Үздік очерк жарысы


Ильяс ЕсемберлинЖазушы, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, ҰОС қатысушысы Ілияс Есенберліннің 100 жылдық мерейтойына арналған үздік очерк жарысының ережелері:

Жарыстың негізін салушылар:

— жастар саясыты департаменті;
— кураторлар кеңесі.

Жарыстың мақсаттары мен міндеттері:

— І.Есенберлиннің шығармашылық мұрасын насихаттау;
— жастардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
— өз ойлары мен сезімдерін көркем тілмен, сауатты жеткізе алатын жастарды анықтау;
— жастар арасында қазақстандық әдебиетті тарату.Қатысушылар: жарысқа І. Есенберлиннің шығармашылығына қызығатын 1-3 курс студенттері, кураторлар және университеттің ПОҚ шақырылады.

Жарыс шарттары:

— очерктің мазмұнының жарыс мақсаты мен тақырыбына сай болуы ең басты бағалау критериі болып табылады;
— очерктің жазылу стилі, тілі, сюжеті, көркемділігі және ойының шынайылығы қосымша есептеледі;
— очерк дәстүрлі түрде де, басқа да ерекше түрде де жазылуы мүмкін: очерк- арнау; очерк- өлең; очерк- хат және т.б.;
— жарыс комиссиясы жіберілген шығармаларды рецензияламайды, шығарманы авторға қайтармайды және жарысқа ұсынылған шығармағы байланысты авторлармен пікір таластырмайды;
— жарыс комиссиясы жарыс шарттарына сәйкес келмеген шығармаларды қарастырмауға, автрмен хат алмаспауға және шығарманы қабылдамау себебін түсіндірмеуге құқылы;
— жұмысын жарысқа жібірі отырып, авторлар жарыс ұйымдастырушыларына өз жұмысын авторларын көрсете отырыа коммерциялық емес мақсатта қолдануға (университет сайтына салуға, баспаға беруге) құқық береді;
— жарысқа тек жеке жұмыстар қатыстырылады.

Шығарманы рәсімдеу талаптары:

— жұмыс Word мәтіндік редакторында жазылуы тиіс, қаріп — Times New Roman, қаріп өлшемі — 14, жол аралық интервал — жалаң;
— жұмыс көлемі А-4 пішіміндегі 3 беттен аспауы тиіс;
— басты бетте шығарма тақырыбы, студенттің аты- жөні, тегі, тобы көрсетілуі тиіс;
— қатысушылар жұмыстарын 2015 ж. 16 қаңтарға дейін ЖСД –не жіберулері қажет. ҚарМТУ, 6 ғимарат (315, 317 б.) немесе e-mail: vr_kargtu@mail.ru

Жеңімпаздарды марапаттау: Жарыс нәтижелері 20.02.2015 ж. ЖСД-де шығады. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары мен мақтау қағаздары беріледі. Жеңімпаздар тізімі Университет сайтында орналастырылады.

Без рубрики