Ғылыми зертханада жазғы тағылымдамадан өту-2020 ГРАНТТЫН ұтып ал


 

 

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге  халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін ОН ЖЕТІ ГРАНТ  КОНКУРСЫН жариялайды. 

Бакалавриаттың 2-3-ші курс студенттеріне 10 ГРАНТ және де магистратураның соңғы курс студенттері мен жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге 7 ГРАНТ қарастырылған. 

ЕГЕР СЕН: 

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Бұл салада ғылыми жобаларың немесе ерекше жетістіктерің бар болса;
  • Ғылыммен айналысқың келсе және де мұны дәлелдей алсаң;
  • Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

Онда сенің: 

ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2020 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА  МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Біздің yessenovfoundation.org сайтынан және әлеуметтік желілерден (Facebook, ВК, Telegram) конкурстың талаптары туралы бағдарламаның ережесінен толығырақ біле аласыз.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАДА ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ-2020 ГРАНТТЫН ҰТЫП АЛ

 

Без рубрики