«Замандас–2016» байқауы


zamandas_logo

Қарағандыда өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіпқой мамандарды анықтау мақсатында жыл сайын «Замандас» байқауы өткізіледі. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған аталмыш байқау ел Тәуелсіздігінің мерейлі 25 жылдығына арналды. Университетіміздің «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасының  аға оқытушысы, PhD докторы, –Щербакова Елена Петровна  ХІ «Замандас–2016» байқауының «Ғылым мақтанышы» аталымы бойынша лауреаты атанды.

«Замандас» байқауы – «Біз – қарағандылықтармыз» фестивалі аясында, қалалық әкімдік пен қалалық мәслихаттың қолдауымен және Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен дүниеге келген жоба. Оның авторы – Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы. Байқаудың мақсаты – өз саласының биік белестерін бағындырған, қала мен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан адамдарды анықтап, өзгелерге үлгі ету.

Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының өркендеуі және игілігі үшін жұмысына бұдан әріде табыс тілейміз!

Видео презентация Лебедева Сергея Алексеевича

Видео презентация Мехтиева Али Джаваншировича

Видео презентация Шербакова Елена Петровна

Видео с сайта www.nv.kz

Без рубрики