29 сәуір күні ҚарМТУ-дың конференц-залында университет студенттері мен магистранттары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың әріптестері және бірге оқыған жолдастарымен кездесті.

Елбасы салған жолмен 

29 сәуір күні ҚарМТУ-дың конференц-залында университет студенттері мен магистранттары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың әріптестері және бірге оқыған жолдастарымен кездесті.

Кездесуге   т.ғ.д. Әбішев атындағы ХМИ-тың бас ғылыми қызметкері  Кабидолла Сарекенов, Теміртау қаласының құрметті азаматы, құрметті металлург Куаныш Омашев, Ермек Төлеубаев, ҚарМТУ-дың «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының профессоры, Қайрулла Қызыров келіп қатысты.

Алғашқы сөз кезегі университетіміздің ректоры, т.ғ.д. КАзҰЖҒА академигі Марат Кеңесовке берілді. Ол: «бүгін біз еліміздің Тұңғыш Президентінің әлеуметтік сананы жаңғырту, еліміздің экономикалық және саяси ахуалын жақсарту туралы идеяларын толық қолдап, сенім білдіріп отырған достары, бірге оқыған жолдастары және әріптестерімен сұқбаттасу мүмкіндігіне ие болып отырмыз.  Қазіргі таңда бәріміз еліміздің саяси өмірінде болып жатқан тарихи өзгерістерге куә болып отырмыз. Тәуелсіздігіміз тарихында мемлекетік биліктің ауысуына қатысты үлкен өзгерістер алдымызда тұр.  9 маусым күні халқымыз кезектен тыс ҚР Президентін сайлауға қатыспақ. Біздің  ойымызша,  сайлау уақытылы әрі қажетті үдеріс болып отыр.  Сондықтан біз «Nur Otan» партиясы съезінің шешімін толық қолдаймыз және таңдау жасаған Президенттікке үміткеріміз Қазақстанның көркейіп, дамуына барын салатындығына сенімдіміз»,- деді.

Сондай-ақ Жатар жылында Президент сайлауын өткізудің өзіндік маңызын атап өткен ректор: «студент жастар, дәл қазір мемлекетіміз үшін маңызды тарихи сәттерде сайлауға қатысып, өзңіздің азаматтық, әлеуметтік жауапкершіліктеріңізді жүзеге асыруыңыз қажет. Осылайша, еліміздің саяси өміріне қатысу,  мемлекеттік саясатты дамытуға өз үлестеріңізді қосыңыздар! Сіздердің белсенділігіңіз мен мәдениеттілігіңіз келер онжылдықтардағы Қазақстанның болашағын көрсетеді» — деп үндеу тастады.

Өз кезегінде Елбасының жолдастары республикалық тұрғыда өндірістік аймағымыздың маңызына тоқталып, Елбасының облысымызда өткізген еңбек жылдарын еске алды. Жастарға таңдаған мамандықтарында үздіктердің бірі ретінде инновациялар мен жаңалықтарға ашық болып, ел үшін қызмет қылу қажет деп өсиет айтты.

Кездесу әңгіме-сұқбат форматында өтіп, жастар ел ағаларымен еркін кеңесті.

 

Без рубрики