«Қытай тілі көпірі» 2015 Республикалық жарысындағы жеңіс

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеиті жанындағы Конфуций институтының студенттері «Қытай тілі көпірі» 2015 Республикалық жарысында жүлделі орындарға ие болды. (Астана қ., 2015 ж. 17 мамыр)

Аталмыш жарыс 3 кезеңнен тұрды. Бірініші кезең: қытай тілінде өзі туралы айту; екінші- 15 сұраққа жауап беру; үшінші- шығармашылық жұмыс жасау.

Іс-шараға Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚарМТУ және АМПИ (Ақтөбе) негізіндегі Кунфуций институттарының қытай тілі курстарында білім алушылар қатысты.

ҚарМТУ КИ студенттері Маржан Ергешова  және Айгерим Абильдина 1 және 2 орындарға ие болып жоғары нәтиже көрсетті. Мекетп оқушылары арасында 3 орынға Аяушан Сапарбаева ие болды.

IMG_5748

«Қытай тілі көпірі» 2015 Республикалық жарысының жеңімпаздары Маржан Ергешова, Айгерим Абильдина және Аяушан Сапарбаева  460 Конфуций Институтының өкілдері қатысатын, осы жылдың жазында Қытайда өтетін «Қытай тілі көпірі» 2015 әлемдік жарысына Қазақстанның атынан қатысады.

«Қытай тілі көпірі» — бұл барлық әлемде қытай тілі мен мәдениетін тарату мақсатында қытай үкіметі жасаған және қаржыландыратын халықаралық студенттік жарыс болып табылады. 2002 жылдан бұл іс-шара жыл сайын өткізілуде. Жарыс үздік студенттерге қытай тілін және мәдениетін  меңгеру деңгейін, Қытай  мәдениеті, тарихы, жағрафиясы, музыкасы, өнері саласындағы білімін көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚарМТУ жанындағы Конфуций Институты 2012 жылы ашылды. Бүгінгі күні мұнда 70 аса тыңдаушылары бар және жас, сонымен қатар Қазақстандағы техникалық университет негізіндегі жалғыз Конфуций Институты болып табылады.