Нәтижесінде облыстың тарихи және рухани мұрасы туралы білімдерін нығайту, патриотизмді және олардың өз жерлерімен мақтану сезімін тәрбиелеу болды

2018 жылдың 27 қарашасында «Рухани Жаныру» бағдарламасының «Қазақстанның қасиетті географиясы» арнайы жобасы аясында «Қарағанды облысы бойынша Киелі жерлер Картасы» атты ойын-викторинасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты — облыстың мәдени нысандарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге қызығушылық таныту.

Іс-шара барысында студенттер тақырыппен басылымдар мен бейнелерді зерттеу арқылы танысты. МЕТ-18-1 тобының студенті Бермұратов Асқар Қарағанды ​​облысының Киелі жерлері туралы баяндама жасады. Бұл тақырып студенттер арасында қызығушылықты тудырды, студенттер өзара сұрақ-жауап алмасып, баяндама талқыланды. Іс-шараның соңғы кезеңінде облыстың рухани қасиетті жерлерін білу бойынша викториналық ойын болды.

Іс-шараға 54 адамнан тұратын машина жасау факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.Нәтижесінде облыстың тарихи және рухани мұрасы туралы білімдерін нығайту, патриотизмді және олардың өз жерлерімен мақтану сезімін тәрбиелеу болды.

Без рубрики