталығын дамытуға бағытталған.
Өзінің Миссиясын сәтті жүзеге асыру үшін үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
1.Қор қазақстандық жастардың зерттеулері мен жобаларын қолдап, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық іс-шаралар өткізіп, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға және жүзеге асыруға көмектеседі.
2.ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Қор нақты әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешетін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады. Қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.
3.АНАЛИТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
Қор өзінің құрылымында «Ми орталығы» — Әлемдік экономика және саясат институтын дамытады. Бұл — өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті, халықаралық қатынастарды талқылайтын ашық алаң.

Без рубрики