«Ғылыми-зерттеу серіктестіктер» жобасы: жол гранттарына байқау


British council «Ғылыми-зерттеу серіктестіктер» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан зерттеушілері зерттеу институттары мен Великобритания университеттеріне 3 айға дейін жол сапарын қаржыландыруға сұраныс бере алады.

Сұраныстар британдық ғалымдардан да қазақстандық университеттерге сапар мақсатымен қабылданады.

Сұраныс берген зерттеушілер ғылым дамуының 5 маңызды саласында (зерттеу жүргізу) жұмыс істеу керек:

-табиғи қорларды ұтымды пайдалану, шикізатты және өнімді қайта өңдеу;

-энергетика және машина жасау;

-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

-өмір туралы ғылым (биохимия, биотехнология ж»не медицина);

-мемлекеттің зияткерлік әлеуеті (жаратылыс және гуманитарлық ғылымдар, саясат, экономика)

Толық ақпаратты Халықаралық байланыс бөлімінен (бас ғимарат, каб.309а) алуға болады. 

Без рубрики