Тоғызыншы Сағынов оқулары


2016 жылдың 22-23 маусымы күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (дәстүрлі №9 Сағынов оқулары) өтті.

  Аталмыш конференция ҚарМТУ қабырғасында дәстүрлі түрде 33 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатыр.    2009 жылдан бастап,  алқалы жиын Университеттің негізін қалаушы Әбілқас Сағыновтың есімімен аталды.

Пленарлық мәжілісті университет ректоры Марат Кеңесұлы Ибатов ашты. Өз сөзінде ол жыл өткен сайын Халықаралық конференцияға қатысуға тілек білдірушілер санының артып, жиынның мәртебесі өсіп келе жатқанын білдіртті. – «Сағынов оқулары – бұл ғылым, білім және өндірістің өзекті мәселелері талқыланатын маңызды жиын. Өйткені бұл мәжілісте айтылған әрбір сөз салмағы бар, мұнда шынымен өндірістің негізгі орталығы болып табылатын Қарағанды аймағының өндіріс орындарын нығайту және жаңарту  жолдары ұсынылады» — деді мекеме басшысы.

Конференцияға  Қазақстанның ғылым, білім беру және өндірістік ұйымдарынан, алыс және жақын шет елдерден ғалымдар, ҒжБМ өкілдері, аймақ басшылығынан Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Ж.А. Әбішев қатысты. Конференцияға келіп түскен баяндамалардың  жалпы саны 570. Олардың 124-і АҚШ, Франция, Канада, Польша, Австрия, Түркия, Ресей сияқты шет мемлекеттерден  келді. Ал қазақстандық ірі  өндіріс орындарынан    «АрселорМиттал Темиртау»  АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік ұйымы» АҚ және Корпоративті университет ұйымдарынан 45 басшылары келіп, баяндама оқыды.

Сағыныв оқуларының басты өзгешелігі сол, конференция аясында «2015-2019 жж Индустриаландыру Картасына» енген  аймақ өндірісін дамыту және жаңарту сұрақтары қарастырылған 13 секция жұмыс жасады.     Олар: «XXI ғасыр білімі»; «Болашақ энергетикасы –ЭКСПО-2017 инновациялық тренді»; «IT- және Smart технологиялар»;  «Тау-кен салаларын дамыту мәселелері және перспективалары»; «Машина жасаудағы ресурс үнемдеу технологиялары»;

«Металлургиядағы инновациялар»; «Жаңа материалдар және технологиялар»; «Сәулет, құрылыс материалдары және технологиялар»; «Көлік және логистика»; «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы»; «Кәсіпкерлік, қоғамның инновациялық дамуы ретінде»; «Химия-биологиялық ғылымдар»; «Жертану»;

Бұл жылғы жиынның жақсы жаңалығы – ЖОО-на Швейцариялық Leica Geosystems (Лейко Геосистемс) компаниясы тарапынан теодолит өлшеу құрылғысы сыйға тарту етілді.  Жақын мезгілде бұл құрал Жәйрем, Сәтпаев және Шұбаркөл кен байыту комбинаттарында топографиялық түсірілім кезінде көлденең және тік бұрыштарды өлшеу үшін қолданылмақ.

Екі күнге созылған тоғызыншы Сағынов оқулары қатысушылар тарапынан бір ауыздан қолдау тапқан конференция шешімімен соңына ерді.

 

Без рубрики