Webometrics


Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің сайтв Вебометрикс халықаралық рейтингісінде II орынға ие болды.

Вебометрикс халықаралық рейтингісі (Webometrics) Испанияның Ұлттық Зерттеу Кеңесінің ақпарат және құжат орталығының зерттеу тобы- Киберметрика зертханасымен 2004 жылдан бастап жүргізіледі.

Рейтингтің басты мақсаты электрондық ғылыми баспалар мен академиялық материалдарды қолдану және ақпаратты ашу бойынша зертхана бастамаларын қолдау болып табылады. Webometrics рейтингісі зерттеу нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар жарияланатын материал сапасына да екпін қояды.

Сайттың рейтингісін анықтауға ақпарат жылына екі рет, қаңтар және шілде айларында жиналады. Нәтижесі бір айдан кейін жарияланады.

Әлемнің 20000 астам жоғары оқу орындарының сайттары талданып, 12000 сараланатын ЖОО бойынша нәтижеле ұсынылады.

Жаңа баспа 2013 жылдың, тамыз айының 2 күні жарияланды.

Ranking Web of Universities ақырғы нәтижесі бойынша ҚарМТУ қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында II орынға ие болды. Бұл ҚарМТУ ұжымы қызметінің үздік көрсеткіші!

Без рубрики