Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесу


2017 жылдың 26-сәуірінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» студенттер сарайында Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталы» КММ-нің жастарды жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қалиев Б.А. және жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің аға кеңесшісі Уалиев Ф.Е. қатысуымен ҚарМТУ-ға Қызылорда облысынан «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — студенттердің әлеуметтік — тұрмыстық жағдайын, оқу үрдісін бақылау, болашақта жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін қозғау.

Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, білім алып жатқан ЖОО-да барлық жағдай жасалғанын, білім беру сапасы жоғары дәрежеде екенін айтып, арнайы уақыттарын бөліп келген Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталы» КММ-нің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Без рубрики