IХ тарау ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ

 

Дәріс жоспары:

9.1. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы;

9.2. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы білім жүйесі;

9.3. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері;

9.4. Музыкалық өнердің дамуы.

 

 

9.1. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы

 

Қазақстанның Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік–экономикалық дамуына әсер етіп қойған жоқ, сонымен қатар білім беру аясының кеңеюіне де әкелді. ХІХ ғасырдың басында білім беру жүйесінің дамуы орыс тілінде білім беретін мектептердің ашылуымен байланысты болды.

Мектептердің ұйымдастырылуы, бір жағынан, жергілікті орыс халқын сауаттандыру мақсатында болса, екінші жағынан, Қазақ жеріндегі әкімшілік аппаратты басқаратын адамдар дайындау қажет болды. Сөйтіп, ХҮІІІ ғасырдың аяғында аудандарда «горнизон мектептерінің» ұйымдастырылуы басталды. 1789 жылы Омск қаласында тілмәштар мен писерлерді (кеңес хатшылары) дайындайтын «Азаматтық мектеп, 1813 жылы-әскери училище ашылды, ол кейіннен 1847 жылы Сібір кәдет корпусы болып өзгертілді, 1825 жылы Орынбор әскери училищесі құрылды, ол да кейіннен 1844 жылы Орынбор кадет корпусы боп өзгертілді. Осы барлық оқу орындары «Азиялықтарды орыстармен жақындастыруға біріншілерді орыс билеушілеріне деген махаббатпен сенім тудыру, өлкеге ағартушы қайраткерлерді әкелуге» міндетті болды. Хан билеушілері бұл мектептердің алдына орыстандыру мақсатын қойды.

Мектептердің оқу жоспары кең болды, мұнда әскери пәндерден басқа орыс тілі, тарих, география, математика, минералогия, жануартану, өсімдіктану, орман шаруашылығы, бірнеше шығыс тілдері оқытылды.

1841 жылы Хан арасында мектеп ұйымдастырылды, оған сонымен қатар қазақ билеушілерінің балалары да қабылданды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір мектеп ашылды, ол өзінің жарлығында айтылғандай, Ордадағы дистанция басқарушылары мен сұлтан-басқарушылар жанынан хат танысушылар орнына шекаралық басқару ісіне, сонымен қатар күзету және т.б. қызметке лайықты адамдарды (олардың көбісі қырғыз болатын) дайындады. Бағдарламада орыс және татар тілін, география, арифметика, мұсылмандық діни-сенім үйрету, орыс және татар тілдерінде іс қағаздарын жүргізу қарастырылды.

Жергілікті халыққа білім берудің таралуына сонымен қатар, орта ғасыр дәуірінде ұйымдастырылған мұсылман мектептері өз үлесін қосты. ХІХ ғ. басында мусылман мектептерінде негізінен «Шариат ұл- иман» яғни, мұсылман дінінің ережелері және «Аптиек» Құранның 1/7 бөлігін үйретті.

Қазақ отбасыларын 5-6 жасқа дейінгі ұлдары мен қыздарын үйде оқытты, сосын олар 3 жылдық мектепке оқуға түсті. Медресенің оқу жоспары грамматика, арифметика, араб философиясы, діни философиядан құралды. Оқушылар сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер мен медицина ғылымының негіздерін оқыды.

Мұсылман мектебін бітіргеннен кейін ауқатты ата-аналар балаларын оқуды жалғастыру үшін Бұқара, Самарканд, Хиуа, Ташкент қалаларындағы медреселерге жіберді, онда араб тілінде орта ғасырлық араб философиясын, тарих, география, математика, тілдер және басқа ғылымдар қатарын оқыды. Медресе білімді дамытуға аз ғана ақша бөлді. Медресе бірнеше дәрісханадан, худжрадан (оқушылардын тұратын бөлмелері), жуынуға арналған бөлмелер, асхананалардан тұрды. Оқушыларды – шәкірттер, ал ұстаздарды – мударристер дап атады. Ұстаздық қызметке, медресе дипломы бар, 40 жастан жас емес адамдарды қабылдаған. Оқу жылы қыркүйек-қазанда басталып, мамыр – маусымда, аяқталған. Мектептер мен медреселерде бай ата-аналардың балалары ғана емес, кедейлердің балалары да оқыды. Мұсылмандық оқу орындары қазақ жастарын шығыс мәдениетіне үйретуде үлкен роль атқарды.

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуымен көптеген білімді адамдар қажет болды. Орыс халқы үшін, белгілі бір мөлшерде қалаларда тұратын мектептер ашылды, онда қазақ білгірлерінің балалары мен орыстар білім алды. ХІХ ғ. жартысында ашылған орыс-қазақ мектептері хандық отаршылдық саясатының талаптарына бейімделді. Жаңа талаптарға сай патша үкіметі қаналушы халықтың сауаттылығының дамуына қызығушылық білдірмеді. Ағартушылық министірілігі жариялаған инструкцияларда делінген: «Халыққа білім беру орыс державасының кеністігіндегі миссионерліктің бір түрі, миссионерлік діни соғысқа жатады».

ХІХ ғ. жартысында халыққа білім беруді үйымдастырушы қазақтың ұлы ағартушысы Ыбрай Алтынсарин болды (1841-1889). Ол Қостанай жанында белгілі Болжаққа бидің отбасында дүниеге келген, 1857 жылы Орынбор қаласындағы қазақ 7 жылдық мектепті бітірді. Тарихты оқуға деген құштарлық пен заманға сай орыс педагогикасының жағдайы оған қазақ халқының ағартушысы болуға түрткі болды. 1884 жылдың қантарында оның қолдауымен Торғай қаласында қазақ мектебі ашылды, 1888 ж. Ырғызда, 1884 ж. Қостанайда ашылды. Ы. Алтынсарин атымен Қазақстанда әйелдердің білім ала бастауы болды. Ол қыздарға арналған интернаттары бар бірнеше мектеп ашты, онда 1886 ж. 211 қыз оқыды. Алтынсарин еңбегі – ауыл шаруашылық, кәсіби мектептердің ашылуы, балаларды оқыту және тәрбиелеудің дидактикалық принциптерін жетілдіру, оқу-әдістемелік оқу құралдары құрастыру боп саналады. Оның негізгі еңбектері «Қырғыз христоматиясы», «Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқау» және т.б. қазақ мәдениетінің тарихында үлкен рөл атқарды. Қазақ мектептеріне арналған бұл оқулықтарды орыс алфавитін қолдану арқылы қырғыз (қазақ) тілі қырғыз тіліне араласып кеткен араб, татар сөздерінен тазара алады деп жазған Ы. Алтынсарин, ол мектепті халықты сауаттандырудың тікелей кілті деп санаған.

 

 

 

9.2. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы білім жүйесі

 

ХІХ ғ. І жартысында орыс мәдениетінің көптеген өкілдері қазақ халқының өмірі мен тарихына белгілі мөлшерде көңіл аудара бастады. В.И. Даль -1833 -1841 ж.ж., Орынбор әскери губернаторының ерекше тапсырыстар шенеунігі бола тұра, түркі тілді халықтардың ауыз әдебиетінің үлгілері мен жазбаларын жинады.

1839 – 1840 жж. орыс әскерлерінің Хиуа жорықтарына қатыса отырып, 1836– 1838 жж. көтеріліс басшыларына өкінішін білдірді. Орынбор өлкесі қазақтарының өмірі туралы «Бөкей мен Маулен» повесін жазды.

Левшиннің «Қырғыз – қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу», И. Завалишиннің «Батыс Сібірді суреттеу» атты тарихи зерттеулері және т.б. Қазақстанның ғылыми зерттеуіне әсер етті.

ХІХ ғасырдың ІІ –жартысында Қазақстан мен Ресейдің мәдени өмірінде орыс оқу орындарында білім алған ұлттық интеллигенцияның тууы көрнекті роль атқарды. Ұлттық интеллигенция өкілдерінің бірі-Ш.Уәлиханов болды.

1847 жылы ол Сібірдегі ең үздік оқу орыны боп саналған Омск кадет корпусына оқуға түседі. Онда орыс тілін жетік меңгереді, жан–жақты білім алады. 1853 жылы кадет корпусын бітірісімен, Батыс Сібір генерал–губернаторы Гасфортқа қызмет етуге тағайындалады.

1854-1857 жылдары Ш.Уәлиханов, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғыздағы экспедицияларға белсенді қатысады. 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісуды, Тарбағайды аралайды, ежелгі қалаларды, тастардағы суреттерді зерттейді, қазақ халқының өлеңдері мен ертегілерін, салт–дәстүрлерін жазып алады.

1856 жылы Ыстықкөл экспедициясына қатысқан Шоқан Ыстықкөл бассейінінің түсірілімен жүзеге асырады, қырғыз халқының тарихы мен мәдениетін зерттейді, «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар» жазады. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысады. Алғаш рет «Манас» эпосынан үлкен үзінді жазады.

1857 ж. Семенов-Тянь-Шаньскийдің нұсқауымен Ш. Уәлиханов орыс Географиялық қоғамының, мүшесі болып сайланады.

1859 ж. алғында Ш. Уалиханов Петербургке келеді, мұнда ғалымдар оны ержүрек саяхаттанушы және зерттеуші ретінде қарсы алады. Бас Штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсырысы бойынша Уәлиханов Орталық және Азияның карталарын – «Балхаш көлі мен Алатау жоталарының арасындағы кеңістіктер картасы», «Қытай империясының батыс өлкесі картасы» және т.б. құрастырады. Ол Қазақстан мен Орта Азияның география мен этнографиясы жөнінде материалдар жинайды Императорлық географиялық қоғамда баяндама оқиды. Ш. Уалихановтың ғылыми-зерттеу қызметі қоғамның үлкен бағасына ие болды. Оның еңбектері неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылған.

Өлкемізде ірі зерттеушілердің арасында бүкіл әлемге белгілі – П. П. Семенов- Тянь Шаньский есімімен байланысты. Ол Алтайға, Жетісуға, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басқаруымен «Ресей толық географиялық суреттеу» дайындалды, екі көлемді том – Қырғыз өлкесі мен «Түркістан өлкесі» - біздің республикамыздың халқының табиғатымен тұрмысын сипаттайды.

ХІХ ғ. аяғында Орынбор өлкесінде Ішкі орданың тумасы, Қазақстанның ғылыми-зерттеу жұмысына ат салысқан қазақтың этнографы «Хаджа- Мұхаммед- Салық Бабаджанов» жұмыс істеді. 1860 ж. бастап, өз еңбектерін «Северная пчела», «Санкт Петербургские ведомости», «Волга», «Деятельность», «Охота», «Туркменская Туземная», газет, журнал беттерінде жариялай бастайды. 1861 жылы этнография бөлімінің кеңестік қоғамы оны өздерінің мүшесі етіп сайлайды, ал 1 жыл өткен соң күміс медальмен марапаттайды. Бабаджанов ғылыми еңбектері үшін арнайы марапат алған тұңғыш қазақ болады. Алғашқы еуропалық білім алған қазақ интеллигенттері хандық қызметке ауысқан сұлтан әулетінен шыққан болатын. Олар орыс ағартушыларының жақтаушылары болатын, қазақ пен орыс халықтарының жақындасуын қалаған.

Капиталистік Рессейдің қажеттіліктері – ұлттық өлкелерді терең ғылыми зерттеу болатын. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстан территориясында Ресейдің түрлі ғылыми қоғамдарының орындары мен филиалдары құрылды. 1867 ж. Қазақстанның Батыс және Солтүстігіне ғылыми зерттеу жүргізетін Орынбор бөлімі құрылды.

Мемлекеттің Шығыс аудандарын қамту, бірінші кезекте Сібір мен Қазақстан, Батыс – Сібір бөлімінің ашылуына түрткі болды, оның басты міндеті – Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық, жаратылыстану (табиғи) – тарихи және этнографиялық қатынастарды зерттеу. Ерекше қызығушылықты сол кездегі Батыс Сібір құрамына кіретін Солтүстік Қазақстандағы жеке Мүшелердің сапар шегуі көрсетеді.

1867 жылы Түркістан генерал–губернаторлығы құрылысымен, ХІХ ғ. аяғында Ташкент қаласы мемлекеттің ірі ғылыми орталығына айналады. Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстік бөлігін терең зерттеу мақсатымен 1897 ж. ақпан айында Орыс географиялық қоғамының, Түркістан бөлімі ашылады. Бөлімнің басты міндеттерінің бірі-Ресейдің жаңа территориясының географиясын зерттеу болып табылады. Бірақ бөлімнің кейбір мүшелері Орта Азияның табиғат жағдайларын зерттеумен ғана шектелген жоқ. Оладың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның тарихы, әлеуметтік–экономикалық жағдайлары туралы көптеген мақалаларымен белгілері бар.

Ресейдің жекелеген аймақтарын әлеуметтік–экономикалық тарихы бойынша іргесін қалау үшін зерттеудің қайнар көзінің базасын кеңейту қажеттілігі туды. Бұл Ресейдің 29 губерниясында оқу мұрағатының құрылуына негіз болды. 1887 жылы желтоқсанда Орынбор ғылыми-мұрағаттық комиссия құрылады. Комиссияның мақсаты–генерал-губернатордың канцеляриясындағы мұрағаттық құжаттардың ғылыми зерттеушілерін дайындау және тәртіпке келтіру.

Мұрағаттық комиссия қызметінің басты бағыты – Орынбор мұражайының құрылуы болды. Бірақ та Орынборда мұражай құру қажеттілігі губерн статистикалық комитетінің үлесінде болды.

1888 жылы ол қалада тарихи–археологиялық мұражай бекіту жарлығын шығарды. Бұл уақытқа қарай жергілікті өлкетанушылар ориентологиялық, минералдық, зоологиялық, этнографиялық, коллекциялардың, кездейсоқ археологиялық қазбалардың белгілі мөлшелерін жинады. Орынбор ғылыми – мұрағаттық комиссияның ең көрнекті мушесі – И. Кастанье болды. Өзінің ғылыми қызметін екі бағытта жүзеге асырды: қазбалар жүргізді және қазақ далаларының ежелгі мәдениетінің ескерткіштері жайлы мәліметтер жинады.

Оның ең үздік еңбегі–қазақ даласының археологиясы туралы барлық мәліметтерді жүйелеу болып табылады. Көпжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде–Қазақстанның барлық облыстарындағы ескерткіштерді бейнелеу жатады.

Археологиялық қатынастарда Қазақстанның Оңтүстік бөлгілі Орта Азиядағы Түркістандық археологияға қызығушылар үйірмесін зерттеген жалғыз тарихи - ғылыми мекеме болды. Ол 1895 ж. желтоқсанда ашылды. Үйірменің мақсаты мен міндеттері үйірме жарлығының 2-ші парагрофында анық белгіленді: Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның мәдениеті мен тарихындағы ескерткіштерді жария ету, анықтау, санау, зерттеу. Түркістандық археологияға қызығушылар үйірмесі Қазақстанның Оңтүстігінде археологиялық қазбалар жүргізді, оның нәтижелері ғылыми баспаларда басылды. Үйірме мүшелерінің қазбалары мен зерттеулері көрнекті орыс шығыстанушылары мен археологтарында қызығушылық тудырды, олар мұны отандық шығыстануды байытатын еңбектерінде пайдаланды. Тегін қоғамдық кітапханалар Торғай, Орынбор қалаларында ашылды. 90-шы жылдары Қостанайдағы тегін кітап беретін мектептер алдына халықтың білім деңгейін артты ру мақсатын қойды. Үйірменің өзінің жыл сайын шығатын баспа органы болды.

1868 жылы Түркістанда, 1878 Семейде Облыстық статистикалық комитеттер құрылды. Олар қазақтар арасында ғылым, білім, сауаттылық негіздерін таратты, Қазақтардың статистикасы, тарихы, этнографиясы, математикалық мәдениеті туралы көптеген материалдар жинады.

ХІХ ғасырдың аяғында халықты ағартуда қоғамдық кітапханалар үлкен роль атқарды. Ең алғаш қоғамдық кітапхана 1883 жылы Семей қаласында ашылды, онда алғашқыда 260 кітап қана болатын. Бұл қалаға жіберілген А.Блек, Е.Михаэлис, П.Лобановкий, С-Гросс, сонымен қатар А.Құнанбайұлы кітапханаға арналған құнды баспаларды жинаумен айналысты. Кейінірек кітапханаға Ресейдің әр түрлі бұрыштарынан түрлі ғылымның бағыттары бойынша көптеген кітаптар мен журналдар келе бастады.

Қазақстанды зерттеумен мемлекет орталығының ғылыми кенселері де айналысты. Қазақ проблематикасы, әсіресе ХІХ ғасырдың аяғында Мәскеу университеті негізіндегі жаратылыстану, антропология және этнографияны сүюшілердің Қоғамдастығының іс әрекетінде көрнекті орын алды. Қазақтардың шығу тегі, тұрмысы, мәдениетін зерттеуге ХІХ ғасырдың ортасында Шығыс бөлімшеге орыс археологиялық қоғамдастықты біріктірген орыс шығыстанушылар үлкен үлес қосты. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихында орыс шығыстанушыларының көптеген еңбектері өз маңызын жоғалтқан жоқ. ХІХ-ХХ ғғ. «Хат» және «Еңбек» бөлімшелердің әрбір нөмірінде мақалалар, критикалық - өмірбаянның тарихи очерктер бойынша және қазақ халқының этнографиясы, фольклорлық материалдары орналастырылған.

Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін, тарихын оқығанда ХІХ ғ. аяғы – ХХғ. басында қазақ ұлттық мәдениетінің экспонаттарын жинай бастаған астананың этнографиялық мұражайлары белгілі роль атқарды. ХІХ ғ. 30 жылдарында Ғылыми Академиялық антропология және этнография мұражайларында қазақтың этнографиялық заттарының тұрақты экспозициялары болатын. Қазақтардың этнографиялық коллекциялары 1895 жылы орыс географиялық қоғамының ұсынылуымен құрылған Петербург орыс мұражайында, археологиялық қоғам мұражайында, Мәскеудегі Дашков этнографиялық мұражайда, Верный, Екатеринбург, Қазан, Омск, Орынбор, Саратов, Семей, Ташкент қалаларындағы мұражайларында бар болатын. Олар қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне қоғамның назарын аударды. Қазақтардың өмірі туралы жеткілікті мәліметтердің таралуына ықпал тигізді. Мұражайларда қазіргі уақытта өзінің ғылыми маңызын жоғалтпаған, төңкеріске (революцияға) дейінгі қазақтардың тұрмысының құнды заттары сақталған.

 

 

 

9.3. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері

 

ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдебиеті екі идеялық бағытта дамыды: қарапайым халықтың және басқарушы таптардың мүдделерін қорғау. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдарында қазақ әдебиетінің дамуына Ресей империясының бодандығына қарсы азаттық күрестермен тығыз байланысты. Бұл уақытта ауыз әдебиетінің барлық жанырлары әрі қарай дамыды, сонымен қатар маңызды тарихи оқиғаларды сипаттайтын жаңа эпикалық өлендер пайда болды, мысалы казак отрядтарының, Қоқан және Хиуа феодалдарының шапқыншылықтарынан қорғаған қазақ батырларының ерлігіне арналған. Хандық бодандыққа қарсы қазақтардың күресі туралы «Бекет батыр», «Айман - Шолпан» поэмаларында айтылады, ал 1837-1847 жж. қазақтардың азаттық күрестерінің басшылары «Кенесары – Науырызбай» эпосының кейіпкерлері атанды.

Қазақ поэзиясында Шернияз Жарылғасұлының шығармашылығы көрнекті орын алады (1807-1867жж). Ол қазіргі Ақтөбе облысында кедей отбасында дүниеге келді. Шернияз Исатай Тайманұлының көтерілісіне белсенді ат салысқан, жеңілістен кейін ауылдарда жасырынып Махамбет пен Исатай ерліктерін жырлаған. Оның әдебиеттегі еңбегі – поэтикалық суырыпсалма көркем өнерді жетілдірді. Оның Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңі де кеңінен таралған. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың І жартысындағы керемет жазушылардың бірі–Жанақ Сағындықұлы (1770-1856 жж). Ол өз өлендеріне қобыз үнін қосқан Жанақ қазақ даласының көптеген жерлерінде болған, Түбек және Орынбор ақындарымен айтысқа қатысқан, қазақ халқының арасында эпикалық поэмаларды таратқан. Оның арасында «Қозы Көрпеш – Баян сүлу» поэмасы сақталған.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінде қазақ жазба әдебиетінің жаңа түрі пайда болды, оның көрнекті өкілі ұлы ағартушы, ақын, классик Абай Құнанбайұлы болды. Абай Семей облысында Шыңғыс тауларында ауқатты отбасында дүниеге келген. Білімді үйден алғаннан кейін 8 жасында мұсылмандық философияны, әдебиетті, наным–сенімді оқытатын Семей медресесіне оқуға түседі. Медреседегі оқуын жалғастыра отырып, Абай орыс мектебіне түседі.

Оның ертедегі шығармалары, лирикалық үзінділері, махаббат жолдаулары, көбінесе шығыс классикалық поэзиясының әсерінен жазылғанымен, оқуын жалғастыра алмады. 80-ші жылдары Абай айдалған революционерлермен, орыс революциялық интеллигенциясының өкілдерімен кездесті. Е.Михаэлиспен, П.Долгополовпен, С.Гросспен достығы оған революциялық-демократиялық идеяларды терең зерттеуге көмектесті. 1886 ж. бастап Абай Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аудара бастады. Абай орыс мәдениетімен жақындастығында әлемдік мәдениетке шығудың жалғыз дұрыс жолын көрді. Оны халықтардың туысқандық және достық қатынастары жайлы идеялар толғандырды.

Капитализмнің Қазақстанға енуі, орыс шаруаларының орталықтан жаппай көшірілуі және осымен байланысты шаруашылықтың терең дағдарысы қазақ көшпелі ауылдардын моральдық құқықтық жағдайы көп ақындар тобын толғандырды. Олар өз шығармаларында бұл құбылысты «Зар заман» басталуы деп бағалады. Әдебиетте бұл поэзияның бастаушысы ақын Шортанбай Қанайұлы болды (1818-1881 жж.). Өзінің «Зар заман» шығармасында ол қазақ тарихындағы Зар заман кезеңі деп Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі жағдайды атаған. Шортанбай далада тауарлы-ақшалай қатынастың дамуы нәтижесінде пайда болған қазақ қоғамындағы жаңа әлеуметтік топтарды, яғни байларды сынаған. Ол бір жылда тапқан еңбекақысын салық төлеуге жұмсаған кедей-жатақтардың қиын өмірін бейнелеген және адамдардың қатыгездігін, мінездерінің бұзылуын қамтыған. Оны көшпелі мал шаруашылығының және дәстүрлі әлеуметтік қатынастардың бұзылуы уайымдатқан. Ақын дәстүрлі шаруашылықтың бұзылуынан кейін қазақ қоғамының моральдық-экологиялық жағдайында дағдарыс басталады деп есептеген. Шортанбай – пессимист ақын. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын таппағандықтан, ол адамдарды діннен қорғаныс іздеуге және діни рәсімдерді сақтауға шақырады.

Шортанбай поэзиясымен Дулат Бабатайұлының (1802-1874 жж.) шығармалары ұйқас. Өзінің «Өсиет нама» өлеңінде қазақ халқының өткен өмірін жырлаған. Жаңа дәуір деп ол жалпы моральдық деградация уақытын атаған. Дулат ХVІІІ ғ. қазақ жеріне орыстарды жіберіп алған қазақ хандарының іс-әрекетін талқылаған. Және қазақтардың болашағын қайғылы түрде суреттеген. Ол өмірдің дәстүрлі бейнесінің сақталуы жайлы сөз сөйлеген. Жергілікті биліктің өкілдерін, отаршыл әкімшіліктің тонау мінезін әшкерелеу арқылы Дулат өзінің шығармаларында патшалық аппаратта қызмет еткен қазақтарды талқылаған. Дулат Қазақстанның Ресейге қосылуын халықтың ең үлкен қасіреті деп бағалаған.

Көптеген орыс шаруаларының Қазақстанға көшірілуінің куәгері ақын Мұрат Мөнкеұлы (1843-1906 жж.) болған. Оның шығармашылығы осы жағдайларға байланысты қазақ халқының көңіл күйін білдірген. Өзінің «Қазтуған», «Үшқиян» еңбектерінде көшкендерге деген дұрыс емес қарым-қатынасты көрсеткен, халықты жаңа жерге көшуге шақырған. Ол қазақтардың өткен уақытын идеалдаған, және оның ойынша, орыстарды қазақ көшпелілеріне жібермеген, мемлекеттің қорғаушысы болған, кейбір хандарға саяси баға берген. Мұрат капитализмді және жергілікті билік органдарының өкілдерін сынаған. «Сарыарқа» өлеңінде қазақтардың кедейленуінің негізгі себебі орыс билеушілерінің жаппай көшіру саясаты деп көрсеткен.

Діни мұсылмандық қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әубәкір Кердері Шоқанұлы (1858-1903 жж.) болған. Өзінің шығармаларында діни сұрақтарға көп назар аударған, бірақ діни емес өмірдің мәселелерін де кері тартпаған. Ол Ресейдің «мәдени миссиясын» мойындаған. Оның шығармаларында антиорыстық мотивтер жоқ. Керісінше, ол «ақ патша» мемлекеттің барлық халықтарына қамқор деп есептеген. Әубәкір 1867-1868 жж. реформаны жақтаған. Оның ойынша, Ресейдің экономикалық өмірі қазақтардың шаруашылығына жағымды әсер етеді. Отандастарды техникалық және өнерлік білімдерге шақырған.

 

 

 

9.4. Музыкалық өнердің дамуы

 

Қазақ қоғамының қоғамдық-әлеуметтік өмірінде және рухани мәдениетінде музыкалық өнер үлкен орын алады. Осы кезеңде дамуды аспапты әуен алды. Он шақты әуенді аспаптардың ішінде көп тарағаны домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай.

ХІХ ғ. ІІ жартысы классикалық әуенді шығармаларды құрған. Атақты композитормен көрсетілген. Бұл кезеңде көрнекті өкілі данышпан күйші-композитор, қазақ аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлы болып табылады. Жас кезінен ол әуендік дарындығын көрсеткен, домбыра үйренудегі бірінші ұстазы–Ханбазар, басты ұстазы-күйші Ұзақ. Кәсіби күйші жолына түскен Құрманғазы өзінің «Кішкентай», «Ақбай», «Түрмеден қашқан», «Ақсақ киік», «Адай» тағдырына деген уайымы, оның босату қозғалысына сенімділігі мен шешімділігі және болашаққа деген сенімділігі көрсетілген.

Атақты күйші-композитор, домбыралық әуендегі лирикалық бағыттың негізін қалаушы Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887жж.) қазақ қоғамының аристократиялық шеңберінен шыққан. Оның көзқарастарының қалыптасуына 1836-1838 жж. көтеріліс әсер етті. Дәулеткерейдің «Қос алқа», «Қыз-Ақжелкен», «Құдаша», «Жеңгем сүйер», «Ақбала қыз», «Жұмабике» және жіңішке психологиялық әйел суретін құрған «Көркемханым» атты күйлері бар. Композитордың жануайымы және ойлаулары оның «Қоңыр», «Топан», «Жігер» атты күйлерінде берілген. Дәулеткерейдің 40-қа таман күйлері мәлім.

Әуендік өнерде көрнекті орынды алған атақты күйші-композитор, классикалық домбыралық шығармашылықтың негізін салушылардың бірі, шертпе стильді күйлердің авторы және орындаушысы Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.). Ол классикалық үлгідегі «Қосбасар», «Терісқақпай», «Боз айғыр», «Боз торғай», «Алшағар» атты дәстүрлі күйлерді шығарған. Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Көкей–кесті» атты күйлері ең жақсы қазақ аспапты әуендік шығармаларға жатады.

ХІХ ғ. ІІ жартысы Біржан Сал Қожағұлұлы (1834-1897 жж.) Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) есімдерімен белгілі. Атақты композитор, әнші, ақын. Біржан өзінің шығармаларында әлеуметтік мәселелерді, мінездік түсініктерді, жеке тұлғалардың тағдырын қарастырған . Оның ең жақсы шығармаларына «Айтбай», «Ғашығым», «Ләйлім Шырақ», «Жамбас сипар», «Жанбота» және т.б жатады. Қазақтың ән өнерінің мықты, күшті бір өкілі Ақан-сері Қорамсаұлы болған. Қазақстан облысы территориясындағы Қоскөл жерінде дүниеге келген. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін Қызылжар қаласының медресесіне түсті. Бұнда Ақан, араб, парсы, шағатай тілдерін оқыды және Фирдоуси, Низами, Шамси, Сағади, Хафиз, Физули, Науайдың шығыс поэзиясымен танысты. Оның алғашқы өлеңдері Шығыс ақындарына еліктеп жазылған. Ол 50-ге таман өлең, оның ішінде «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет» және т.б. жазған ақын лирик, композитор.

Осыдан ХІХ ғ. Қазақ халқының мәдениеті өткеннің мәдениетімен, оның жақсы дәстүрлерімен байланысты. Сонымен қатар, саяси экономикалық жағдайдағы және қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы жаңа құбылыстар мәдени өмірдің дамуына бүтінімен әсер етті. Қарастырылған кезеңде көптеген қалаларда, қазақ ауылдарында 4000-нан астам оқушылары бар, 100-ге шақты екі класстық мектептер қызмет етті, көп мектептерде интернат ашылды. Орыс-қазақ мектептерінің қабілетті түлектері келесі оқуларын Ресей жоғарғы оқу орындарында және кадеттік корпустарында жалғастыра алды. Омскідегі және Неплюевтегі кадеттік корпустар қазақ жастарынан жергілікті колониялық аппараттың шенеуніктерін дайындады. Қазақ жастарының көп мөлшері Санкт-Петербургтің университетінде, әскери-медициналық академияда, Қазанның, Томскінің университетінде және т.б. ЖОО-да оқыды. ХІХ ғ. ІІ жартысында ашылған ғылыми мекемелер мен қоғамдар қазақ даласын орыс капитализімімен неғұрлым кең колониялды қанау үшін ғылыми база дайындады. Сонымен қатар, олар басқа зертеушілерге базалық көз болған. Қазақстанның экономикасы мен тарихы бойынша көп мөлшерде материалдарды жинап, ғылыми айналымға енгізді.