«Я тебя люблю, Ақерке» атты фильмінің тұсаукесері

2017 жылдың 3 – ақпанында Қарағанды қаласының «Сарыжайлау» кинотеатрында «Я тебя люблю, Ақерке» атты фильмінің тұсаукесері өтті. Аталған фильмге ҚарМТУ-дың Серпін жастары да барып, фильмнің басты рөлін сомдаған әртістермен танысты.

«Фильмде жазылмас дертке шалдыққан Ақерке жайлы баяндалады. Туынды өте әсерлі (оқиға шынайы өмірден алынған) нағыз достықты дәріптейтін, сезімге берік жастардың өмірін көрсете білген. Оның ауыр дертке шалдығуы, емі үшін достарының барынша көмек көрсетуі, шынайы достық пен махаббаттың өмірде ең маңызды ақшаға сатылмайтын дүние екендігі және осы қасиеттерді барша жан бағалай білуі керектігі туралы терең ой тастайды. Мұнда адамға ең керек дүниелер адалдық, шынайылық, достық, мейірім мен нәзік сезім, махаббат айқын, əрі анық көрсетілген. Бұл киноны көрген əрбір адамның көзіне еріксіз жас келіп, жүрегі елжірейді», — дейді фильмді тамашалауға барған студенттер қауымы.

Кинодан түскен қаржы ауыр науқас балаларды емдеуге жұмсалады. Осыған үлес қосу мақсатында Қарағанды Серпін жастарының  ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» акциясы басталып, «Сарыжайлау» кинотеатрында қайырымдылық жәшігі орнатылды.

мер01

 

Серпін жастары

мер02

«Я тебя люблю, Ақерке» атты фильмінің тұсаукесері