Ғылым


«Физика» кафедрасы


Кафедраның ғылыми серіктестері болып:

— Москва мемлекеттік тау-кен университеті (МГГУ);

— Москва мемлекеттік авиация институты (МГАУ);

—  Москва физика-техникалық институты (МГТУ);

— Сібір мемлекеттік автомобиль –жол академиясы (СибАДИ);

— Орел мемлекеттік аграрлық университеті (ФГОУ Орел ГАУ);

— Россия халықтар достығы университеті (РУДН);

— Қарағанды машина жасау консорциумы (КМК);

— «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ;

— Қазақ тау-кен өндірісі  қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты (КазНИИ БГП).

Негізгі ғылыми мақалалар физикалық химия, жаңа материалдар жасау, машина жасаудағы технологиялық үрдістер, тау-кен қазу өндірісі және құрылыс кешені салаларындағы зерттеулерге арналған.

Негізгі инновациялық жобалар:

— Көмір шахталарындағы қазу және проходкалық жұмыстар жүргізу кезінде көміртектес сілемдерді үздіксіз мониторингілеу жүйесін жасау (авторлары Смирнов Ю.М., Кенжин Б.М.);

— Тау-кен және металлургия өндірісінің технолоялық қалдыктарынан гиперпрестеу әдісімен құрлыс материалдарын алудың технологиялық жолын әзірлеу және жасау (авторы Смирнов Ю.М.).

Жобалар Россия халықтар достығы университеті мен (Москва қ.), Қазақ тау-кен өндірісі  қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты (Қараганды қ.), Украина геомеханика ғылыми-зерттеу институты Украина ҰҒА (Донецк қ.), Қарағанды машина жасау консорциумымен (Қарағанды қ.) бірігіп әзірленуде.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

— «Көмір қабаттарына  сейсмикалық әсер ету болжау әдісін қолданысқа енгізу құралдарын әзірлеу». Жұмыстын  мақсаты — көміртектес сілемге  болжау әдісін дизьюнктивтік және локальды бұзылымдарды анықтау мақсатымен әсер ету? қабаттағы ішкі кернеуді жеңілдету.

— «Бакалаврларға физикадан білім беруде инновациялық әдістерді қолдану тиімділігін сараптау және зерттеу».(2 кезең)Жұмыс мақсаты –электронды оқыту құралдарын әзірлеу, разработка и внедрение методов мәселелі-бағдарламалы оқыту әдістерін әзірлеу және енгізу .

— «Білімді бақылау жүйесінің дұрыс, ақиқат және тиімді оқыту жүйесі ретінде тесттерді модернизациялау, сараптау және зерттеу». (3 кезең).  Жұмыс мақсаты –Қазіргі тестілеу теориясы шеңберінде ғылыми талаптарға сәйкес келетін тесттерді құрау әдісін әзірлеу. Зерттеу нәтижесінде физикадан тест тапсырмаларын құрастыру бойынша олардың психометриялық сипаттамаларын жақсартатын және  олардың жалпы дәйектілігін көтеретін ұсыныстар әзірленді.

Жерасты тау-кен жынысының қауіпсіздігін және инновациялық энергия үнемдеуін құрылыс материалы мен бұйымдарын, өндіріс технологиясымен сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін көмір-жыныстарының массивінің күйін мониторингісін жетілдірудің Қарағанды машинажасау консорциумы мен біріккен шаруашылық келісімінің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының патенті алынды:

  1. «Сейсмикалық сигналдардың дірілдеткіш көзі»;
  2. «Жарылыс қауіпті қабаттарда қазба жүргізудің әдістері»;
  3. «Материалдар менбұйымдардың жылу өткізгіштігін экспресс-бақылау әдісі»,
  4. «Көмір қабаттарында шахталық сейсмикалық зерттеудің әдісі».

А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің физика кафедрасы 2023-2024 оқу жылында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларын анықтауға және қолдауға бағытталған «Шағын оқушылар академиясы» жобасын өткізді.

Бұл жоба оқу дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру және зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және қолдауға бағытталған.



Құрамында физика кафедрасының меңгерушісі Смирнов Ю.М. және физика кафедрасының профессоры Кенжин Б.М. тұратын эксперттік топ «Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертизаның ұлттық орталығы АҚ-ның тапсырмасы» бойынша «Қазақстанда 2030 жылға дейінгі машинажасаудың даму сенаринін» әзірледі.


ҒЗЖ жоспары

ҒЗЖC жоспары

Импакт-факторы бар журналдарға мақалалар

Зерттеу жұмысының бағыттары

Без рубрики