«Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумы аясындағы кездесу

2018 жылдың 18 қыркүйегінде ҚарМТУ қабырғасында «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумы аясында университеттің жетекші ғалымдарының «АрселорМиттал Теміртау»АҚ КД басшыларымен кездесуі өтті.

Делегацияны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Паршант Гойял, Көмір департаментінің директоры А. И. Черномаз басқарды.

Кездесудің негізгі мақсаты-жоғары техникалық білім беру сапасын арттыру және ҒЗЖ нәтижелі орындау, оларды өндіріске енгізу үшін білім, ғылым, өндіріс және бизнес интеграциясын күшейту.

Кездесуді ашқан ҚарМТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Ибатов осындай кездесулер ЖОО-ның ғылыми-өндірістік үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті:

– 10 жыл бойы кәсіпорындармен, Корпоративтік университет мүшелерімен бүгінде өз жемісін беріп отырған өндірістік процестерді автоматтандыру, металлургия, тау-кен өндіру салаларында көптеген жобалар жүзеге асырылды. Осы консорциумның арқасында ірі аймақтық кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында кафедралардың филиалдары жұмыс істейді,онда біздің студенттеріміз білім алып, тәжірибелік машықтарын жетілдіреді. ЖОО түлектерінің бірнеше ұрпағы ірі өңірлік кәсіпорындар басшыларының қатарын толықтырғанын сенімділікпен айта аламын. Тәуелсіздік алғаннан кейін де қарағандылық «политех» отандық индустрияға арналған кадрлардың ұстаханасы болуды жалғастыруда. Бүгінгі кездесу де жоғары оқу орындарының өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастығын нығайту және дамыту саласында жаңа пайдалы идеялармен алмасудың дәстүрлі бастапқы алаңына айналады.

Өз кезегінде, Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз ЖОО-ның кәсіпорынмен одан әрі тығыз ынтымақтастығы қажеттігін, ынтымақтастық нысандарын анықтау, ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол жоғары сапалы мамандарды даярлау мәселелерін қозғады, ортақ күш-жігермен осы саладағы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуді ұсынды:

«Біздің кәсіпорын даярланған инженерлерді өте қажет етеді және бүгінгі күні біз бірлесіп шешуге ұмтылатын көптеген мәселелер мен қиындықтар бар».

Бұл салада жұмыстар бұрыннан жүргізіліп келе жатқанын атап өту қажет. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД біздің студенттерді 2 және 3 курстардан өндірістік практикаға қуана қабылдайды. Мысалы, ҚарМТУ мансаптық өсу орталығының мәліметтері бойынша 2017-2018 оқу жылында «Арселор Митал Теміртау» АҚ КД 11 мамандық бойынша 584 студентті (2,3,4 курс) өндірістік практикамен қамтамасыз етті: «Тау-кен ісі», «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Көлікті пайдалану және тасымалдауды ұйымдастыру», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Электр энергетикасы», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер»,» «Экономика». 584 орыннан 2 және 3 курстардан 184 студент ақылы жұмыс орындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Көбінесе кәсіпорындарда тәжірибеден өткен студенттер жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін онда қызметкерлер ретінде қайтып барады. 2018 жылға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен 42 млн теңгеден астам сомаға 9 шаруашылық келісім жасалды. Қазіргі уақытта, университет ғалымдары өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыру үшін өзекті тақырыптар бойынша жобаларды әзірлеуде: радиоарналарды, интернет пен Scadaжүйелерді пайдалана отырып, техникалық және технологиялық объектілердің жұмыс режимдерін қашықтықтан мониторингілеу; агрессивті жағдайларда жұмыс істейтін металл құрылымдарды қорғау үшін коррозияға қарсы материалдарды зерттеу және әзірлеу; «АрселорМиттал Теміртау» КД шахталарында анкерлік бекітпені есептеу және қолдану жөніндегі нұсқаулықты өңдеу және сынақтан өткізу.»; өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін өлшеу, бақылау және мониторингтің талшықты-оптикалық жүйелері; орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуінің есептік, авариялық және перспективалы жылу гидравликалық режимдерін модельдеудің геоақпараттық жүйесі; газдинамикалық құбылыстардың алдын алу мақсатында көмір қабаттары свиттері массивінің геологиялық-геомеханикалық жай-күйін болжау және басқару. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастық нәтижелері арқасында бүгінде ҚарМТУ жоғары оқу орындарының Халықаралық рейтингтерінде жетекші орында тұр: тек 3 қазақстандық ЖОО ғана енген Университеттердің әлемдік кәсіби рейтингінің ТОП-600 RankPro 2017-2018ж.;  біздің ЖОО алғаш рет университеттердің ең беделді әлемдік рейтингінің — QS World University Ranking ТОП – 751+ қатарына енді. Бүгінде университет алдында өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға, өндірісті цифрландыруға, «Индустрия 4.0» жағдайында жұмыс істеу үшін мамандар даярлауға байланысты жаңа міндеттер тұр.

Жұмыс сапары барысында делегация инновациялық жобалар көрмесіне, «ҚарМТУ – Schneider Electric» зертханасына, «ҚарМТУ – FESTO» орталығына, «ҚарМТУ – Mitsubisi Electric» Казпромавтоматика орталығына, ҚарМТУ Құрметті профессоры Н.Ә. Назарбаев мұражайына, «минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі зертханасына, инновациялық технологиялар зертханасын, метан энергетика зертханасына, халықаралық Материалтану орталығы мен геологиялық мұражайға барды. Қонақтарды «қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ-мен таныстырды, инновациялық жобалардың тұсаукесері ұсынылды. Кездесу соңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД директоры А. И. Черномаз ҚарМТУ ұжымына жаңа жағдайда өндірістік үдерістерге қажетті және аса маңызды ғылыми ақпаратты қабылдап, ұсынғаны үшін одан әрі ынтымақтастықты дамыту ниетімен. алғысын білдірді.

«Корпоративтік Университет» Қазақстандағы алғашқы инновациялық-білім беру консорциумы екенін айта кеткеніміз жөн. Ол ҚарМТУ базасында 2008 жылы құрылды. Бұл бірлестіктің құрамына Ұлттық тау-кен металлургиялық, энергетикалық кешендердің негізгі компаниялары кірді, бүгінде ұйым «Арселор Миттал Теміртау», «Қазақмыс», «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Шұбаркөл Көмір», «Богатырь Көмір»сияқты 70 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды біріктіреді. Корпоративтік университет базасында ҚарМТУ-дың 60 өндірістік филиалдары жұмыс істейді, онда жыл сайын оқу үдерісіне 350-ден астам жетекші өндіріс мамандары қатысады. Сондай-ақ, мамандарды практикалық даярлау ҚарМТУ базасында құрылған 7 инженерлік құзыреттілік орталықтарында жүргізіледі. Олар TOTAL, VERSAUT, FESTO, Schneider Electric, Mitsubishi Electric, Leica Geosystems, FLUOR және ЕРАМ Systems трансұлттық корпорацияларымен бірге заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Без рубрики