«Қызықты көңіл, студенттік өмір!»


2017 жылдың 10-қарашасында ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында Студенттер Кеңесінің ұйымдастыруымен Студенттер күніне орай «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты мерекелік концерт өтті.

Іс шара барысында №1 жатақхана тұрғындары  өз өнерлерімен көрерменнің жүрегіне жол тауып, көңілді кеш ұйымдастырды. Қаншама қиындықтар мен кедергілерден сүрінбей, алға қарай ұмтылып келе жатқан студенттердің жандарына қажымас қайрат, таусылмас жігер сыйлады.

Концерт барысында өнер көрсеткен студенттер:

  • ГД-14-1 тобының студенті, Мұратхан Еркін — «Қазақ қызы» әні;
  • МВ-15-1 тобының студенті, Асылбек Атабек — «Студент» атты шығармашылық туындысын оқыды;
  • ГПР-16-1 тобының студенті, Жакипов Султан — өлең оқыды;
  • СТ-16-1 тобының студенті, Оспан Айзат – «Ана» әні;
  • МВ-15-1 тобының студенті, Мусаев Дамир – ән;
  • БЖД-15-1 тобының студенті, Нақыпбай Саят – ән;
  • ТЭ-15-1 тобының студенті, Панабек Жанмейір – гитара.
Без рубрики