Жаңалықтар


«Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы



19.02.2019

2019 жылдың 20 ақпанында кітапхана «Ақпараттық күніне» Жол-көлік факультеті  шақырады. Сіздерді 10.00-ден 17.00-ге дейін электронды оқу залында күтеміз (254 аудитория, бас ғимарат).

Қатысушылардын тізімі

11.02.2019

2019 ж. 14- 15 сәуір Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қ. Сәтпаевтың 120 жылдығына және ҚР Жастар жылына арналған «Қазақстан-2050 «Стратегиясын жүзеге асыруға жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференциясын өткізеді

Толық ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 224 б., тел. 56-52-34, ішкі 1052)

30.01.2019

2018 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Университет Ғылыми Кеңесінің салтанатты отырысы біздің ЖОО-ның еңбек сіңірген ардагерлерін құттықтау рәсімін жалғастырды. Көп жылдық жемісті және шығармашылық еңбегі, жоғары білікті мамандарды дайындауға қосқан жеке үлесі, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «ҚарМТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен «Көліктік техника және логистикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Смирнов Вячеслав Михайлович марапатталды.

Құттықтаймыз!

28.01.2019
5.01.2019

9 оқытушысы «2018 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды…

4.12.2018

Студенттердің аралық аттестациясын өткізу кестесі
12.11.2018

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 2018 жылдың 19 қарашасынан 21 қарашасына дейін АРТА Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде институционалдық аккредитациядан өтеді.

9.11.2018
19.10.2018

Диссертациялық жұмысты табысты қорғауымен:

Философия докторы ғылыми дәрежесін ҚарМТУ-да  алуымен

5D071300 «Көлік,көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша

БАЛАБЕКОВА ҚЫРМЫЗЫ ГЕНИЯТОВНАНЫ,

КУНАЕВ ВЯЧЕСЛАВ АЛЕКСАНДРОВИЧТІ,

ҚЫЗЫЛБАЕВА ЭЛЬВИРА ЖАНАБЕКОВНАНЫ

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

16.04.2018

16.04.2018 ж. КТ және ЛЖ кафедрасында Пусан қаласының (Оңтүстік Корея) Көлік департаменті делегациясымен автомобиль көлігі мамандарын дайындау үшін кафедраның оқу-зертханалық базасымен танысу мақсатында кездесу өтті

13.04.2018

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (Алматы қ.) 2018 жылдың 11 сәуір күні Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша кафедра студенттері:

Акишева Назгул Абилбековна — «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері » пәні бойынша бірінші орынға ие болды

Баяндин Райымбек Русланұлы – «Көлік логистика» пәні бойынша екінші орынға ие болды

19.03.2018

19.03.2018 ж. сағат 15.00 1-319 аудиториясында КТжәнеЛЖ кафедрасының кеңейтілген  отырысы өтеді

06.11.2017

22.12.2017 ж. сағат 15.00 1-319 аудиториясында КТжәнеЛЖ кафедрасының кеңейтілген  отырысы өтеді

17.11.2017

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесіне ұсынылған Жунусбекова Жанара Жумашкызының «Топырақтағы қабырға» әдісімен салуға арналған айналмалы әрекеттегі жер қазатын машиналарды зерттеу және есептеу»  және 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша PhD философия докторы  дәрежесіне ұсынылған Бақыт Ғабит Бақытұлының   «Маневрлі тепловоздардың пайдалану сенімділігі мен үнемділігін зерттеу және жоғарылату»тақырыбында диссертацияларың қорғау өтті!

06.11.2017

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесіне ұсынылған Жунусбекова Жанара Жумашкызының «Топырақтағы қабырға» әдісімен салуға арналған айналмалы әрекеттегі жер қазатын машиналарды зерттеу және есептеу» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
1. Орынбасаров Амангельды – техника ғылымдарының кандидаты, «Виртген Казахстан» ЖШС директорының орынбасары;
2. Муздыбаева Альфия Сеиткызы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Технологиялық машиналар мен көлік» кафедрасының профессорының міндетін атқарушы.
Ғылыми кеңесшілер: 
1. Кадыров Адиль Суратович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессоры.
2. Тимухина Елена Николаевна – техника ғылымдарының докторы, Урал мемлекеттік қатынас жолдары университетінің профессоры (Ресей Федерациясы).
Қорғау 2017 жылғы 17 қарашада, сағат 13.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56,   бірінші корпус, 319 дәрісхана.

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша PhD философия докторы  дәрежесіне ұсынылған Бақыт Ғабит Бақытұлының   «Маневрлі тепловоздардың пайдалану сенімділігі мен үнемділігін зерттеу және жоғарылату» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
1. Омарбеков Арыстанбек Кумарбаевич – техника ғылымдарының докторы, Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы;
2. Алижан Алмас – техника ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындғы Қазақ агротехникалық университетінің «Техникалық механика» кафедрасының доцент м.а.
Ғылыми кеңесшілер: 
1. Малыбаев Сакен Кадыркенович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессоры.
2. Грачев Владимир Васильевич – техника ғылымдарының кандидаты, Петербург мемлекеттік қатынас жолдар университетінің «Локомотивтер және локомотив шаруашылығы» кафедрасының доценті (Ресей Федерациясы).

Қорғау 2017 жылғы 17 қарашада, сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56,   бірінші корпус, 319 дәрісхана.

Без рубрики