«Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие Үлгісінің тұсаукесері болып өтті

2016 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентініңҰлт көшбасшысының кітапханасында және Назарбаев Университетінің кітапханасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие Үлгісінің тұсаукесері болып өтті.

Тұңғыш Президент кітапханасында іс-шара ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы тыңдаушыларының, «Кемел Ел» Жастарды тәрбиелеу орталығы қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың курстастары Т.С. Сүлейменовтің, Қ.З. Сәрекеновтің, Қ.О. Омашевтың, Е.И. Төлеубаевтың және В.А. Никоновтың, ҚарМТУ жетекші ғалымдары мен студенттік активінің қатысуымен өтті.

Назарбаев Университетіндегі ҚарМТУ тұсаукесеріне академиялық істер жөніндегі  вице-провост Лоретта О’ Доннелл, бас менеджер Петр Лапо және елдің бірінші ЖОО студенттері қатысты.

Өз сөзінде ҚарМТУ ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев: «Біз – Тұңғыш Президент кітапханасына және Назарбаев Университетіне тарту ретінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 254 атаулы кітаптар түрінде инновациялық саясатты және тәрбие жұмысының технологиясын іске асыру жөніндегі ғылыми-әдістемелік кешенді алып келген бірден бір  университетпіз. Оның құрамында монографиялар, оқу және әдістемелік құралдар мен брошюралар, мазмұны өзекті ғылыми-практикалық конференциялар еңбектерінің жинақтары бар. Кітаптар құрамына сондай-ақ ҚР Тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың үлгісіндегі имиджеология негіздерінің 7 томы енеді. Ғылыми-әдістемелік кешеннің материалдары ұдайы жаңартылып, жетілдіріледі. Уақыт талабына біз жаңа, соның ішінде интерактивті әзірлемелермен жауап береміз. Үлгінің әдіснамалық негізі «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық құндылықтары болып табылады.

Биыл біз тәрбие жұмысын күшейттік, осыған байланысты: «Жаңа Қазақстандық патриотизмді техникалық ЖОО студенттерінің бойында тәрбиелеу» атты жаңа монография пайда болды. Ғылыми жұмыстар негізінде, олардың бойына бірегей табиғи және адами әлеуеті үшін, егемен Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшін өз елі үшін мақтаныш сезімін дарытып, жас ұрпақты  патриоттық тәрбиелеуді қалай ұйымдастыру керек екендігі көрсетілді», — деп атап көрсетті.

«70 жыл бұрын қырғи қабақ соғыстың идеологы американдық Аллен Даллес КСРО-ны құлату жөніндегі зұлмат жоспарын ұсынды. Ол: ««Ерте ме кеш пе екінші дүниежүзілік соғыс аяқталады. Барлығы реттеліп, етек жеңін жинайды. Біз қолда бар бүкіл алтынымызды, материалдық қуатымызды адамдарды дүбәра етуге жұмсаймыз! Адам миы, сана сезімі құбылмалы. Біз оны былыққа толтырып, білдіртпестен бар құндылықтарын жалған құндылыққа алмастырамыз және оларды сол жалған құндылыққа күштеп сендіреміз. Хаостың ұрығын сеуіп, олардың құндылықтарының орнына жалған құндылықтар жасап, соған сенуге мәжбүр қыламыз. Біз олардың арасынан өз жақтастарымыз бен көмекшілерімізді табамыз. Жер бетіндегі тұғыры биік халықтарды бірінен соң бірін ұлы трагедияға ұшыратып, санасын біржолата өшіреміз. Әдебиет пен өнердің әлеуметтік мәніне баса назар аударып, әдебиетшілер мен суретшілерді халықтың жүрегінің түбінде болып жатқан процестерді зерделеу мүмкіндігінен айырамыз.

Мемлекетті басқару саласына да хаос пен тәртіпсіздікті орнатамыз. Біз үнемі белсенді түрде ымы-жымын білдіртпей шенеуніктердің есерсоқтығына, парақорлығына, принципсіздігіне жол ашамыз. Адалдық пен елдік келекеге айналып, ескіліктің сарқыншағы деп есептеліп, ешкімге керек болмайды.

Тек азғантай адамдар ғана, өте азғантай адамдар ғана айналасында болып жатқан бассыздықтардың шығу себебі мен төркінін түсініп ұғады. Алайда, ондай адамдарды дәрменсіздікке ұшыратып, күлкіге айналдырамыз, оларды өсекке қалдырудың және қоғамның қоқыс жәшігіне лақтырудың әдіс-тәсілдерін табамыз.

Біз осылайша ұрпақтарды бірінен соң бірін аздырамыз… Балалар мен жасөспірімдерді өз жағымызға тарту үшін күресеміз. Жастарды басты назарда ұстап, оларды бұзықтыққа, азғындыққа жетелейміз. Олардан космополиттерді жасап шығарамыз» деді. Қорытындысында мақсатқа қол жеткізіліп, Кеңес Одағы құлады. Кеңестердің кезіндегі қуатты идеологиялық тұғырнамасы заматта күйреді. Сөйтіп, бүлдіргіш күштермен толтырылған вакуум пайда болды. Қазір біздің бүкіл әлем болып жүйелі тәрбие жұмысы туралы ойлануымыз керек болса, біз соны жасай алдық. Аталмыш бағдарлама 4 жылға есептелген. Әрбір апта сайын кураторлық сағаттар өтеді, олар оқу кестесіне енгізілген. Аталмыш Үлгі және заманауи технологиялар негізінде МИИДБ-2 шеңберінде елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ауқымды міндеттерін шешуге тартылған болашақ мамандарды кәсіби тәрбиелеудің тиімді жүйесі іске асырылуда», — деп атап өтті Арстан Ғазалиев.

Ректордың сөзіне қарағанда, ҚарМТУ базасында екі рет республикалық кеңестер өткізілді. 2010 және 2013 жылдарда жастарды патриоттық тәрбиелеу Үлгісінің жинақтамасы электронды және қағаз түрінде  жалпы алғанда еліміздің 147 ЖОО-ларына тарту ретінде тапсырылды.

Іс-шаралардың соңында ҚарМТУ ректоры Тұңғыш Президент кітапханасына және Назарбаев Университетіне патриоттық тәрбие Үлгісін іске асыру жөніндегі ғылыми-әдістемелік кешенді тарту ретінде тапсырды. Назарбаев Университетінің өкілдері ҚарМТУ делегациясына барлық кітаптар өте қысқа мерзімде ағылшын тіліне аударылады деп уәде берді.

Без рубрики