ҰЗ ТПУ доценті А.Г.Мельниковтың тағылымдамадан өтуі

IMG_5869ҰЗ ТПУ доценті А.Г.Мельниковтың Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі тағылымдамадан өтуі аяқталды. 22- 27 мамыр аралығында ҚарМТУ Халықаралық материалтану орталығы негізінде сертификат берумен тағылымдамадан өтудің алғашқы кезеңі өтті.

Тағылымдама мақсаты заманауи материалтану саласында техологияларды коммерциялау тәжірибесін зерттеу және маңызды компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы материалдарды зерттеудің перспективалық әдістерін меңгеру.

Доцент А.Г.Мельниковтың Thixomet, ThermoCalc бағдарламалық қамтамасыз етулерінде материалдардың құрылымын сапалық және сандық талдау бойынша және  кен- шахталық жабдықтардың бөлшектерінің материалының физикалық және механикалық қасиеттерін зерттеу бойынша алынған тәжірибелік дағдыларын тексеру тесті тағылымгердің жоғарғы білімін көрсетті.