VI тарау ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ (ХV-ХVII ҒҒ.)

 

Дәріс жоспары:

6.1 Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері және олардың құрамы;

6.2 ХV- ХVI ғғ. қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы;

6.3 ХVII ғасырда қазақ хандығының саяси дамуы;

6.4 ХVI-ХVIII ғғ. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.

 

 

6.1 Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері және олардың құрамы

 

Қазақ халқының этникалық тарихы барлық Орталық Азиядағы халықтардікі сияқты өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл жерде көптеген халықтар мен тайпалардың тағдыры тоғысып жатты.

Қазақстан территориясындағы этникалық үдірістің қалыптасуы қола дәуірінен бастау алады да, бірнеше кезеңге бөлінеді. Антропологиялық жағынан этникалық үдірістің қалыптасуы ұзақ уақыт мекен еткен еуропалық текті нәсілдер тұрақты сақталып келді де, уақыт өте келе монғол тектестер болып өзгерді. Сонымен қатар тілдік өзгерістер байқалды, иран тілдес ежелгі тайпаларды түркі тілдес кейінгі тұрғындар ығыстырды. Ғұндардың келуімен Қазақстан территориясында монғолоидтық белгілердің және түріктердің араласуы байқалады. Этникалық үдірістің шешуші кезеңі б.з.б. VI ғасырда түріктердің жаппай көшіп келуіне және түрік қағанатының пайда болуымен байланысты. Осының бәрі Қазақстанда халықтың түркіленуі–антропологиялық бет-бейнені біртіндеп монғолоид түріне айналдыра бастады. Монғолдар аймақтық этникалық сипатын өзгеріске ұшыратты, атап айтқанда антропологиялық кескіні бойынша- монғолоидтық белгілер шарықтай түсті. Моғол дәуірінен кейін (ХIV-ХVғғ.) этникалық құрамы тұрақтанып, ортақ этникалық сипатқа халықтың бірігуіне әкелді.

ХV ғ. екінші жартысында қалыптасқан халық «қазақтар» деген атпен мәлім болды. «Қазақ» атауының шығуы ұзақ уақыт бойы зерттеушілер пікірталасына, халықтың өз шығу тегі туралы көптеген аңыздар тудыруына арқау болып келеді. Деректерде бұл сөз әуелі әлеуметтік мәнде қаралып, «өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп, жеке өмір сүруші адам» деген мағынаны білдіреді (В.В.Бартольд). «Тарихи-Рашиди» деректер бойынша «қазақ» атауы Жетісуға көшіп кетуші Жәнібек пен Керей бастаған саяси топтың аты ретінде, әуелі «Өзбек-қазақтар», кейіннен «қазақтар» (казак) түрінде қолданылған. Жәнібек пен Керей хандығы нығая түскенде оларға қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады. Біртіндеп «қазақтар» атауы Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда, Оңтүстік Қазақстанда пайда болған түркі халқының атына айналды.

Көшпелі өмірдің сапырылысуына байланысты қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте ұзақ және күрделі үдіріс. Әрбір топ көптеген ұйымдасқан этникалық топ пен кішігірім бөлімдерден тұрды, олар бір-бірімен өзара күрделі қоғамдық байланыстармен байланыста болды.

Қазақ халқының құрылу үдірісі этникалық территориясына байланысты қалыптасты. Этносаяси және этникалық-шаруашылық жағдайына байланысты Қазақстан территориясында үш жүз қалыптасты: Ұлы, Орта және Кіші жүз.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде қалыптасты. Алғаш рет қазақ жүздерінің атауы ХVII ғ. бас кезіне жатады. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп төнгенде, қазақ халқының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған.

Ұлы жүз қазақтары негізінен Шу мен Талас бойы, Іле өзені, Жоңғар мен Қаратау тауларына дейінгі Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгелдей жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шаңышқы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді.

Орта жүз қазақтары Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамына қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ тайпа-рулары кіреді.

Кіші жүз қазақтарының негізгі территориясы – Батыс Қазақстан. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы үш күрделі тайпалар одағынан: Әлімұлы, Байұлы, Жетірудан тұрады. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.

 

 

6.2 ХV- ХVI ғғ. қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы

 

Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең-байтақ аумағында Қазақ хандығының құрылуы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үдірістердің заңды қорытындысы еді. Көшпелі және отырықшы аймақтар арасындағы экономикалық, мәдени қоғамдық-саяси қатынастардың нығаюы қазақ тайпалары мен руларының бірігуіне, ұзаққа созылған халық болып қалыптасу үдірістің аяқталуы ХIV-ХVғғ. Қазақ хандығының құрылуына әкелді.

Қазақ хандығының құрылуын ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керей аттарымен байланастырады. Олар 1459 - 1460 жж. Моғолстан ханы Есенбұғаның (1429-1462 жж.) билеуімен Әбілхайыр хандығынан бөлініп кетеді.

Қазақ хандығы алғашында Батыс Жетісу, Шу мен Талас аңғарларын иеленді. Бұл жерде Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген қазақ рулары мен тайпалары жергілікті қазақтармен табысып, араласып кетті. Моғолстанның билеушісі Есенбұға қазақтармен жақсы қарым- қатынаста болуға тырысты, өйткені Моғолстанға жау Әбілхайырдың, Темір ұрпақтары мен қалмақтардың шабуылынан шекара кауіпсіздігін қорғауға қазақтардың көмегі тиеді деп үміттенді. 1462 ж. Есенбұға өлген соң Моғолстан іс жүзінде билеушісіз қалды. Мұндай жағдайда Жетісуда қазақ хандығының ірге бекітіп, нық орнығуы даусыз ақиқат болғандығы анық. Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылды деп есептейді.

Әбілхайыр қайтыс болысымен-ақ қазақ хандары кең-байтақ дала билігін өз қолдарына алуға ұмтылды. Ендігі олардың басты жауы- Әбілхайырдың ұрпағы еді. Жетісудағы Қазақ хандығының иелігіне жақын жатқан Сырдария бойы мен Қаратауды сондай-ақ Созақ, Сығанақ, т.б. қалалар орналасқан өңірлерді қазақтың ата-бабасынан келе жатқан меншікті жері ретінде Жәнібек пен Керей қалайда өздеріне қайтарып алуды мақсат етті.

Қазақ хандарының құдіреттілігі ХVI ғ. бірінші ширегінде, әсіресе Қасымның (1511-1521жж.) билігі кезінде шарықтай түсті.

ХVI ғ. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы Жайық өзенінің алабына дейін кеңейе түсті. Оңтүстікте Қасым ханның иелігі Сырдарияға жетті. Солтүстігі мен Солтүстік-Шығысында Ұлытау мен Балқаш көлін қамтыды.

Сол кезде Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынасқа ілікті. Қазақ хандығы алғаш рет дипломатиялық байланыс Мәскеу мемлекетінің князімен Василий III (1505-1533 жж.) орнатылды. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының дербес мемлекет есебінде Батыс Еуропаға танылғандығы Мәскеуде бірнеше рет болған (1571, 1526 жж.) австриялық дипломат Зигмунд Герберштейннің қолжазбасында кездеседі.

Қасым ханның билік еткен соңғы жылдарында шайбанилер арасындағы бір- бірімен ара-қатынасы қиын күрмеуге айналған. Әсіресе, ең негізгі күресі Ташкент бойында болған.

Қасым хан өзінің әскери талантымен, халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білуімен ерекшеленді. Халық «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағын Қасым ханның атымен байланыстырады.

Алайда Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасының ұлғайғанына қарамастан, ол берік бір орталыққа бағынған мемлект болмады. Мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды, сұлтандар мен басқа феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.

Қазақ хандығы Оңтүстіктегі және Солтүстік-Батыстағы жерінің едәуір бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақтап қалды. Ішкі феодалдық қырқыстар және көрші елдермен соғыстар халық бұқарасын қатты күйзелтті, сонымен қатар Қазақ хандығын да едәуір әлсіретті.

ХVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580) үлкен үлес қосты. ХVI ғ. 50-ші жж. ноғайлар мен Cібір ханы Көшімге қарсы табысты саясат жүргізді.

Хақназар ойраттар мен Моғолстан ханы Абд ар-Рашидке қарсы шығып, Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап қалды. Сібір ханы Көшімге қарсы күресте Хақназар өзбек ханы Абдалахтың көмегіне сүйенді.

Хақназар хан әкесі Қасым хан кезіндегі ұлан-ғайыр жерге қазақтардың иелік құқысын қайта қалпына келтіруге тырысты. Алайда сыртқы саяси жағдайдың қиындығынан бұл мақсатына қол жеткізе алмады.

Қазан, Астрахань, Сібір хандықтарын жаулап алған Орыс мемлекетінің шекарасы қазақ даласына жақындай түсті. Жерінен айырылған ноғайлар, башқұрттар, сібір татарлары қазақ даласына қарай ағыла бастады, Сырдария бойына қарақалпақтар көшіп келді. Жетісуда қазақтарды ойраттар ықсыра бастады. 42 жыл Хақназардың билік еткен тұсында Қазақ хандығының территориясына ешбір жау кіре алмады.

Халық Хақназардың атын даңқпен құрметтейді. Хақназардың атақ-даңқы тек қана қазақ халқында емес, башқұрт пен ноғай халқында да сақталды.

1586 ж. Шығайдың ұлы Тәуекел Түркістанның біраз қалаларын өзіне қаратып, Ташкентке қол созды. 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады, ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп 1598 ж. Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу жолында сәтті ұрыстар жүргізген Тәуекел бір ұрыста ауыр жараланып, Ташкетте қайтыс болады.

 

 

6.3 ХVII ғасырда қазақ хандығының саяси дамуы

 

ХVII ғ. Ташкент, Түркістан, Сайрам сияқты қалалар және басқа да мәдени облыстар Орталық Азияда қазақ хандары мен сұлтандардың қол астында болды. Осы кезден бастап Түркістан қаласы Қазақ хандығының саяси орталық резиденциясы болып қабылданды. Дегенмен Қазақстанның ішкі саяси өмірі тұрақты болмады.

Есімнің (1598-1628жж.) билігі кезінде қиын жағдайда болды. Қазақстанның Оңтүстігінде Ташкент үшін Бұхар ханымен соғысы, Шығыста ойраттармен күресі шиеленісе түсті, ал Қазақ хандығының ішінде сұлтандар арасында өзара қақтығыстар шарықтай түсті. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол»-деп атады. Есім ханның өлімінен кейін, оның орнына баласы Жәңгір (1628-1652 жж.) хан болып сайланады.

1635 ж. Жоңғар хандығының пайда болуымен қазақ жеріне жаңа қауіп төнді. Аржағынан Цинь империясы ығыстарған жоңғарлар малға жайылым және Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азиядағы сауда-өнеркәсіп орталықтарына жол ашу үшін қазақ жеріне көз аларта бастады. ХVII ғ. 20-жылдары-ақ көптеген жоңғар ауылдары Об, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерін бойлай көшіп-қонып жүрді.

Оңтүстік пен Батысқа ығысқан қазақтар жерінің шетінде жатқан өзбектерге, қарақалпақтарға, ноғайларға және башқұрттарға барып соқтығысып, олармен жерге таласа бастады.

ХVII ғ. соңында жоңғар әскері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кірді. Көптеген қазақ ұлыстарын талқандап, Сайрам, Манкент, Қараспан т.б. тоғыз қаланы тартып алды. Сайрам халқы қатты қарсылық көрсетіп Жоңғар билеушісінің мұрагерін өлтірді. Жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға қосымша күш төгіп, Сайрамды тас-талқан етіп қиратты; көптеген тұрғындарын Жоңғария мен Шығыс Түркістанға айдап әкетті. Сол кескілескен ұрыста 1652 жылы Жәңгір хан қаза табады. Ол Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің қасында Түркістанда жерленген.

Жәңгір ханның баласы Тәуке хан (1680-1715/18 жж.) тұсында Қазақ хандығының біршама күшеюі, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жеріне ұмтылысын біраз бәсеңдетті. Тәуке хан хандықтағы іштей бөлінушілікті біраз тежеп, билікті бір қолға жинап алды. Ол хан беделін көтеріп, ақсүйектер бәсекесін жиып, халықты ұйымдастыра білді. Көрші елдермен тіл табысып, тату өмір сүрудің жолдарын іздестірді. Тәуке хан тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстың негізгі принциптері «Жеті жарғы» заң жобасын жасады.

Тәуке хан биліген кезінде қазақ-жоңғар ара қатынасы шиеленесе түсті. Жоңғарлар Оңтүстік Қазақстандағы маңызды сауда қалаларын өз қарамағына алғысы келді. Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам және Созақ қалалары жоңғарлармен күресте аса стратегиялық пунктке айналды. Жоңғарлар арасындағы күрес бірінен соң бірі 1711-1712, 1714, 1717 жж. ұласты.

Тәуке хан соңғы хандардың бірі болды, оның билігі үш жүзге таралды, ал қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекетке айналды.

 

 

6.4 ХVI-ХVIII ғғ. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы

 

ХV-ХVII ғасырларда қазақтардың қоғамдық қатынасы патриархаттық-феодалдық түрде болды. Әсіресе егіншілігі дамыған Оңтүстік Қазақстанда феодалдық қатынас айқын байқалды. Ал көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеген далалық аудандарда қоғамдық өмір мен қатынастарда патриархаттық-қауымдық белгілері де сақталып қалды.

Көшпелілер қой мен жылқы, түйе, ірі қара өсірді. Жылқы көшкенде және соғыс жорықтарына мінетін көліктің негізгі түрі болды. Қой барлық жерде өсірілді. Негізгі тамақ түрі – еттен басқа тері, былғары, киім, төсек-орын, қажетті тұрмыс заттарын жасайтын жүнімен жоғары бағаланды.

Кейінгі орта ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымына монғол дәуіріндегі Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда қала мәдениеті мен егіншіліктің құлдырауының зардабы өз әсерін тигізбей қоймады. Көшпелі мал шаруашылығының басымдылығы қоғамдық қатынастарға патриархаттықты күшейте түсті.

Далалық ауданда жерді қоғамдаса пайдалану басым болды. Жайылымды пайдалануда көшпелі рулар мен қоғам мүшелері бірдей құқылы еді.

Барлық жерлерде көшпенділердің отырықшылыққа өтуі экономикалық қажеттіліктің қысымымен болды, әсіресе отырықшылыққа көшуге алдымен жағдайлары болмаған кедейлер өтті. Ал егер олар қажетті мал санымен қамтамасыздандырылса өздерінің «жер өңдеуін» оңай тастап, бар құлшыныстарымен оларға үйреншікті мал шаруашылығымен айналыса кеткен. Номадтарда көшу мүмкіндігі әрқашанда жақсы өмірдің белгісі ретінде саналды.

Қазақтарды Жетісудан, Орталық Қазақстаннан, Сырдария маңындағы аудандардан, Батыс және Орталық Қазақстаннан ығыстырған жоңғарлар шапқыншылығымен байланысты ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлардың басында қазақтардың мал шаруашылығымен айналысуының төмендеуі басталды. Қазақ тайпалары мен руларының көп бөлігі Ресей мемлекетінің шекарасына, ал кейбіреулері Орта Азия аудандарына қарай көшірілген. Көптеген қазақтар жазғы жайылым жерлерінің біраз аудандарынан айырылды. Мұның барлығы Қазақстан экономикасына барынша әсерін тигізді, ол әсіресе көшпелі мал шаруашылығында көрінді.

Бірінші рет алға жылжу қадамы қазақ экономикасында ХҮІІІ ғ-дың 40-шы жылдарынан ғана бастап байқалады. Ол алға жылжу мал басының өсуінде, қазақтардың тұрақты түрде сауда айырбасына қатысуында көріне бастайды.

ХҮІІІ ғ-да алғашқы рет шөп шабу мен жермен айналысу басталды, бұл әрине қазақтар үшін жаңа іс түрі болды. Қысқа шөп сақтауды алғашқы кезде қазақ хандары мен сұлтандары аула малы шаруашылығына дайындай бастады. Әсіресе шөп шабу казак сандарының «жалдамалы жұмысшыларымен» іске асырылды.

ХҮІІІ жүзжылдықтың ортасынан бастап Оңтүстік аудандарда, Жетісу және Батыс Қазақстан аймақтарында қазақ тұрғындарының көптеген топтарының отырықшылыққа ауысуы басталды. Жетісуда, Оңтүстік Қазақстанда ирригационалды құрылыстардың салыну себебінен шабынды жерлердің ауданы ұлғайды. «Ақ сүйектер» мен «қара сүйектерге» қазақ қоғамының бөлінуі маңызды әлеуметтік дифференциация индивидтері болды. Бірінші әлеуметтік қабат жабық индивид ұжымының өз жағынан ұсынды, әлеуметтік күштен өте алмайтын және қоғам құрылымының араласуында үлкен маңызы болды. Оған екі ақсүйек топ: төре мен қожа кірді.

Ақ сүйектерге қарағанда «қара сүйек» топтары ашық статусқа ие болды. Жеке ерекшелігімен және өз иеліктерімен олар әрбір жеке тұлға қол жеткізерлік жетістікке ие болды. Оларға би, тархан, батыр, ақсақал категориялары жатты.

Алдыңғы орындарда «ақ сүйектерге» жататын элиталы көшпелі қоғамға енетін төре (сұлтандар) ақсүйектік топты құрады. Оған Шыңғыс хан үрім бұтақтарына және жүздер структурасына генеалогиялық жатпайтын топтар құрады. Көшпелі аудандардың дәстүрлі көріністерінен, шыңғыстардың үлкен сызығы – Жошы (жошылықтар) ұрпақтарынан қазақ төрелері (сұлтандары) өз шығу тектерін енгізді.

Төре тобы қазақтардың әлеуметтік, саяси, әскери өмірінде үлкен рөл атқарды. Көшпелі қоғамның саяси жүйесінде оның ортасынан жоғары структуралы басқарушылар, яғни хандар, мемлекеттің құрылуына орталық тұрғыда өздерін көрсетті. Төре тобы жататын сұлтандар туғанынан құдайлық топқа жататын фактілі индивид және олардың алдын ала регламентация құқығын орындайтын құқық пен қоғамдық қатынастарды басқарып отыратын басшы ретінде саналды.

Көшпенділердің басқа элиталы тобына мұсылмандық мәдениет қызметін атқаратын–қожа тобы жатады, олар қазақ қоғамының рухани өмірінде маңызды рөл атқарды және мұрагерлік жолмен оларға қалып отырды. Құран оқуды заңдастырған, сүндетке отырғызу, той, жерлеу қожалардың қатысуымен өткізілді. Исламның жазық далаларында көптеп түсіндірілетін өзіндік ерекшелігі бар көшпенділер қоғамында қожалардың саяси ролі онша болған жоқ .

«Қара сүйектер» категориясының арасында әлеуметтік маңызы бар орынды қазақтарда билер тобы иеленді. Олар көшпелі қоғамда соттық басқару функциясын атқарды.

Әскери алып жүрушілерге қазақ қоғамында үлкен әлеуметтік маңызы мен саяси үстемдіктері бар батырлар саяси тобы иеленді. «Батыр» атауы ешқашан мұрагерлік жолмен қалмаған, ол атауды жеке ерліктерімен иеленген.

Салық жинау және т.б. істер атқаруда жоғарғы басқарушы үстемдіктері бар әртүрлі істері үшін марапатталған қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясында анық орын алған тархандар категориясы иеленді.

Қазақтар класында ақсақалдар қабаты көбінесе құдайлық маңызы зор болды, олар әлеуметтік-басқару функциясын қазақ қоғамында жан-жақты орындап отырды.

Әртүрлі топтармен қатар, көшпелі қоғамда құдайлық бөлікті ұсынатын және бос қоғамдастармен қатар халықтың тәуелді категориялы құлдар мен төленгіттер өмір сүрді. Төленгіт деп сұлтандар тобы қызмет ететін жеке адамдарды атады. Тәуелді халықтар қатарына сонымен қатар құлдар жатты, олар тұтқындар арасынан алынып отырды. Құлдар жеке шаруашылықта басты ролде қолданылды.

ХҮІ – ХҮІІ ғғ. Қазақстанның экономикалық және саяси өмірінде үлкен ролді айқын өндіріспен мамандандырылған қалалар жалғастыра берді. Үлкен шеберханаларда анық бір түрі бар бұйымдар шығарды, олар-су таситын құмыралар, екі құлақты құмыралар, қыш ыдыстар. Көптеген табылған криц және темір балқытатын пештерінің қалдықтары бойынша, қалада үлкен көлемде таралған металлургия және ұсталық кәсібін айтуға болады. Темірден орақ, балта, шот, сондай-ақ тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жасаған, олар – шынжырға арналған сақиналар, шегелер, ілгектер. Қолақұйғыштар көшпенділер арасында үлкен сұранысқа ие болған белдіктерге айылбастар, түймелер мен тассыз қола сақиналар жасаған.

Зергерлер түсті тастар өндірісінде ақық, отты опал, яшма, нефрит, агат, серпентинит, таулы мөлдірді кең пайдаланды. Оларды жүзікке салған, сондай ақ сол жүзіктердің өз материалы ретінде қолданды.

Сүйектен бұйым жасау-адамның еңбегіндегі ескіше түрі. Ірі қара малдың мүйізінен қымыз құюға арналған ожау жасалды. Мүйіздің қабатынан бір және екі жақты тістері бар тарақтар жасалды.

Сүйек қабаттарынан жиһазды бедерлеп өрнектеу өнері ерекше айрықшаланды: кереуеттер, азық-түлік сақтауға арналған қораптар, азық-түлік пен ыдыстар сақтайтын шкафтар, ілгіштер, зат қойғыштар, сандықтар. Қорабы мен өзі сүйектен бай оюланған қазақ домбырасы ерекше құнды болды.

Қазақ өмірінде былғарыдан жасалған әртүрлі заттар үлкен және маңызды орын алды. Теріден әр алуан киім тіккен, ал былғарыдан- аяқ киім, әртүрлі мақсатта ыдыстар, аттың ер-тұрманын әшекейледі, қабырғаға ілетін заттар, сандықтар құрастырды.

Шеберлер аттың былғарысынан қымыз құюға арналған ыдыстар жасаған. 2-3 жылқының бүтін терісі негізінен тігілген ең үлкен қымыз құюға арналған былғары ыдыс саба болды. Түйенің мойын бөлігіндегі терісінен қымыз құюға ыдыстар тіккен. Емдік сусынды тасу үшін, ешкінің бүтіндей терісінен шанаш жасады. Аттың және ірі қара малдың терісінен бие сауатын шелектер, сонымен қатар жер бөліктерін суарғанда су таситын ыдыстар дайындалды.

Көшпенділердің өмірінде бірінші керекті нәрсе–киіз үйдің әртүрлі бөліктеріне арналған киіз жабдықтары. Киіз үйдің киіз бөліктері үш түрлі жабдықтардан тұрады: киіз үйдің негізі, шаңырағы, күмбезі.

Киізден ердің астына терлік жасаған, киіз бас киімдерін тіккен, жабулар, етікке арналған киіз шұлықтар, қазан ұстағыштар жасаған. Бірақ киіз заттардың негізгі түрі киіз үйдің ішкі жағында қолданған. Пайдалы жағынан басқа да, бұл заттар сәнді-қолданбалы өнерінің үлгілері болды, әртүрлі түсте және өрнек стилінде орындалды.

Киіз үйдің әрбір киіз жабуларының баулары болады, олар киіз үйдің керегелеріне керіліп, уыққа бекем байланады. Киіз үйдің негізі сыртқы жағынан белдеумен байланып, жоғарғы жағына белдеу бау жапсырылады. Киіз үйдің төмен жағы шашақпен бөлінеді. Әр киіз үйде міндетті түрде басқұр болған. Басқұр мен керегенің негізі тартылып, киіз үй ағашының құрылысын мықтап ұстап тұрған.

Кілем тоқу ісі қазақ тоқымасының негізгі саласын құраған. Тықыр кілемдер еденге салынып немесе қабырғаға ілінген, ал түктілері-тұрғын үйдің негізгі сәні болған. Кілем тоқу ісімен аяқ қап, қоржын, үлкен аяқ қап, сандық қап, тең тоқу істері тығыз байланысты болған.

Қазақтардың киімі олардың өмір сүру кейпі мен көшудің мезгіл ырғағына сай келген.

Еркектердің жалаң денеге киетін киімі көйлек пен даңбалдан тұрған, жылдың суық мезгілінде іш киім қызметін атқарған. Көйлек сыртынан бешмет киген. Сырт киімнің көп тараған түрі шапан болған. Қыста еркектер жүні ішіне қаратылып, қойдың терісінен тігілген дамбалдар, аң, мал терілерінен сыртқы киімдер киді. Еркек киімдерінің негізгі бөлігі белдік пен бас киім болды. Жазда тақия сыртынан жұқа ақ киізден тігілген жаздық қалпақ, ал қыста айналасы аң терісінен бөрік, малақай, тымақ киді. Аяқтарына былғары етіктер мен мәсілер, ал мәсінің сыртынан былғары кебіс киді. Қыста өкшесі өте биік, қонышты шоңқайма етік – саптама етік байпақпен киді.

Әйелдердің киімінің негізгі түрлері олардың тұрмыс жағдайларына қарай мақтадан және безекті пұлдан немесе жібектен, яки мақпалдан көйлектер кестеленіп, әртүрлі әшекеймен тігілді. Жас әйелдер мен қыздар көйлек сыртынан кестеленген көкірекшелер киді. Әйелдер міндетті түрде көйлек тіккен матадан дамбал тігіп киюлері керек болды. Көйлек сыртынан қамзол мен бешметтер киді. Сыртқы киімдері шапан, ал қыста ішіне қойдың немесе түйенің жүні салынып тігілген күпі киді. Әйелдер сыртқы киімдерінің сыртынан сәнді белдіктер тақты. Әйелдер аяқ киімі еркектердікі іспеттес болды. Бас киім ретінде кестелі сопақ тақия киді. Қалыңдықтар әшекейленген сопақ төбелі сәукеле киді.

Күйеуге шыққан әйелдер үйде ақ мақта матадан тігілген басты, кеудені, арқаны жауып, беті ғана ашық тұратын кимешек киді.

Қазақтар ерте заманнан бері және ХХ ғ-ң басына дейін 12 жылдық айналымды, яғни мүшелді негізге ала отырып, ескі халық күнтізбесін кең қолданған. Қазақтар осы жүйені тек адам жасын анықтау үшін емес, сонымен қатар саяси және экономикалық өмірде де қолданған. Алтын Орда құлап, Қазақ хандығы орнағаннан кейін, ежелгі түркілерше, мүшел жүйесі бойынша жыл басы – 22 Наурыз күні, яғни күн мен түн теңелген көктемгі уақыт.

Қазақтар жұлдыздардың қозғалысын, тұрған жерін, пайда болу мен сөну мезгілін байқап үйренді. Түнде жалғыз жолда қалғанда, олардың негізгі бағдары- Темір қазық жұлдызы болды. Олар бұл жұлдыздың Солтүстікте тұрғандығын және қозғалмайтындығын жақсы білді.

Түнде уақытты және қозғалыстағы бағытты анықтау үшін, аспандағы жалғыз жұлдыз Үркер болды. Көшпенді мал шаруашылығымен өмір сүрген қазақтардың өмірі күрделі қозғалыста болатын – Шолпан планетасын бақылауға себепші болды. Жеті қарақшы барлық қазақтарға ең әйгілі және атақты жұлдыздар тобы, Жеті қарақшыға қарап қателеспей түнгі уақытты анықтаған.

Сонымен қатар, қазақтар Құс жолын да білген. Құс жолына қарап әлемнің төрт бұрышы мен уақытты анықтаған.

Ойындары мен мерекелері. Халық мерекелері (той, ас, мейрам) және ойындары–ереже бойынша атақты оқиғаға арналған және де қоғамдық сипатқа ие болды.

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ең ірі мерекесінің бірі–Наурыз (Жаңа жыл) болып есептелді. Ол күн мен түн теңелген көктем күні–22 Наурыз. Наурызға әр отбасы алдын ала дәстүрлі тағам наурыздық, наурыз көже дайындаған. Ол дәстүрлі жеті түрлі азықтан тұрды.

Қазақтардың көшпенді өміріне байланысты олардың күштілігін, ептілігін, ерлігін көрсететін ат жарыс және ат үстінде ойнауға болатын ойындар көптеп таралды.

Нанымдары мен табынушылықтары. Салттары мен дәстүрлері. Ата-бабаларымыздың табынуы олардың нанымдарында елеулі орын алды. Олар ата-бабаларының бейіттерін құрметтеді. Бейіт басында өкініштерін айтып, ант берген. Әруақтардың ашуынан қорықты. Атақты адамдардың рухтары әрине, ерекше құрметке ие болды. Аса ауыр жағдайларда солардың аттарын айтып, ұрандайтын болған.

Қазақстанда, осы қаралып жатқан уақытта ислам діні таралды. Осы дінге байланысты екі діни мереке аталып өтетін болды. Ол – ауыз бекіту соңында өтетін Ораза айт пен жетпіс күннен кейін өтетін құрбандық шалу – Құрбан айт.

Бірақ та ХҮ-ХҮІІ ғғ. Ислам қазақтардың отбасылық өміріне онша ықпал етпеді, қалыңдықтың некесін қиғанда молданың қатысуы болған жоқ. Үйлену тойында «жар-жар» әні хормен айтылып, жұбайлардың қосағы жалпыхалықтың ризашылығымен нығайды.

Дәстүр бойынша қыз қоштасарда достарымен ауылдағы әр киіз үйге кіріп, қоштасу әнін орындау керек болды. Қазақта қыздың туыстарымен қоштасуын «қыз танысу» деп атады. Ал күйеу жігіттің ауылында, қалыңдықты «беташар» әнімен қарсы алған (қалыңдықтың бетін ашу).

Күйеу бала жағынан қалың мал төлеуден басқа да дәстүрлі сыйлықтар дайындалды. Қалыңдықтың ата – аналары да құр қол қалған жоқ. Қалыңдықтың жасауы оларға қымбатқа түсті, кейде қалың малдың бағасынан асып түсті. Ата-аналары тойда киетін бас киім сәукеле мен пәуескеге тапсырыс жасады.

ХҮ–ХҮІІІ ғғ. жерлеу рәсімдері аралас болды: ислам салты бойынша және «тәңірге» табынушылық салты бойынша. Қазақтарда ақыреттегі өмірге сенімі мол болды. Марқұмның үйінде түнгі күзет салты өтті. Келесі күні қайтыс болған адам отпен аластатылып, қыстаудың жанына жерленді.

ХҮ–ХҮІІІ ғғ. қазақтардың ауызша шығармашылығы мен музыкасы кең көлемде дамыды. Ауызша шығармашылықпен ақын-термешілер мен ақын-жыраулар таныстырды. Қазақ ауызша поэзиясында Шалкиіз-жырау (ХҮғ.), Доспамбет-жырау (ХҮІғ.), Жиембет (ХҮІІғ.)– аттары аңыздарды сақтап қалды.

«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» және де басқа батырлық эпостары, салттық әндер мен ертектер ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Әндерде, поэмаларда, эпикалық аңыздарда батырлардың Отан қорғаудағы жан қиярлығы мен ерліктері жайындағы атақтары және халықтың өмірі мен тұрмыстары жайында әңгімеленді. Әлеуметтік-тұрмыстық және лирикалық поэмаларға «Қозы Көрпеш және Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз», «Сұлушаш» және т.б. жатады.

Тәттіқара, Үмбетей, Шал Көтеш–жыраулардың өлеңдері толық сақталмаған. Үмбетей жыраудың белгілі жоқтау өлеңі–Бөгенбай батырдың қайтыс болуына байланысты, оның жоңғарлармен шайқастағы ерліктері жайында мадақтап жырланады.

ХҮІІІ ғ. атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1693-1787жж.) бірнеше шығармалары сақталған. Ол көптеген дидактикалық ойтолғауларын шығарды. Тәуелсіздіктің сақталуы мен бекуін білдіретін ойтолғауы, Абылай ханды қолдап, оның жүздерді басқарудағы ісі мен әртүрлі дауларды шешуге ықпал етті. Бұқар жырау шығармалары тақырыбының бір өзегі – ол Отанға деген махаббат, патриоттық тәрбие.

ХҮІІІғ. халық ауыз шығармашылығында қазақ билерінің шешендіктері ерекше орын алады. Сыртқы жауларға қарсы күресіп, қарулы күреске шығу үшін халықты бірлікке шақырған үйсін руынан шыққан Төле бидің, қаракесек руынан шыққан Қаздауысты Қазыбек бидің, алшын руынан шыққан Әйтеке бидің және т. б. билердің шабытқа толы нақыл сөздері өз уақытында үлкен саяси маңызға ие болған.

Қазақтар өмірінде музыка өнері үлкен роль ойнады–вокалды және аспапты. Кең таралған музыкалық аспаптар–домбыра, қобыз, сыбызғы болды.

Жазу тарихы. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ тіліндегі жазу әдебиеті діни және тарихи-аңызға айналған мағынада кітап түрінде таралды, тарихи шығармалар мен генеология құрылды.

ХҮІІ ғ. қазақ тарихи әдебиетінің ең маңызды ескерткіші Қадырғали Жалаиридің «Жәми ат-таварих» шығармасы саналады. Бұл тарихи шығарма ХІІІ-ХҮІ ғғ. Қазақстанда, Орта және Орталық Азиядағы болған жағдайларды баяндайды.

ХҮІ ғ. тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати өмір сүрді, оның шығармасы «Тарихи Рашиди» Қазақ хандығының өмірінен теңдессіз деректер құрайды. Хайдар мырзаның «Тарихи Рашиди» еңбегі Каширде (1543-1546 жж.) парсы тілінде жазылған. «Тарихи Рашиди» еңбегінің негізгі мазмұны Қазақстан территориясын алып жатқан Моғолстанның және Қашқарияның тарихына, оны билеген шағатайлық хандардың тарихына, дулат тайпасының тарихына, оның Шығыс Түркістандағы билеушілерінің тарихына арналған.