«Ғылым және инновациялар —экономикалық даму негізі» форумы

«Ғылыми-техникалық ақпараттар ұлттық орталығы» АҚ Thomson Reuters компаниясымен бірлікте Сіздерді және әріптестеріңізді 2016 жылдың 18 қарашасы күні өтетін  «Ғылым және инновациялар —экономикалық даму негізі»  тақырыбындағы форумға қатысуға шақырады.

Форум жұмысына ҚР БжҒМ  және Thomson Reuters компаниясының басшылары, ғылыми ұйымдар, ЖОО өкілдері және Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары қатысады.

Іс-шара аясында Тәуелсіз жүлде ұсыну салтанатты рәсімі өтеді.

«Ғылым көшбасшысы» – жоғары дәрежелі жарияланым белсенділігі  және Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының мәліметтері бойынша  дәйексөз алыну жиілігі  үшін берілетін жүлде.

Марапаттау рәсімі үш түрлі номинация бойынша жүргізіледі:

— 2011-2015 жж. Қазақстанның ең жиі дәйексөз алынатын ғылыми ұйымдары;

— жоғары дәрежелі импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған қазақстандық мақалалар;

— 2008-2015  жж. жиі дәйексөз алынған жас ғалымдар;

Форум мына мекен-жайда өткізіледі:  Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 221, акт залы, басталуы сағат 10.00-де, тіркелу 09:00-ден басталады.

Форумға қатысу үшін www.nauka.kz сайтында онлайн-өтінім толтыру керек. Тіркелудің соғы күні 2016 жылдың 16 қарашасы.

Сұрақтар бойынша мына тел. хабарласыңыздар: +7 727 378 05 78, e-mail: 3780544@bk.ru.