Ганюков Александр Анатольевичтің Докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Ганюков Александр Анатольевичтің 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша «Қалалық коммуникациялық желіні жөндеу кезінде қолданылатын  мобильдік жолды есептеу және конструкциялау әзірлемесі» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

  1. Орынбасаров Амангелді Сатыбалдиевич – т.ғ.к., доцент, «Виртген Қазақстан» ЖШС директордың орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;
  2. Тоғызбаева Бағлан Болсынқызы – т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Көлік, көлік техника және технология» кафедрасының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Кадыров Адиль Суратович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессоры.
  2. Алиев Самат Бикитаевич – техника ғылымдарының докторы, РҒА Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институтының профессоры (Ресей Федерациясы).

Қорғау 2019 жылғы 1 қарашада, сағат 11.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 319 дәрісхана.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: sgn2002@mail.ru

 


 

Без рубрики